Исламдық және дәстүрлі қаржыландыру арасындағы айырмашылықтар
Автор: ayzhanshyntay • Февраль 2, 2022 • Лекция • 3,764 Слов (16 Страниц) • 322 Просмотры
1. Исламдық қаржыға түсінік
2. Исламдық қаржының негізгі қағидалары
3. Исламдық және дәстүрлі қаржыландыру арасындағы айырмашылықтар
Кез келген институционалды сектор оны реттеуге арналған белгіленген заңдар, ережелер мен қағидалар болған жағдайда ғана әрекет етеді. Мұсылмандардың тұрмыс салтын реттейтін ережелер ислам заңының жиынтығы - шариғатта көрсетілген. Осы заңдардың төрт қайнар көзі бар. Біріншісі - рухани білімнің түпнұсқасы және оның қайнар көзі болып табылатын қасиетті Құран кітабы. Кітап өзінің шәкірттеріне нұсқау ретінде Мұхаммед Пайғамбар арқылы берілген өсиеттерді қамтиды.
Осы заңдардың екінші дереккөзі болып хадистер табылады. Мухаммед Пайғамбардық айткаи сөздері мен іс-әрекеттері туралы қысқаша қасиетті әңгімелер немесе оған байланысты кішігірім оқиғалар Пайғамбарымыздың сүннеті негізін құрайды.
Шариғат құқығын құрайтын үшінші қайнар көз «иджма» деп аталады.
Иджма- бұл нақты мәселе бойынша немесе белгілі жағдайларда беделді ислам ғалымдарымен шығарылған шешімдер. Ислам дәстүрінде Құраннан және сүннетген дербес қорытындылар шығаруға кұкылы ғалымдар муджтахидтердеп аталады.
Төртінші қайнар көз «қыяс» деп аталады. Осы терминнің бастапқы мәні «өлшеу» немесе «екі зат арасындағы ұқсастықты жүргізу» деген сөздерден шыққан. Қыяс - ұқсастық бойынша пайымдау немесе Құранда немесе хадистерде сипатталған оқиға негізінде күрделі әрі даулы мәселелер бойынша мұджтахидтердің жаңа шешімдер шығаруы.
Ислам құқығында Құранға және хадистерге негізделген дәлелдер шариғаттық (заңды) дәлелдер деп аталады, осы екі негіз сөзсіз ақиқатты және исламның даусыз іргесін қамтитындықтан олардың дұрыстығына күмән жоқ.
Иджма мен қыясқа негізделген дәлелдер, сондай-ақ шариғат құқығының тармақтануы - фуру арқылы мәлім.
Осылайша, ислам басшылық ету қағидаларын ұсынады және әлеуметтік-экономикалық қатынастармен (муамалат) қоса адам өміріндегі барлық аспектілер ережелерінің жиынтығын белгілейді.
Қазіргі күнгі және көпшілік мақұлдаған жүйе ислам қағидаларына сәйкес әзірленген экономикалық және қаражат жүйесі қалай және қандай дәрежеде үйлестірілген?
Осы жүйе экономикалық қорларды орналастыру, өндіру, айырбастау және бөлу мәселелерімен қалай айналысады?
Оның кейбір негізгі қағидалары тиісті аналитикалық дәлдікпен қалай түсіндіріледі?
Ислам қағидаларына негізделген әлеуметтік, экономикалық немесе қаражат жүйесін қарау немесе өңдеу процесіне тартылған зерттеушілер осыларды және осыған ұқсас өзге де мәселелерді зерттейді.
Соңғы бірнеше онжылдықта бүгінгі күнгі аналитикалық терминдер көзқарасынан осы қаражат және экономика қағидалары мен қалыптарын түсіндіру үшін айтарлықтай жұмыстар жүргізілді, алайда жарияланған зерттеулерге қарамастан, «ислам экономикасы» және «ислам қаражаты» сияқты «ислам» терминін қосумен түрлі әлеуметтік ғылымда дәл анықтаманы қолдану жағынан түсінбеушіліктер бар. Оның басты себебінің бірі болып осындай жүйенің түрлі аспектілерін бүтіндей қарамай, жекелей қарау мақсаты табылады. Мысалы, «ислам қаражаты» деген термин «пайызға тыйым салатын» жүйені білдіруде жиі пайдаланылады. Алайда осы терминнің дәл сипатталмауы жанама түсінбеушіліктің туындауына негіз.
Ислам қаражат индустриясы жаһандық қаражат активтерінің кемінде бір пайызын құрайды және 2002-2012 жылдардан бастап жыл сайын 20% ғана өскен. Ислам қаржы қызметтерінің корпоративтік сияқты бөлшек нарықта да өсіп отырған сұранысы сектордың өркендеуіне себепші фактордың бірі. Банктер осы секторда негізгі сегментті құрайды және аз болса да жаһандық банктік индустрияның жаңа дамып келе жатқан сегментін ұсынады.
XX ғ. соңында - XXI ғ. басында ислам банктік ісінің кенеттен көтерілуі, ірі дәстүрлі банктердің «ислам терезелерін»
...