БҰҰ мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы
Автор: ayazhan020210 • Сентябрь 19, 2020 • Практическая работа • 483 Слов (2 Страниц) • 1,839 Просмотры
№1 тақырып.
Практикалық жұмыс.
- БҰҰ мыңжылдық декларациясы және «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы.
Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) – 2000 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында Мыңжылдық Саммитінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мүше мемлекеттердің қабылдаған. Декларацияда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тарату және желілердің ғаламдық өзара қосылуы адамзаттық прогресін жеделдету үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, білімге негізделген қоғамның қалыптасуына, сондай-ақ медицина және энергетика сияқты түрлі салалардың ғылыми техникалық инновациялық қызметінің дамуы үшін АКТ-ның рөлі маңызды деп көрсетілді.
- Мыңжылдық декларацияның тұрақты даму мақсатының жетістіктері және АКТ – дың арасындағы байланыс.
Бұл кедейлікті азайтуға ықпал жасайтын және адамдар өмірін елеулі жақсартуға көмектесетін қажетті ақпарат пен білім барынша қолжетімді болатын, миллиондаған адамға жаңа технология көмегімен мүмкіндіктер ашатын әлем болып табылады. Бірақ бұл тұрақты даму үшін барлық халыққа прогресс ретінде қызмет жасалынатын ынтымақтастық пен құндылықтар арқылы өзара тәуелділік дамыған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. АКТ даму барысын айтар болсақ, онда соңғы жылдары Азия және Тынық мұхиты «керемет дәреже аймағы» болды.
- Қоғам дамуының негізгі секторларындағы АКТ – дың рөлі.
Aқпaрaттық-коммуникaциялық технологиялaр бaрлық қоғaмдық қaтынaстaрды түбегейлі өзгертеді. Жaңa aқпaрaттық-коммуникaциялық технологиялaр қызметтер мен өнімдерді өндіру әдістерін өзгертіп қaнa қоймaй, сонымен қaтaр aзaмaттық құқықтaрды жүзеге aсыру, тұлғaның өзін-өзі жетілдіру, білім aлу үшін, келер ұрпaқты тәрбиелеу және бос уaқытты өткізу үшінде жaңa мүмкіншіліктер тудырaды. Aқпaрaттық қоғaмдa қaшықтық қысқaрып, жaһaндaну болaды, aймaқтaр үшін бұрын-соңды болмaғaн мүмкіншіліктер туaды.
- АКТ – дың анықтамалары.
АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу үрдістері мен әдістері, сондай-ақ әлсуметтік, экономикалык және мәдени аспектілердің мәселелерін озара байланыстыратын ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің жиынтығы болып табылады, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалык және мәдени аспектілерге сәйкес (ISO/IEC 38500: 2008) жүзеге асырылады.
...