Отчет по практике в «ANM-2016» ЖШС
Автор: Bajdauletova00 • Сентябрь 10, 2019 • Отчет по практике • 3,462 Слов (14 Страниц) • 636 Просмотры
КІРІСПЕ
Мен өндірістік практикамды Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «ANM-2016» ЖШС-да өттім. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдарымен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән қызметтерімен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде бухгалтерлік есептің маңыздылығы зор екенін барлығымызға мәлім. Ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу - бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Мен де тәжірибемді өту кезінде бухгалтерлік есептің маңыздылығын одан әрі тереңірек түсіне білдім.
Практиканы өту уақытында менің басты мақсаттарыма еңбекке қатысты заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау және тағы басқалар жатады. Мен тәжірибе кезінде теориялық алған білімімді тәжірибе барысымен бірге шыңдап, бухгалтерлік есептің өзіме жаңа қырларын аша білдім. Өз тәжірибемді бухгалтерлік есепке тиісті құжаттармен, заңдармен, бағдарламасымен және бухгалтерлердің этикасымен жұмыс жасай отырып, ұштастырдым.
Тәжірибе кезінде жиналатын барлық дағдылар студенттің өз мамандығын тереңірек түсінуіңе көп септігің тигізеді. Студент қазірден бастап теориялық білімімен қатар, тәжірибелік дағдысын шыңдаса, болашақта кәсіби маман иесі атануына жақын болады. Менің өндірістік тәжірибемнің басты мақсаты «Есеп және аудит» мамандығын жалпы оқу барысында жиналған білімімін бекіту, тәжірибе өтетін жерімен, олардың қызметімен танысу, бухгалтерлік есепке қатысты тәжірибелік дағдыларды игеру және болашақта соны қолдана алу болып табылады. Студенттер өтетін осы тәжірибенің мақсаттарына сәйкес, бірнеше міндеттерді атауға болады:
- негізгі қызметтің сипаты мен көлемімен, экономикамен, қаржы жағдайымен және нарықтағы қызметтің нормативтік-құқықтық базасымен танысу;
- кәсіпорынды басқару құрылымын талдау, жұмысты жоспарлау мен есепке алуды ұйымдастыру, персоналды басқару;
- жұмыстың экономикалық көрсеткіштерін талдау, бухгалтерияда жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері;
- кәсіпорынды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, қолданылатын бағдарламалық өнімдер;
- кәсіпорын құжаттамасының қолданыстағы үлгілерін, өтінімдерді, өкімдерді, жоспарларды әзірлеуге қатысу.
1. ТӘЖІРИБЕ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЖҰМЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Ұйымды және бухгалтерия жұмыс тәртібін, оның басқа қызметтермен байланысын зерттеу
«ANM-2016» ЖШС-ның басшысы бас директоры болып табылады, ол барлық ұйымның қызметін үйлестіреді. Кәсіпорынның жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, «ANM-2016» ЖШС ағымдағы қызметінің барлық мәселелері оның құзыретіне жатады.
«ANM-2016» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында Кенесары 40, 41 пәтер мекен-жайы бойынша орналасқан. Бұл мекеменің басты бағыты – өнер, ойын-сауық және демалыс саласында қызмет көрсету. Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметімен көзге түсіп жүрген «ANM-2016» ЖШС 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.
«ANM-2016» ЖШС шектеулі құрылымына белгілі бір функцияларды орындайтын бөлімшелерге бөлінеді. Әрбір бөлімше ұйымдастыру жоспарында да бөлінген, әкімшілік-шаруашылық есептегі дербестікке ие, яғни бас директор әрбір бөлімше үшін белгілеген өз құзыреті шегінде тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдауға және орындауды қамтамасыз етуге құқылы.
Әрбір бөлімшенің басында бастық тұр. Барлық бөлімшелер өздері құрылатын өз қызметін тікелей жүзеге асыратын бөлімдер болып бөлінеді. Бұл барлық негізгі басқару, қызмет көрсету, өткізу және т. б. функцияларын орындау бөлімдері.
...