Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий по "Экономике"

Автор:   •  Март 14, 2022  •  Контрольная работа  •  3,678 Слов (15 Страниц)  •  183 Просмотры

Страница 1 из 15

МИКРОЭКОНОМИКА

ПӘНІ БОЙЫНША

ГЛОССАРИЙ

Адам капиталы – адамның өндірістік мүмкіндіктерін арттыратын, денсаулық сақтауға, білім беруге, оқытуға жұмсалатын инвестициялар.

Алыпсатарлық – белгілі бір нарықта немесе сатушылар тобынан төмен бағамен сатып алу және басқа нарықта немесе басқа топқа жоғарырақ бағамен қайта сату. Бұл – үрдік, ол арқылы клиенттер фирманың орнатқан төмен бағалары бойынша сатып алады және басқа сатып алушылар үшін сатады, өйткені олар бағалар дискриминациясын қолданатын фирмаға жоғары бағаларды төлеуге міндетті.

Ауыстыру әсері – игіліктің салыстырмалылы бағасының өзгеруі әсерімен болатын сұраныс көлеміне деген әсер.

Әл-ауқаттылық экономикасы – экономиканың балама жағдайларының болу мүмкіндігін зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі.

Баға бойынша сұраныс икемділігі – игілік бағасы 1 пайызға өзгергенде, оған деген сұраныс қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді:

Баға бойынша сұраныстың қиылысқан икемділігі – бір игіліктің басқа игілікке баға бойынша сұраныстың қиылысқан икемділігі – бұл басқа игілік бағасының бір процентке өзгеруі нәтижесінде, берілген игілікке сұраныстың проценттік өзгерісі. Егер бұл шама оң болса,  онда игіліктер бірін-бірі алмастырады, егер теріс болса, онда толықтырады. Егер баға бойынша сұраныстың икемділігі нольге тең болса, онда иигіліктер бір-бірімен байланыспаған.

Бағалар арақатынасы – бұл тұтынушының басқа бір игіліктің қосымша бірлігін тұтыну үшін берілген игіліктің қандай мөлшерінен бас тарту керектігін көрсетеді.

 Бағалар шегі – максималды баға, егер оданн артық көтерсе, онда келісім заңсыз болып саналады. Әдетте, бағаны мемлекеттік реттеу кезінде туындайды.

Бағалардың минималды деңгейі – келісім заңсыз болып саналатын минималды баға (демпингтік баға). Мысалы, еңбек нарығында минималды еңбекақы заңы осындай деңгейді тағайындайды.

Бағалық дискриминация – бір игілікке әр түрлі бағаларды ұсыну тәжірибесі. Бағалық дискриминация сатушыға өз пайдасын тұтынкшы артықшылығы көмегімен қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Балама шығындар – балама құны, жіберіліп алған мүмкіндіктер құндылығы, пайдаланбаған мүмкіндіктердің шығындары-бұл балама мүмкіндіктерге зиян белгілі бір ресурстарды пайдалану әдістерін таңдаған кезде жіберілген пайда. Мысалы, AU жер иеленуші, бұл жерде өзі шаруашылықпен айналысады-бұл осы жерді жалға бергеннен алатын табысы.

Бәсеке – шектеулі игіліктерді пайдалану құқығына ие болу үшін экономикалық агенттердің арасындағы жарыс. Экономикалық игіліктер сұрыптаудың кейбір критерилеріне сәйкес бөлінетіндіктен бәсеке пайда болады, яғни басқа қатысушылармен салыстырғанда артықшылыққа ие болуына ұмтылу. Шаруашылықтың нарықтық жүйесінде төлем қабілеті осындай критерий болып саналады.Бәсеке тек қана нарықтық жүйемен ғана байланысты емес – бұл ресурстардың шектеулілігінің нәтижесі болып табылады және әр түрлі формаларда бола алады.

Бекітілген фактор (тұрақты фактор) – фирманың өзгерте алмайтын ресурсы немесе факторы. Қысқа мерзімді кезеңде бірнеше факторлар тұрақты болады. Ал ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты факторлар болмайды.

Белсенді төлем балансы- елдің шет жерлердегі түсімінің сомасы, шет жерлерден шығыны мен түсімінің сомасының асып түсетін төлем балансы.                                                                                           

     Бертран тепе-теңдігі – нарықтағы Нэш бойыша тепе-теңдік, бірақ фирманың стратегиясы –өзінің өнімін қандай бағада сататынын таңдау. Осыдан кейін фирма тұтынушылар белгілеген баға бойынша алуға дайын өнім мөлшерін жеткізеді. Нәтижесінде шекті шығындарға тең бағалар орнатылады. Аукциондағы тапсырыстар жағдайы мысал бола алады – аукционды ұтатын фирма бүкіл тапсырыс көлемін қамтамасыз етеді. Бұл Курно тепе-теңдігіне қарама-қарсы.

...

Скачать:   txt (51.9 Kb)   pdf (200 Kb)   docx (63.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club