Тест по "Химии"
Автор: aidabekzatkyzy • Февраль 28, 2024 • Тест • 2,533 Слов (11 Страниц) • 94 Просмотры
- Қазіргі заманға сай органикалық қосылыстар неше белгі бойынша бөлінеді?
а) 5
ә) 4
б) 3
в) 2
- Электрофильді бөлшек қандай зарядты?
а) оң
ә) теріс
б) заряды жоқ
в) тура
- Органикалық химияда неше реакциялардың бағыты бар?
а) 2
ә) 3
б) 4
в) 5
- Қосылу реакцияларының түрлерін көрсетіңіз?
а) радикалды, электрофильді,нуклеофильді
ә) ионды, полимерлену
б) полимерлену, элимирлену
в) орынбасу, каталитикалық
- Ковалентті σ – байланыс қалай түзіледі?
а) электрондарды беру арқылы
ә) көміртек электронының орбиталы басқа атом электронының орбиталымен қабысуы арқылы
б) гибридтелген электронды орбитальдар қырынан қабысуы арқылы
в) таза р-электронды орбитальдарының қырынан қабысуы арқылы
- Ковалентті π– байланыс қалай түзіледі?
а) электрондарды беру арқылы
ә) көміртек электронының басқа атом электронының орбиталымен қабысу арқылы
б) гибридтелген электронды орбитальдарының қырынан қабысуы арқылы
в) таза р-электронды орбитальдарының қырынан қабысуы арқылы
- Индуктивті эффект дегеніміз не?
а) электронды әсердің қосарланған жүйесі бойынша берілуі
ә) σ-байланыс бойынша электронды әсері
б) π -байланыс бойынша электронды әсері
в) электрон тығыздығы тегіс емес таралуы
- Ковалентті байланыстың гомолитикалық үзілу нәтижесінде не түзіледі?
а) катиондар
ә) аниондар
б) бос радикалдар
в) катиондар және аниондар
- Ковалентті байланыстың гетеролитикалық үзілу нәтижесінде не түзіледі?
а) катиондар
ә) аниондар
б) бос радикалдар
в) катиондар және аниондар
- Мезомерлі эффект дегеніміз не?
а) электронды әсердің қосарланған жүйесі бойынша берілуі
ә) σ-байланыс бойынша электронды әсері
б) π -байланыс бойынша электронды әсері
в) электрон тығыздығы тегіс емес таралуы
- Қаныққан көмірсутектер табиғатта кеңінен таралған. Газ күйіндегі алкандарды көрсету.
а) С1-С4
ә) С5—С15
б) С8—С16
в) С16 және >
- Изобутанның молекуласында қанша біріншілік көміртек атомдары бар?
а) 1
ә) 2
б) 3
в) О
- Диметилэтилметанның молекуласында неше екіншілік көміртек атомдары бар?
а) 1
ә) 2
б) 3
в) О
- Пентанның неше изомері бар?
а) 1
ә) 2
б) 3
в) 5
- Хлорлы метил мен металл натрий жене 2—хлорпропан әрекеттескенде алкан түзіледі. Түзілген алканныңқанша көміртек атомдары бар?
а) 1
ә) 2
б) 3
в) 4
- Жүйелі номенклатура бойынша 2,3 — диметилбутан деп аталатын алканның формуласын көрсет:
а) С6Н14
ә) С6Н12
б) С6Н10
в) С6Н6
- Метанныңөнеркәсіптегі көзін көрсет:
а) С + 2 Н2 → СН4
ә) табиғи газ
б) мұнай
в) спирт
- 2—иодпропанға иодты сутекпен әсер еткенде қандай реакция өнімі түзіледі?
а) пропан
ә) пропен
б) пропин
в) иодты пропил
- Зайцев ережесі бойынша алкандардағы қай көміртек атомы бойынша орынбасу реакциясы жеңіл жүреді?
а) үшіншілік
ә) бipiншiлік
б) екіншілік
в) төртіншілік
- Коновалов реакциясы жағдайында С5Н12 көміртек үшіншілік мононитротуындыға айналады, бастапқы алканның құрылымы қандай?
а) 4-пентан
ә)2-метилбутан
б)2,3-диметилбутан
в)2,2-диметилпропан
- 7 көміртек атомы бар алканның формуласын көрсет?
а) С7Н14
ә) С7Н8
б) С7Н16
в) С6Н12
- Қандай қосылыстар құрылымдық изомерлер деп аталады?
а) молекулалық формуласы бірдей, құрылысы әртүрлі
...