Тест по "Химии"
Автор: 15092003 • Сентябрь 13, 2021 • Тест • 765 Слов (4 Страниц) • 355 Просмотры
КҮКІРТ
Күкірт: VІA топша элементі
Күкірттің электрондық формуласы: 1s22s22p33s23p4
Күкірттің соңғы энергетикалық қабатында валенттік электрон саны: 6
Б.з.б. 900 жылдан бері келе жатқан элемент: күкірт
Жер қыртысындағы күкірт мөлшері: 0,1%
Күкірт көп болады: шаштағы каротинде, құстардың қауырсынында, жануарлардың жүнінде
Аз мөлшерінің іш жүргізетін әсері бар: күкірт
Денедегі жараны емдеуге пайдаланады: күкірт қосқан майды
Күкірт қосылыстары кездеседі: сульфаттар, сульфидтер түрінде
Қазақстанда құрамында күкірті бар минералдың ішінде көп тарағаны: барит BaSO4
Күкірт: сары түсті, қатты кристалды зат
Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері: ромбтық, моноклинді, пластикалық
Едәуір тұрақтысы: ромбтық күкірт
Ромбты күкірт: иіссіз, суда ерімейтін сары түсті, морт сынатын кристалл
Тізбегі тәжге ұқсас тұйықталған жабық оралымды ромбты пішінді молекуласы: S8
S8: 1190С-та балқиды да, сары қоңыр түсті сұйықтыққа айналады
Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы: сақина түрінде тұйықталған сегіз атом
Қайнаған күкіртті жылдам суытқанда түзілетін ұнтақ: күкірт түсі
Ағаш қалыптарға құю арқылы алынған таяқша тәрізді түрі: таяқша күкірт
Күкірт ерімейді: суда
Күкірт нашар ериді: спирт пен эфирде
Күкірт жақсы ериді: күкіртті көміртекте(CS2)
Күкіртті оттекте жаққанда жанады: көгілдір жалынмен
Күкіртпен сульфид түзбейтін металдар: алтын, иридий, палладий
Демеркуризация процесі: S+Hg=HgS
Күкіртсутектің тұздары: сульфидтер
Күкіртсутек қышқылы мен оның тұздарына анықтағыш реактив: қорғасын нитраты
Күкірттің химиялық қасиеттері: S+2H2SO4(конц)=3SO2+2H2O ; S+HNO3=H2SO4+2NO
3S+2KClO3=3SO2+2KCl
Диспропорциялану реакциясы: 3S+6KOH=K2SO3+K2S+3H2O
Дүниежүзілік күкірт өндірісінінің 50%-ы жұмсалады: күкірт қышқылын алу үшін
Күкірт қолданылады: резеңке өнеркәсібінде, жасанды талшық өндіруде, қопарылғыш заттар алуда, органикалық синтез өндірісінде, ауыл шаруашылығында, сіріңке жасауда, тері ауруларын емдеу үшін майлар дайындауда,қара оқ-дәрі дайындауда, зиянкестермен күресте, көксағызды вулканизациялауда
Өсімдік зиянкестерімен күресу үшін пайдаланылады: сары күкірт ұнтағы
Көксағызға белгілі бір мөлшерде күкірт қоссақ: оның беріктігін, серпімділігін арттырады
Көксағызға белгілі көп мөлшерде күкірт қоссақ: эбонит алынады
Көксағыз бен майдың еріткіші: күкіртті көміртек СS2
Күкіртті алады: саф күкірт көздерінен
Өнеркәсіпте күкіртті алады: ұңғыма арқылы қыздырылған бумен сафты күкіртті балқыту арқылы
Зертханада күкіртті алады: күкіртсутекті не метал сульфидтерін тотықтыру арқылы
Күкіртсутек: шіріген жұмыртқа иісті, түссіз газ, -600С-та сұйық күйге ауысады, -860С-та қатаяды, өте улы, оның өте аз мөлшерінен тыныс алғанда адам есінен танады, тіпті өліп кетуі де мүмкін
Күкіртсутек кездеседі: табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында, минералды суларда, мұнай және табиғи газдармен бірге
Күкіртсутек тыныс алғанда: гемоглабинмен байланысып, сал ауруын туғызады
Күкіртсутекпен улану белгісі: иіс сезу сезімі жойылады, бас ауырады, жүрек айниды
Судың 1 көлемінде ериді: 2,5 көлем күкіртсутек
Күкіртсутек: тотықсыздандырғыш
...