Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по стажировке в АҚ Астана

Автор:   •  Апрель 30, 2020  •  Отчет по практике  •  3,796 Слов (16 Страниц)  •  422 Просмотры

Страница 1 из 16

КІРІСПЕ

        06.04.2020-17.04.2020 аралығында С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің техникалық факультетінің төртінші курс студенті Жуматай Акбаян «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалында өндірістік тәжірибеден өттім. Өндірістен тағайындалған жетекшім: Ахметова Г.У. Өндірістің төрт бөлімі бар, мамандығымды жете түсіну үшін және тәжірибем мол болу мақсатында барлық бөліммен таныстырды. Жалпы, менің тәжірибемнің мақсаты мен міндеті:

        • басқару құрылымын, функцияларын және басқару әдістерін зерттеу;

        • құжат айналымын ұйымдастыруды және істерді қалыптастыруды зерттеу;

        • басқару құрылымына кіретін экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге де ақпаратты жинау, өңдеу және талдау дағдыларын иелену;

        • университетте оқу процесінде алынған дағдыларды базалық және мамандандырылған білімге қалай қолдануға болатынын білу;

        • өндірістік тәжірибе кезінде қызметкерлердің біржолғы және тұрақты тапсырмаларын (нұсқауларын) орындауға.

        Тәжірибе мақсаты - компанияның жұмысымен танысу, қызметкердің дағдыларын меңгеру, зерттеу саласында жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімді игеру, бөлім мамандарымен тіл табысып үйрену, ағымдағы мәселелер мен проблемалармен танысу, ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында жұмыс ұйымдастыруды білу.

  1. ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне айрықша назар аударды. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек… Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеді. Алдымен жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгіледі. Бүгінгі күні біздің, білім беру ұйымдарының алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде өндірістік тәжірибенің маңызы зор. Студенттерге арналған өндірістік практиканы ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңына (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Білім туралы Заң), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік тәжірибе оқу орнының студенттері орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.

Тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасы» кафедрасы барлық практиканы жүргізу келесі міндеттерді шешеді:

  • Кәсіпорындармен (ұйымдармен) байланыстарды нығайту;
  • Өзара тәжірибе алмасу кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) дамыту ұйымдастырушылық, басқарушылық, ғылыми, өнертапқыштық және ұтымды жұмыс;
  • Бөлімдегі оқу процесін жетілдіру бағыттарын түсіндіру.

Тәжірибенің мақсаттарына қол жеткізу және оның барлық кезеңдерінде міндеттерді орындау:

  • Студенттердің тәжірибенің маңызы мен рөлін саналы түсінуістандарттау және сертификаттау бойынша маманды дайындау процесі;
  • Студенттердің міндеттерді орындауына жауапты қатынасы және олардың ақылға қонымды бастамасы;
  • Студенттердің жұмыс ұжымдарымен қарым-қатынасы кәсіпорындардың (ұйымдардың) басшыларымен және барлық мамандарымен деңгейлері.

Диплом алды тәжірибе  – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндрісітік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда модульдік оқыту, дуальдық оқыту жүйелері бойынша студенттер 40 пайыз теорияда, 60 пайыз өндірісте өткізуге бағытталған. Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады. Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.

...

Скачать:   txt (56.9 Kb)   pdf (205.3 Kb)   docx (111.9 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club