Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қытай Халық Республикасының Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері

Автор:   •  Октябрь 18, 2018  •  Дипломная работа  •  20,465 Слов (82 Страниц)  •  1,083 Просмотры

Страница 1 из 82

Қытай Халық Республикасының Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері

 ( диплoм жұмысы )

       

Aлмaты


МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚAРТЫЛҒAН СӨЗДEР ТІЗІМІ................................................................3

КІРІСПЕ……………………………………………………………………..........4

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНЫҢ ГЕОСАЯСАТЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРНЫ.....................................................10

1.1 Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың зерттелуінің теориялық негіздері мен геосаяси қатынастар жүйесіндегі орны........................................................10

1.2 Қытай және ортаазиялық елдер арасындағы  қатынастардың  дамуы .....................................................................................................................17

1.3 Қытайдың Орталық Азия аймағына қатысты даму стратегиясы мен оның геосаяси басымдылықтары...................................................................................24

2 ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ ГЕОСАЯСИ МҮДДЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.......................................................................................................32

2.1 Энергетикалық ресурстар - Қытайдың геосаяси мүдделерінің негізі .......32

2.2 Орталық Азия аймағының қауіпсіздігіндегі қытайлық фактор .................40

2.3 Қытайдың Орталық Азия аймағындағы транзиттік жобалары мен экономикалық ынтымақтастығы..........................................................................47

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………........60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………….......62


ҚЫСҚAРТЫЛҒAН СӨЗДEР ТІЗІМІ

ШЫҰ — Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

ҚХР — Қытай Халық Республикасы

ҚР — Қазақстан Республикасы

ТМД — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

OA – Орталық Азия аймағы

КСРO – Кeңeстік Сoциaлистік Рeспубликaлaр Oдaғы

АҚШ — Америка Құрама Штаттары

ТАТЖ – Трансазиаттық темір жол

ӘТК — Әскери Теңіз Күштері

ОСЖД — Темір жолдар ынтымақтастығының Ұйымы

МСЖД – Темір жолдарының халықаралық одағы

БҰҰ — Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

НАТО — Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы

ЕО — Еуропалық Одақ

ҚКП — Қытай Коммунистік Партиясы

CNPC — Қытайдың Ұлттық  мұнай компаниясы

CNOOC — Қытайдың Ұлттық мұнай оффшор компаниясы

CPTDC — Қытайдың мұнай технологиясы мен даму корпорациясы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың 90 жылдары посткеңестік кеңістікте Орталық Азия сияқты жаңа геосаяси тұрғыдан маңызды аймақ қалыптасты. Ал бүгінгі күнде, дамудың ізіне түскен Орталық Азия аймағы саяси, экономикалық әлеуетінің артуына күш салу нәтижесінде, әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Сонымен қатар аймақтың географиялық орналасу ерекшеліктері, екі жақтан Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттермен шектесуі, энергетикалық және транзиттік әлеуетінің жоғары болуы, жалпы аймақтың халықаралық және аймақтық деңгейде тартымдылығын арттырады. Орталық Азия мен Қытай Халық Республикасының географиялық жақын орналасуы әрқашанда екі тараптар арасындағы қатынастар мен қауіпсіздік тұрақтылығын қажет етеді. Бұндай жағдайдың болуы ҚХР-дің Орталық Азияға қатысты геосаяси, экономикалық және саяси мүдделерінің өзгерісін бақылауды талап ете отырып, өзектілін сақтау үрдісіне ие.

Қытайлық автор Хуашен Чжао пайымдауынша, Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясаты негізгі үш кеңістікте дамиды: қауіпсіздік, экономикалық қатынастар мен энергетикалық ресурстар. Сондықтан Орталық Азия мен Қытайға ортақ қауіп төндіретін Ауғанстан мәселесі, оның салдары болып келетін есірткі тасымалы, ортаазиялық мемлекеттер мен әсіресе Қытайдың батыс аудандары үшін ортақ сепаратистік көңілдердің сақталуы, 2001 жылғы Нью-Йоркте орын алған лаңкестік актісінен кейін АҚШ-тың лаңкестікке қарсы саясаты негізінде Орталық Азия аймағында әскери базалар орналастыру арқылы аймаққа енуі сияқты жағдайдың сақталуы, жалпы қытайлық тараптардың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатын белсендіруге, мүдделерін қорғауға итермелейді.

...

Скачать:   txt (306.3 Kb)   pdf (742.4 Kb)   docx (101.9 Kb)  
Продолжить читать еще 81 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club