Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, Қазақстандық және өзге қоғамдағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайы
Автор: akanova.anel • Сентябрь 11, 2021 • Реферат • 721 Слов (3 Страниц) • 2,593 Просмотры
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Пәннің аталуы: «Әлеуметтану»
Мамандығы: Қаржы
Орындаған: Аканова Анель
Тексерген: Махмутов Б.Л
Пәннің коды: _ ФН 20-11
Алматы 2021 ж
Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, Қазақстандық және өзге қоғамдағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайы
Қазақстандағы тұрғын үй тапшылығы 28 миллион шаршы метрді құрайды. Шамамен 400 мың отбасының жеке баспанасы жоқ.Елдегі еңбекке қабілетті азаматтардың 25 пайызының ғана өз күшімен баспаналы болуға шамасы жетеді.
Мүгедек Бақытхан Жексенова Алматыда пәтер жалдап тұрады.
– Бірінші топтың мүгедегімін, көп нәрсеге мұқтажбын. Егер бағасы біздің мүмкіндігімізге лайық үй салса, ол үйде пандус пен басқа да мүгедектерге арналған жағдайлар жасалса, қалаға жақын ауданда болса, ондай пәтерден бас тартпас едім. Ешбір мемлекеттік бағдарлама бойынша үй сатып алуға шамам жетпейді. Жолдасым екеуіміз зейнетақыға күн көріп отырмыз, – дейді ол Азаттыққа берген сұхбатында
«Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасын ары қарай дамытуға қатысты ресми мәлімдемелерде табысы аз тұрғындарға арнап үй салу туралы үндеулер бар. Бұл бағдарлама бойынша әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар муниципалдық пәтерлерді жалға алып, кейін оны сатып алуына болады.
"Думан" ықшамауданы маңында баспанасыз азаматтар наразылық акциясын өткізіп, жер басып алуға тырысты. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Кей деректер бойынша, Қазақстан коммунистік халық партиясының парламенттегі депутаттары күзде әлеуметтік тұрғыда қорғалатын, жағдайы нашар отбасылар үшін қала орталығынан алыс аймақтарда баспана салу туралы ұсыныс айтпақ. Бұл идеяға бірден сенімсіздік танытқандар бар.
– Жалақысы аз азаматтарға арналған үйлер салу жобасы дайындалса деймін. Бір жерде - жер үйлер, басқа жерде көп қабатты үйлер салынып жатыр... Ауқаттыларға тиетін тұрғын үй үшін қаржы шығындап қайтеміз? 35-40 шаршы метрді де қанағат тұтатын қарапайым тұрғындар мүлдем баспанасыз жүр, – дейді парламент депутаты Қазақстан коммунистік халық партиясының басшысы Владислав Косарев Азаттыққа берген сұхбатында.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2009 жылы тұрғын үй салу құрылысы күрт бәсеңдеп кетті, қазір қайтадан артып келеді. Қазақстан статистикалық агенттігінің деректері негізінде жасалған кесте соны көрсетеді.
...