Контрольная работа по "Экономике"
Автор: alpysmeruert • Май 30, 2021 • Контрольная работа • 1,313 Слов (6 Страниц) • 213 Просмотры
1. Жалпы өтпелі кезең дегеніміз не? Біздің елімізге оның қандай қатысы бар? Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді көптеген мемлекеттер басынан өткізді. Қазақстан бұл кезеңді 1989-1996 жылдары кешірген болатын. Бұл реформа Қазақстанда 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институционалдық дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.
1991 жылы Қазақстан жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағарыстан өтті. 1992-1993 жылдары машина, әскери, құрылыс, энергетика кешендері, 1994-1995 жылдары агроөнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Қорытындылай келе бұл жылдары халық көп қиыншылыққа ұшырады. Әлеуметтік дағдарыс, тауар тапшылығы, бағаның өсуі халықтың тұрмыс деңгейін түсіріп жіберді.
2. Өтпелі кезеңнен кейін экономиканы сауықтыру мен оны щдағдарыстан шығару қолға алынды. Нәтижесінде елімізге ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер пайда болды. Олар алдымен бұрынғы сауданың орнына өндіріс пен ауыл шаруалылық салаларын дамыта бастады және бұл тұрақты қалыпта дамыды. Менің ойымша бұл қазірде жалғасуда. Біздің экономикамыз тұрақты, бірқалыпты дамуда.
3. Өтпелі кезеңде болған дағдарысты басу және ары қарай даму үшін 2010 жылы индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаның арқасында Қазақстан Республикасы Ішкі жалпы өнімнің құлдырауынан сақтанып қалды. Мысалы, Экономикалық даму және сауда министрлігінің келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан, тіпті, ең дағдарысты жылы болып саналатын 2008-2009 жылдарының өзінде ІЖӨ-нің төмендеуін емес, өсімін қамтамасыз етті. Атап айтқанда ІЖӨ 2008 жылы - 3,2 пайызға артса, әлемдік күйзелістің шарықтау шегі саналатын ел экономикасына аса ауыр тиген 2009 жылы бұл - 1,2 пайыздық өсімді көрсетті. Сөйтіп, 2010 жылы еліміздің ІЖӨ 7 пайызға өсіп, біраз уақыт «шыр айналдырған» дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келу белгілері көрінді. Өнеркәсіптік өндіріс 10,5 пайызға жоғарылады. Жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге тарта жаңа кәсіпорындар ашылды. Тарихи қалыптасқан өлшеммен статистиканы тағы да салыстырып қарасақ, 1996 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 1 мың 300 доллар шамасында қалыптасса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10 мың доллар шамасында болды. Ал орташа айлық жалақы аталған кезеңдерде 101 доллардан 526 долларға дейін артты. Ал еңбек нарығына келер болса, 90-шы жылдардың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 13-15 пайыздық көрсеткіште қатып тұрса, қазір 5,8 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша бірқатар дамыған елдермен тереземіз теңесті. Икемді салықтық-бюджеттік, ақша-кредиттік саясаттың нәтижесінде, жалпы макроэкономикалық тұрақтылық арқасында Қазақстанға 1993 жылдан бері 130 млрд. доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде жаһандық ауқымдағы қатерлі үш дағдарыстың толқынына төтеп беріп, жаңа дәуірге қадам басты. Бұның барлығы тұңғыш президентіміз Н. Назарбаевтың арқасы.
4. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды.
Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның
...