Аудиторлық дәлелдеулер
Автор: akmeiyr • Март 26, 2023 • Реферат • 597 Слов (3 Страниц) • 143 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
«АУДИТОРЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕУЛЕР»
Дайындаған МА-21 студенті: Ергеш А.
Жетекшісі: Алибекова Б.А.
Астана, 2023
Аудиторлық дәлелдерді алу әдістері - аудиторлық процедуралар деп аталады. Аудит барысында аудиторлық дәлелдер алу үшін қолданатын аудиторлық процедуралардың түрлері өте көп. Ал, аудитор осы процедуралардың ішінде қайсысын таңдап жүргізу керектігін білу керек. Керек жағдайда тиімді аудиторлық процедураларды жүргізіп сенімді, әрі дұрыс аудиторлық дәлелдер алу аудитордың кәсіби біліктілігін көрсетеді. Аудитор тексерілген қаржылық қорытындыда есептің дұрыстығын дәлелдеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екеніне сенімді болуға тиіс.
Аудиторлық дәлелдерді жинауда «Аудиторлық дәлелдер» аталатын 500 Аудиттің Халықаралық Стандартына сәйкес аудитор қолданатын процедураларға инспекциялау, қадағалау, сұрау жүргізу, қайта есептеу және талдамалық процедуралар жатады.
Ең алдымен, бірінші процедураға тоқталып өтсек, инспекциялау - құжаттарды, жазбаларды және материалды активтерді тексеру деп бөлінеді.
Жазбалар мен құжаттар инспекциялау - ішкі және сыртқы құжаттарды қағаз немесе электронды түрде тексеру. Материалдық активтерді инспекциялау немес түгендеу активтерді физикалық тексеруден тұрады. Материалдық активтерді инспекциялау активтер бар екенін растайды.
Инспекциялаудың мықты жағына келер болсақ, құжаттарды тексеру аудиторларға шот-фактуралардың, келісім-шарттар мен келісімдердің нақты шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл аудиторларға операциялардың бухгалтерлік есепке қатесіз тіркелгендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Материалдық активтерді тексеру аудиторларға материалдық ресурстардың тікелей жеке мәліметтерінің болуын, мысалы қорлар мен құрал-жабдықтар және техниканың барын ұсынады. Бұл процедура, негізінен, дәлелдемелердің бар болуына мүмкіндік береді.
Екінші процедура – қадағалау. Қадағалау - операцияларды орындау кезінде жасалған құжаттарды тексеруді қамтиды, бұл есепке алу жазбаларында дұрыс тіркелғен құжаттардан алынған ақпарат екендігін анықтайды. Аудиторлық дәлелдерді алуда қолданыдатын қадағалау әдісі – бұл жүргізілетін процедураларының орындалуын байқау. Аудитті қадағалау процедурасын орындау кезінде аудитор өзінің көру және логикалық қабілетін пайдаланады.
Қадағалаудың мықты жағы, аудитор тауарлық-материалдық қорларды түгендеуі немесе аудиторлық іздер қалдырмайтын тексеру шараларының орындалуын бақылайды. Ал әлсіз жағына келер болсақ, бұл аудиторлық процедура тек ол орындалған сәтке ғана уақыт бойынша шектеледі, ол аудиторлық процестің немесе процедураның орындалуына әсер етуі мүмкін.
...