Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

First Heartland Jusan Bank АҚ

Автор:   •  Июнь 4, 2022  •  Реферат  •  3,891 Слов (16 Страниц)  •  407 Просмотры

Страница 1 из 16

Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж

Многопрофильный колледж при КУ им. Ш.Уалиханова

Өндірістік тәжірбие туралы есеп

Мамандық: 0516000 «Қаржы салалары бойынша»

Біліктілігі: қаржы жұмысы бойынша экономист

Тәжірбие өту орыны: First Heartland Jusan Bank АҚ

 

Орындаған: ФК-21 тобының студенті

Жакиенова А.Б.

Қабылдаған: тәжірбие жетекшісі

Баймаганбетова А. Т.

Көкшетау 2021 жыл

Жоспар

Кіріспе бөлім

  1. Кіріспе
  2. Банк туралы ақпарат

Негізігі бөлім

  1. Банк ресурстары мен несиелік әлеуетті зерттеу
  • Банк ресурстарының құрамы мен құрылымы
  • Банктің меншікті қаражатын есептеу тәртібі
  • Банк салымдары. Депозит түрлері
  1. Банктің әр түрлі бөлімшелерінің жұмысын зерттеу
  • Пайдалану бөлімі
  • Депозиттік операция бөлімі
  • Несиелік оперция бөлімі
  • Валюталық операция бөлімі
  1. Банктердің бағалы қағаздармен операциялары
  2. Пластикалық карталармен операциялар

Қорытынды бөлім

Қорытынды

Кіріспе

Тәжірбие өту орны Көкшетау қаласы, Е. Ауелбекова к-сі 155, First Heartland Jusan Bank АҚ. Тәжірбие өту мерзімі 2021 жылдың 11 мамырдан бастап 11 маусымға дейінгі аралықты қамтиды.

Практиканың мақсаты-  оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.

  • Практиканың міндеті - банктың тарихымен, ережесімен, және  қаржы құжаттарымен танысу;  
  • Банктің меншікті қаражатын есептеу тәртібімен және оның жеткіліктілігін бағалау әдістемесімен танысу;
  • Заңды тұлғаларға есеп айырысу және ағымдығы шоттар ашу тәртібін зерделеу;
  • Жасалған банктік шот шарттарының талаптарымен, тараптардың құқықтары мен міндеттерімен танысу;
  • Банкте қолданылатын мерзімді депозиттік шоттардың түрлерімен, олардың шарттарымен танысу;
  • Депозиттік сертификаттарымен және жинақ сертификаттарымен жұмыс істеу практикасын зерделеу;
  • Банктің меншікті вексельдерімен, операцияларымен танысу;
  • Банкаралық несие алу тәжірбиесін зерделеу.

Банк туралы ақпарат

1992 жылы, First Heartland Jusan Bank АҚ (Цеснабанк) банктің негізі қаланды. 1993 жылы алғаш рет банктің Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдары ашылды. 1996 жылы Орталық Азия — Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды. 1997 жылы Степногорск және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды. 1998 жылы Азия даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған  кредиттік желілері ашылды және Дүниежүзілік банкпен Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жөнінде келісімге қол қойылды. 1998-2001 жылдары Банк Rabobank (Нидерланды) банкімен бірге «Твиннинг» институциональды даму бағдарламасына қатысты.

2000 жылы «Цеснабанк» АҚ Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына мүше болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында «Цеснабанк» « Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған деп танылды. 2003 жылы  Ауыл шаруашылық министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруға қатысушы банктердің арасында үздік деп танылды. Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңесінің шешімімен банк акциялары КАSЕ-нің «А» санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді. Банкті Еуропалық қайта құру және даму банкі ең сапалы кредиттік қоржыны бар банк ретінде атады.

...

Скачать:   txt (57.3 Kb)   pdf (200.7 Kb)   docx (169.9 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club