Банк секторының несиелік операцияларын талдау және басқару жолдары
Автор: Nazerke_s • Ноябрь 13, 2020 • Статья • 1,335 Слов (6 Страниц) • 516 Просмотры
БАНК СЕКТОРЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫ
Банк дегеніміз халық пен заңды тұлғаларға қаржылық қызметтерді коммерциялық (пайда табу үшін) негізде көрсететін мекеме. Еліміздегі екінші деңгейлік банктердің басым көпшілігі жеке және заңды тұлғалардан депозит алып, несие береді. Қазақстандағы екінші деңгейлік банктердің көбі дерлік акционерлік қоғам ретінде қалыптасқан.
Екінші денгейлі банктердің кепілсіз несие беру талаптары заң аясында және ұлттық банкпен біріге отырып қарастырылған. «Азаматтардың банктерден қарыз алу мөлшерлемесін есептеу кезінде несие беру барысында қарыз алушының барлық міндеттемелері, төлем қабілеттілігі және әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Қарыздың ең көп мөлшерін есептеу кезінде отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне күнкөріс минимумы қарыз алушының кірістерінен алынады», - деді Досаев. Президент Қасым–Жомарт Тоқаев күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар азаматтарға несие беруге тыйым салуды енгізуді тапсырған болатын.
«ForteBank» АҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, сонымен қатар «Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ қаржылық қаражаттарын депозитте орналастыру үшін сеніп тапсыратын, ҚР Ұлттық Банкі белгілеген екінші деңгейлі банктер тізіміне кіреді. «ForteBank» АҚ 20 филиалдан және 100-ге жуық бөлімшелері бар тармақталған желіден тұрады. Сонымен қатар эквайрингілік құрылғылардың кең желісі бар, олардың саны
-сауда-қызмет көрсету кәсіпорындарында 9000-нан астам pos-терминалы
-қолма-қол ақша беру пункт орындарында 200-ге жуық pos-терминалы
-800-ге жуық банкоматы
-200 cash-in банкоматы бар эквайрингілік жабдықтардың жалпы желісі бар.
2018 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша «ForteBank» АҚ-ның орналастырған акцияларының жалпы санының бес және одан артық пайызын ұстаушы Өтемұратов Болат Жамитұлы, оған Банктің орналастырылған қарапайым акцияларының 87,27% тиесілі, оның ішінде: Банктің орналастырылған 79,79% қарапайым акциялары түрінде және 7,49% ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) түрінде, олардың базалық активтері Банктің қарапайым акциялары болып табылады.
[pic 1]
Сурет – 1 «ForteBank» активтерінің көлемі және динамикасы (млрд тг).
Ескерту: автормен құрастырылды
Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 қаңтар көрсеткіші екінші деңгейлі 28 банк тіркелді. Төмендегі кесте бойынша банк активтеріне қатысты коммерциялық банктер классификациясын байқаймыз.
Екінші деңгейлі банк активтерінің 2017 жылы 1,3 трлн.теңгеге өзгеруімен салыстырғанда 2018 жылы 1,1 трлн.теңгеге (4,5%) өскен. Мұнда капиталдың біраз азаюын ескере отырып, активтерді қаржыландыру міндеттемелерінің өсууі, депозиттік базаның өзгеруі арқасында жүрді.
Кесте 1 – «ForteBank» АҚ активтерінің көлемі және динамикасы
(млрд тг)
№ | Банк атауы | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2018/2017 (%) |
1 | «ҚазақстанХалықБанк»АҚ | 4 053 | 4 890 | 5 021 | 8 667 | 72 |
2 | «Цеснабанк»АҚ | 1 939 | 2 081 | 2 153 | 1 711 | 20 |
3 | «Сбербанк»АҚ | 1 596 | 1 654 | 1 747 | 1 891 | 8 |
4 | «ForteBank» | 1 065 | 1 218 | 1 504 | 1 776 | 18 |
Жалпы активтер | 23 758 | 25 561 | 24 156 | 25 241 | 4,5 | |
Ескерту: авторлармен құрастырылды |
Алдыңғы жыл көрсеткішіне байланысты міндеттемелердің айтарлықтай өсуі көрініс табады. Корпоратив есептілікте көрсетілген маңызды өсімінің облигацияларды шығаруға қорландыруды тартуға байланысы бар. Банк депозитінің базасы жыл көрсеткішіне қарай тек 22,7 млрд.теңгеге ғана өскенін білдірді. Сондай-ақ, банк меншігінің капиталы шамалы көбейді. Банк меншігінің капиталы пайда көру нәтижесінде 19,8 млрд.теңгеден 16,3 млрд.теңгеге өсті. 2017 жылы 4,5 млрд.теңге мөлшерінде дивиденттер төленді.
...