Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химия ғылымының көрнекті ғалымдары

Автор:   •  Декабрь 2, 2019  •  Курсовая работа  •  9,359 Слов (38 Страниц)  •  607 Просмотры

Страница 1 из 38

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру ісін жан-жақты дамыған үрдісте жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Қазіргі кезде еліміз үшін қоғам өмірінің барлық салаларына еркін араласа алатын білімді және шығармашылық іс-әрекетке бейім  білімді жас ұрпақты даярлау өзекті мәселе болып отыр. Осы аталған басымдақтардың бірі ретінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім беруді сапалы дамытудың жаңа сатысына көтерілу болып табылады. Осы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу барысында Орта мектепте білім беруге, оның ішінде химиядан білім беруде әдістемелік жүйесіне айтарлықтай көңіл бөлінуде. Орта мектепте химиядан білім беру әдістемесін жетілдіріп, оны қазіргі заман талабына сай дәрежеге көтеру үшін біз бүгінгі күнгі оқулықтарды  ғана емес, сонымен қатар өткен кезеңдерде жазылған  оқулықтардағы озық педагогикалық және әдістемелік ой-пікірлерді жаңғыртып, оларды  тиімді пайдалана білуімізге ұмтылуымыз  қажет.

Көрнекілік ретінде оқушыларға ғалымдардың шығармашылықтарын таныстыру пәнге деген қызығушылықтарын арттыру құралы болып табылады. Химия саласындағы отандық ғалымдардың еңбектерін танытады, олардың еңбектерін салыстыруға, талдауға, білімін жаңа қосымша ақпарат арқылы толықтыруға мүмкіндік береді. Білім алушы жұмыстың өзіне тән әдістері мен тәсілдерін қолдануға мүмкіндік алады.

Химия ғалымдарының еңбектері осы заман талабына сай, орта мектептерде білім беру жүйесін одан әрі дамыуға, әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау мақсатында оқушылардың химия мамандығына деген қызығушылықтарын арттыруға оқу құралы ретінде пайдаланылады. Химияда ғылыми жұмыстардың алға жылжуы тікелей білікті ғалымдарға байланысты. Оқушыларға ғалымдардың еңбектері мен жетістіктерін айту арқылы оларға ғылым туралы жаңа ой салынады. Білім алушыға отандық ғалымдар еңбектері мен қиыншылықтары жайлы жаңаша осы ғасыр ақпараттарын жеткізіп, оны ары қарай дамытуға мүмкіндік беріледі. Оқушыларға индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы химия өнеркәсібін дамыту деген түсінік беріледі. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері оқытылады. Ғалымдар жайлы, Қазақстанда қолданылатын химиялық технологиялар жайлы ақпарат тереңдетіледі.

Ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқытуды көрнекілік ретінде қолданып оқушыларды химия өнеркәсібіне баулиды, пәнге деген, болашақта химия маманы болуға қызығушылықты арттырады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ химия ғалымындарының ғылыми еңбектерін оқу үрдісіне енгізу жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ғалымдардың шығармашылық биографиясын оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, Отандық химия ғалымдары жайлы білімдерін тереңдету. 

Зерттеудің міндеттері:

  • Химия саласындағы қазақ ғалымдарының шығармашылық биографиясына, ғылыми еңбектеріне шолу жасау;
  • Мектеп курсында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ғалымдардың шығармашылық биографиясын көрнекілік ретінде пайдаланып оқытудың формаларын, әдіс тәсілдерін іріктеу;
  • Химиялық экспериментті ұйымдастыру бойынша ғылыми еңбектерді оқу үрдісіне енгізу жолдарын зерттеу және тәжірибелік тұрғыдан анықтау.

Зерттеу объектісі. Отандық химия ғалымдарының ғылыми еңбектері.

Зерттеу пәні. Отандық химия ғалымдарының ғылыми еңбектерін оқу үрдісіне енгізу жолдары.

Зерттеу көздері. Отандық химия ғылымына байланысты оқулықтар мен оқу құралдары, мақалалар мен ресми  құжаттар, химияның оқу бағдарламалары, және оқулықтары, мерзімді педагогикалық басылымдар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.

...

Скачать:   txt (143.5 Kb)   pdf (623.4 Kb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 37 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club