Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнімділігі жылына 250000 тонна мұнай болатын АВҚ қондырғысындағы бензинсіздендіру колоннасын есептеу (көрс.К-1)

Автор:   •  Январь 28, 2019  •  Курсовая работа  •  5,682 Слов (23 Страниц)  •  1,065 Просмотры

Страница 1 из 23

КІРІСПЕ

Мұнай - жердің қалдық қабатына көп тараған сұйық, жанғыш минерал. Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл бұрын байқаған. Мұнай және одан жер бетіне бөлінетін табиғи өнімдер - асфальттар және битумдар адам баласына көптен белгілі. XVIII ғасырдың соңынан бастап мұнай өңдеудің өнімі – керосинді үйлерді және көшені жарықтандыруда пайдалана бастады, ал XIX ғасырдан бастап ішкі жану қозғалтқыштарын ойлап табуға байланысты мұнай өнімдері әр түрлі жол көліктерінде негізгі отын болды.

Мұнай судан жеңіл және онда іс жүзінде ерімейді. Оның тұтқырлығы құрмына байланысты, бірақ барлық жағдайда судың тұтқырлығынан жоғары. Мұнайдың орысша атауы нефть - ол нафат деген, ағын жиналушы, ағын шығушы мәнін беретін парсы сөзінен шыққан.

Мұнайдың түзілуін анықтау – қазіргі ғылымның ең күрделі проблемасы болып табылады. Геологтар мен химиктардың басым көпшілігі мұнайдың түзілуінің органикалық жолын жақтайды, бірақ кейбір ғалымдар мұнайдың анорганикалық заттардың әр түрлі химиялық өзгерісінің нәтижесінде табиғатта абиогенді тәсілмен түзілуін жақтайды. Мұнай және мұнай өнімдері көмірсутекі емес қосылыстардың қоспасын құрайды, оларды жеке тәсілдермен бөлу мүмкін емес. Әдетте мұнайды және мұнай өнімдерін айдау тәсілі көмегімен күрделілігі аздау бөліктерге бөледі. Мұндай бөліктерді фракциялар немесе дистилляттар деп атайды. Мұнай фракцияларының жеке қосылыстардан айырмашылығы, тұрақты қайнау температурасы болмайды. Олар белгілі аралық температурада қайнайды, яғни, олардың бастапқы қайнау (бқ) және соңғы қайнау (сқ) температурасы болады. Бастапқы және соңғы қайнау температурасы фракцияның химиялық құрамына байланысты. Мұнайдың фракциялық құрамына қарап, одан қандай мұнай өнімдерін және қандай мөлшерде алуға болатынын анықтайды.

Мұнай және мүнай өнімдері көмірсутекті емес қосылыстардың қоспасын құрайды, оларды жеке тәсілдермен бөлу мүмкін емес. Мұнайды өндіргенде алынатын өнімдер жеңіл алкандар және алкендер, сұйық және қатты парафиндер, ароматикалық көмірсутектер. Мұнайды компоненттерге бөлуді мұнайды біріншілік айдау процесі деп атайды. Әдетте мұнайды және мұнай өнімдерін айдау тәсілінің көмегімен күрделілігі аздау бөліктерге бөледі. Мұнайды айдау үшін атмосфералық вакуумдық қондырғы пайдаланылады. Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының технологиялық режимі өңдеуге түсетін заттың сапасына , алынатын өнім ассортиментіне және технологиялық процесстің ерекшелігіне байланысты. Мұнай және мұнай өнімдерін фракцияға бөлу үшін айдауды біртіндеп немесе бір рет буландыру арқылы іске асыруға болады. Біртіндеп буландырумен айдаған түзілуші булар айдаушы аппараттан үздіксіз шығарылады, олар конденсацияланады, конденсатор-тоңазытқышта суытылады және қабылдаушы ыдыста дистиллят фракциялары есебінде жиналады. Бұған қарама-қарсы, егер қыздыру процесінде түзілуші булар қажетті температураға жетпей тұрып, қыздырушы аппараттан шығарылмаса, онда бу фазасын бір кезекте сұйық фазадан бөледі де, процесті біртін деп буландыру мен айдау дейді.Мұнайлар мен мұнай фракцияларының фракциялық құрамын анықтау үшін лабораторияда айдаудың мынадай бес әдісі ең көп қолдану табуда:

- орта температурада жүргізілетін айдау – 350 С дейін қайнайтұғын мұнай өнімдері үшін;

- 350 С жоғары температурада қайнайтын сұйықтарды вакуумда айдау;

1.Өндірістік қондырғы сипаттамасы

Мұнай өте күрделi парафиндер, нафтендер, ароматикалы жəне аралас көмірсутектердің бiр-бiрiнде еритiн, молекулалық массасы жəне қайнау температуралары əр түрлi қоспалардан тұрады. Оны бiрегей жеке компоненттерге бөлу мүмкiн емес жəне ондай бөлу мұнай өнiмдерiн өндiрiсте пайдалануда қажет емес те. Іс жүзiнде мұнайды көмiрсутектерiнiң фракцияларына жəне топтарына бөледi де,

...

Скачать:   txt (76.2 Kb)   pdf (115.7 Kb)   docx (34.1 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club