Бизнес-жоспар «Уазырхан» шаруа қожалығын кеңейту
Автор: Erke.97 • Декабрь 5, 2023 • Реферат • 1,839 Слов (8 Страниц) • 122 Просмотры
[pic 1][pic 2][pic 3]
Бизнес-жоспар
[pic 4]
[pic 5][pic 6] 2023 жыл
Зайсан қаласы
- ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ.
Осы бизнес-жоспарда ұсынылған барлық ақпарат қатаң құпия болып табылады. Мазмұнмен танысу жоба жетекшісінің немесе оның өкілінің келісімімен ғана мүмкін болады. Осы бизнес-жоспармен танысушы өзіне жауапкершілік алады және автордың алдын ала келісімінсіз ондағы ақпараттың таратылмауына кепілдік береді. Бүкіл бизнес-жоспарды, сондай-ақ оның жекелеген бөліктерін (атап айтқанда, алынған есептер мен қаржылық көрсеткіштерді) көшіруге, өзгерістер енгізуге, сондай-ақ ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Егер нақты бизнес-жоспар оны жүзеге асыруға қызығушылық тудырмаса, оны авторға қайтаруды сұраймыз.
2.АЛДЫН АЛА АҚПАРАТ
Атауы және жоба мәні | «Уазырхан» шаруа қожалығын кеңейту |
Жоба авторы | Жусупов Болат |
Жобаны іске асыратын орын | Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Көкжыра ауылы |
Қолданыстағы немесе ұсынылған өнім секторын жіктеу | Мал саны өсуіне байланысты шаруа қожалықты кеңейту |
Инвестиция мөлшері | 18 млн 500000 теңге |
Шаруашылық аумағын ұйымдастыру жолында төмендегі ережелер сақталады:
1) жаңа мәдени ландшафтарды қорғау және жасау:
2) жер пайдалануда бос жерлердің болмауы және шаруашылықты ұйымдастырудың прогрессивті, ғылыми негізделген жүйелерін енгізу үшін ұйымдық-аумақтық жағдайлар жасау болып табылады:
3) шаруа қожалықтағы жұмыскерлерге жағдай жасау:
3. ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Бұл жобаның негізгі мақсаты –Көкжыра ауылында шаруа қожалықты кеңейту.
Жоба тұжырымдамасы 30 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын әкелу және ет өнімін сатылымға шығару. Келешекте қосалқы түрде техникалар сатып алу жоспарда бар. Шаруашылық жұмысы қарқынды дамып, жұмыспен адамдар қаптылып отыр.
Жобаның мақсаты:
- Зайсан ауданындағы шаруашылықтардың селекциялық асылдандыру жұмыстарының артыру;
- Жалға берілген бұқаларды кейіннен бордақылап, ауданның ет өндірістік көрсеткішін арттыруға мүмкіндік беру;
- Өңірдің климаттық-табиғатын дұрыс пайдалану;
- Озық тәжірибелер енгізу. Шаруашылық қызметтің түрлері:
- қазақтың ақбас тұқымын көбейту және өсіру
- ет өнімдерін сату
- жұмыссыз адамдарға жұмыс тауып беру
- ұсақ мал шаруашылығын да дамыту
Кәсіпорын қызметінің мақсаты қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс алу болып табылады. Тұтынушыларды келесі топтарға бөлуге болады:
- ет сататын дүкендер;
- сүт қабылдайтын арнайы орындар
1-кесте Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар:
Шығындар | 2023 жыл | Бөлігі |
Негізгі капиталға инвестициялар | 18 млн 500000 теңге | 100% |
Айналым капиталы | 0 | 0 % |
Барлығы | 18 млн 500000 теңге | 100% |
Жобаны қаржыландыру басқа да шаруа қожалықтар арқылы келісім жасап мал сатып алу арқылы және өз қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
2кесте –Қаржыландыру көзі
Қаржыландыру көзі | 2023-2024 жыл | Кезең | Бөлігі |
Өз қаражаты | 18 млн 500000 теңге | Қыркүйек-қазан айлары | 100% |
Барлығы | 18 млн 500000 теңге | 100% |
...