Тест по "Химии"
Автор: aruuuu2002 • Сентябрь 8, 2021 • Тест • 597 Слов (3 Страниц) • 298 Просмотры
Төменде берілген элементтердің қайсысы макроэлементке, қайсысы микроэлементке жатады?
Химиялық элементтер Қызметі Макроэлемент немесе микроэлемент
Натрий, калий, хлор Жасуша ішілік қысымды, жүйке импульстарының пайда болуын қамтамасыз етеді.
Йод Заттардың алмасуына қатысады, қалқанша безінің гормондарының маңызды компоненті болып табылады
Мырыш Инсулин гормонының құрамына кіреді
Азот, оттегі, сутегі, көміртегі Жасушаның органикалық заттарын құрайды
Фосфор, күкірт Нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрамына кіреді
Кальций Тістің, сүйектің, жасуша қабығының синтезіне қатысады
Мыс Фотосинтез бен тыныс алуға қатысады
Магний Хлороофилл құрамына кіреді, фотосинтезге, ақуыз синтезіне қатысады
Кобальт В12 дәруменінің құрамына кіреді
Темір Фотосинтезге, кейбір ферменттердің құрамына кіреді
Фтор Тіс эмалінің құрамына кіреді
Биохимия сабақтарында тәжірибе жұмыстары әр түрлі қышқылдар, негіздер, электр аспаптары мен басқа да жабдықтар кеңінен қолданылады. Мұның барлығы арнайы қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді. Реактивтермен, қышқылдармен және негіздермен жұмыс істеу кезінде мынадай тәртіп сақтау қажет:
1. Методикалық нұсқауда жазылғанға сай тәжірибені жүргізу керек..
2.Тәжірибені орындау үшін тек таза лабораториялық ыдысты пайдалану керек. Әртүрлі сұйық реактивтердің белгілі мөлшерін өлшеп алу үшін, әрқайсысына қажетті арнайы өлшеуіш ыдыстар болу керек. Әртүрлі сұйық реактивтердің белгілі мөлшерін өлшеп алу үшін әрқайсысына қажетті арнайы өлшеуіш ыдыстар болу керек (пипеткалар, бюреткалар, мензуркалар және т.б). реактивтердің тазалығын сақтау үшін сұйық реактивтерді пробиркаға құйып алғанда артық алынған мөлшерін оны құйып алған ыдысына қайта құюға болмайды.
3. Егер тәжірибе барысында қоспаны қыздыру қажет болса, онда методикалық нұсқауда көрсетілген қыздыру әдісін сақтау керек: су моншасында, электр плиткасында, спирт шамында және т.б. күшті ұшқыш аталғыш заттарды ашық жалында қыздыру өте қауіпті.
4.Қоспаны қыздырғанда ыдыстың аузын өздеріңнен және көршілеріңнен басқа жаққа қаратып ұстау керек.
5. Қыздырып жатқан ыдыстың аузына қисайып қарауға болмайды, өйткені ол шашырап кетуі мүмкін.
6. Абайсызда төгілген реактивтерді тез арада тазалап, сүртіп алу керек.
7.Улы және күшті иісі бар заттармен жасалатын тәжірибелерді тартпа шкафта жасау керек.
8. Заттардың
...