Кассадағы ақшаларды есепке алу
Автор: gulsim talapkizi • Май 19, 2019 • Реферат • 3,476 Слов (14 Страниц) • 875 Просмотры
Кассадағы ақшаларды есепке алу
Мекемелердің кассаларына қолма-қол есеп айырысулар арқылы тауарларды сату, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердің үлкен сомалары күнде түседі және жиналады. Кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі №195 бұйрығына (2007 жылғы 03 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне туралы) сәйкес Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің тәртібімен белгіленген. Бұл тәртіпті сақтау жауапкершілігі мекеме басшысы, бас бухгалтер және кассирге жүктеледі.
Сауда мекемелері мен бөлшек сауда кәсіпорындарының кассаларында олардың банк мекемелерімен келісімі бойынша белгіленген кассадағы салт ақшалар қалдығы және оларды түсімдерден пайдалану мөлшерлері (нормалары, лимиттер) шегінде ғана салт ақшалар сақтап қалады. Сауда түсімдерінен жұмсалатын ақшалардың мөлшері банктың еңбекақы және оған теңестірілген төлемдер бойынша есеп айырысуларды қанағаттандыру дәрежесіне байланысты белгіленеді. Көрсетілген мөлшерлер (лимиттер) қажет болған жағдайда қайта қаралады.
Кассирді қызметке алу немесе оның міндеттерін атқаруды басқа қызметкерге жүктеу мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Кассирді қызметке тағайындау, сондай-ақ оның міндеттерін басқа қызметкерге жүктелгені туралы бұйрық шыққаннан кейін мекеме басшысы кассирді өздері дербес дайындаған және бекіткен «Кассалық операциялар жүргізу туралы ережемен» таныстыруға міндетті, онда кассалық операцияларды жүргізу тәртібі, кассадағы ақшалар мен басұа да құндылықтарды қабылдап алу, сақтау және беру тәртібі қарастырған.
Мекеме басшысы кассирмен материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шарт жасайды да, одан қабылдайтын құндылықтар үшін толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша міндеттеме алады және «Кассалық операцияларды жүргізу туралы ережемен» таныстырғаны туралы қолхат алады. Бұл міндеттеме кассирдің жеке ісінде сақталады.
Кассаның бөлмесі бөлек және кассаларды техникалық нығайту және күзет-өрт белгі (сигнал) беру құралдарымен жабдықтау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықтануы керек. Ақшалай операциялар жүргізген уақытта кассаға кіретін есік ішкі жағынан жабық болуы керек. Касса бөлмесіне оған қатынасы жоқ адамдарға кіруге рұқсат етілмейді.
Мекеме кассалары салт ақшаларды қабылдауды Кіріс-касса ордері (КО-1 нысаны) бойынша жүргізеді. Ол бухгалтерияда жазылады да, Кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналына (№ КО-3 нысаны) тікеледі д, одан кейін бас бухгалтер немесе оған өкілетті тұлға қол қояды. Кіріс касса ордері мен тіркеу журналының нысандары төменде келтірілген.
Банк мекемесінен (ағымдағы және басқа да шоттардан) салт ақшалар алған кезде кассир Чектік кітапшаларды толтыру ережелеріне сәйкес ақщалық чек бір данада толтырылады.
Чектің барлық деректемелері (реквизиттері) толтырылғанша оған қол қоюға және мөр басуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Банктің кассасында салт ақшаларды алған кезде кассир банктің бақылаушысының қатысуымен жалпы алынған сомасын толық санап шығуға міндетті және оның чекте көрсетілген сомаға сәйкестігіне көз жеткізеді.
Мекеме кассирлерінің ақшалай билеттер мен теңгелерін қабылдап алған кезде «Ақша белгілерінің төмендігін анықтау белгілері және ережелері» атты құжатты жетекшілікке алуға міндетті. Бұл құжатпен анықталған: төмендік белгілері, төмендік банкноттың рұқсат етілген бұзылуларбұзылулары, банкноттармен ақшаларды ауыстыру тәртібі, ақша белгілерін сараптау тәртібі.
...