Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың интернет-дүкенді пайдаланудағы рөлі
Автор: aqma1996 • Май 8, 2018 • Реферат • 752 Слов (4 Страниц) • 582 Просмотры
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
«Есеп және қаржы» кафедрасы
Қаржы-301 тобының студенті С.Т.Сегізбаев
Жетекші: аға оқытушы, магистр З.К.Ержанова
Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың интернет-дүкенді
пайдаланудағы рөлі
Интернет желісі әлемдік коммуникационды инфраструктураның маңызды бөлшегі болып табылады. Ең алғашқы интернет дүкендердің пайда болуы Америка Құрама Штаттарынан бастау алады. Оның негізін құраған 1994 жылы Джефф Бизос болып табылады. Алғашында онда тек қана кітаптар, аудио, видео таспалар мен дискілер сатып алуға болатын. Жыл өткен сайын тауар түрі көбейе бастаған. Соның нәтижесінде, 2004 жылы әлемдегі интернет-дүкендерден жасалған сауда миллион долларды құраса, 2005 жылы ондаған миллион доллар болған. 2006 жылы жүз миллион долларға жеткен.
Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап, 12 жыл уақыт аралығында кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Мамандардың пікірінше, елімізде интернет-сауданың 90% жуығы міндетті түрде жабылады екен. Оған себеп тұтынушылардың интернетке көпшілігінің сенбеуі.
Интернет бизнестің тез арада жабылуының тағы бірнеше себептері бар:
- нарықтағы бағаға шамадан тыс оптимистік көзқараспен қарау;
- капитал айналымының жетіспеушілігі;
- инвесторлардың қызуғышылығының болмауы;
- тұтынушылардың қызуғышылығының болмауы.
Алдағы уақытта интернет-саудаға барлығы өтіп, бәсекеге қабілетті болу үшін жұмыс жасайды. Қазіргі уақыттың өзінде, тұтынушылардың көбісі интернет дүкендеріне өту үстінде және көптеген шетелдік сайттар арқылы тауарлар мен қызметтерді таңдауына мүмкіндік бар. Онлайн-cауда жасау өте жеңіл және шығындардың аз болуын қамтамасыз етіп жатқанына әрбір адам куә.
Онлайн-дүкендердің тауарды жеткізіп беру қызметі қазіргі кезде тек қалалы жерлерде жақсы дамып отыр. Бірақ, бұл – еліміздің ауыл-аймағындағылар онлайн-дүкеннің тұтынушысы бола алмайды деген сөз емес. Алыс жерлерде тұратын тапсырыс берушілерге қазіргі күні «Қазпошта» қызметі арқылы тауар жеткізіліп беріледі. Бүгінгі күні интернет арқылы сауда-саттықта тасымалданатын ең өтімді тауар кітап болып отыр. Яғни, көпшілік қолы жетпей жүрген кітаптарын, әсіресе, шет елдерден шығып жатқан баспа өнімдерін интернет арқылы тапсырыс беріп, ала алады. Одан кейін, интернет арқылы өтімді болып отырған тауар түрлері – DVD мен видеоойындар. Киім-кешек бұл қатарда үшінші орынды алады.
Интернет бизнес – қаржы мен уақыт үнемдеудің жаңа жолы. Өз кәсібін ашуды ұйғаратындар осы салаға қаржы салуды құп көреді. Бірақ, қазақстандық сауданың 1,2 пайызы ғана онлайн бизнеске тиесілі. Онлайн сатылатын тауарлардың ең танымал қатарына тұрмыстық техника және электроника заттары (40%), киім мен аяқ –киім (15%), автобөлшектер мен үйге арналған тауарлар (15%).
Интернетті пайдаланудағы басты ерекшелік – тауарды алу немесе қызмет түрін қарау болып табылады. Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар интернет-дүкендерден тауардың әр түрлерін қарай отыра, оларды ешқандай қиындықсыз алуына мүмкіндік бар. Интернетті пайдалануда олар онлайн түрде төлем жасап, тауардың үйге жеткізуіне мүмкіндік алады. Сондықтан да қазіргі уақытта олардың барлығы интернетпен саудаға өтіп жатыр. Осыған орай, ғаламтордың олардың жалғыздық өміріне әкелетін бірталай сезімдер бар: күлкі, өмірге деген талпыныс, сезімталдық орын алады. Көптеген қаржы кеңесшілердің пікірінше, интернетте сауда жасау арқылы адамдар дүкендерге кезекке тұрмай-ақ, үйде сауда жасап, уақытын үнемдейді. Мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың өмірге деген көзқарасы, тағдыры және өмірі де интернеттің қолында және бұл жағдайға олардың ешқандай қарсылығы жоқ.
...