Тест по "Химии"
Автор: Zhanna Yergalieva • Февраль 14, 2021 • Тест • 3,058 Слов (13 Страниц) • 4,077 Просмотры
[pic 1][pic 2]
Ерітінділер тақырыбына тест сұрақтары
Барлығы 131 сұрақ
№ 1
«Тұздың 3%-ті ерітіндісі» деген сөйлемінің мәні:
- ерітіндінің 100 грамында тұздың 30 грамы бар
- ерітіндінің 103 грамында тұздың 3 грамы бар
- судың 97 грамында тұздың 3 грамы ерітілген
- судың 100 грамында тұздың 3 грамы ерітілген
- судың 100 грамында тұздың 30 грамы бар
№ 2
Бір шыны ыдыста “15% HCl”, ал екіншіде «ωHCl = 0,15» деп жазылған. Дұрыс пікірді анықтаңыз:
- бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 10 есе кем
- екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 100 есе артық
- екі ыдыстағы ерітінділердің концентрациялары бірдей
- екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 10 есе кем
- бірінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясы екінші ыдыстағы ерітіндінің концентрациясынан 100 есе артық
№ 3
Ерітіндісі ерітілетін затпен тепе-теңдікте болатын жүйе:
- сұйылтылған
- аса қанықпаған
- қанықпаған
- аса сұйылтылған
- қаныққан
№ 4
Лакмустың түсін көк түске айналдыратын тұз ерітіндісі:
- натрий сульфиді
- калий хлориді
- барий нитраты
- алюминий бромиді
- кальций сульфаты
№ 5
Ерітіндіде лакмустың түсі өзгермейді:
- натрий карбонаты
- темір (III) бромиді
- калий нитраты
- цезий сульфиді
- алюминий хлориді
№ 6
Судағы ерітіндісінде гидролизденетін тұз:
- барий нитраты
- алюминий нитраты
- калий хлориді
- калий бромиді
- калий сульфаты
№ 7
Магний сульфатының кристаллогидратынан (MgSO4⋅7H2O) магний сульфатының 12%-тік ерітіндісінің 1 килограмын алу үшін жұмсалатын судың массасын (г) анықтаңыз.
- 754 г
- 840 г
- 547 г
- 400 г
- 650 г
№ 8
Судың 1000 грамында кристаллогидраттың (CaCl2⋅6H2O) 219 грамын еріткенде алынған ерітіндідегі кальций хлоридінің массалық үлесі:
A) 25,6%
B) 9,1%
C) 21,95
D) 17,9%
E) 18,7%
№ 9
Калий хлоридінің 15%-тік ерітіндісінің 60 грамына күміс нитратының 10%-тік ерітіндісінің 170 грамын қосқанда түзілген тұнбаның массасы
A) 32,45 г
B) 25,44 г
C) 14,35 г
D) 11,76 г
E) 46, 54 г
№ 10
Нағыз ерітінді
- саз ерітіндісі
- қант ерітіндісі
- қан ерітіндісі
- сүт ерітіндісі
- әк ерітіндісі
№ 11
Жүзгінге жататын зат:
- саз ерітіндісі
- ас тұзы ерітінідісі
- қан ерітіндісі
- қант ерітіндісі
- жұмыртқа белогы ерітіндісі
№ 12
Егер ас тұзының ерігіштігі 1000 г суда 400 г болса, онда тұздың 10%-тік ерітіндісі
- жүзгін болады.
- қанықпаған
- коллоидты
- концентрлі
- қаныққан
№ 13
120 мл суда 60 г калий сульфаты ерітілді. Алынған ерітіндідегі K2SO4-тің массалық үлесі
A) 50%
B) 60%
C) 30%
D) 33%
E) 16%
№ 14
Күкірт қышқылының 18%-тік 300 г ерітіндісіне 300 мл су қосылды. Алынған ерітіндідегі Н2SO4-тің массалық үлесі
- 9%
- 7%
- 6%
- 8%
- 5%
№ 15
Магний хлоридінің 10%-тік 240 г ерітіндісіне 60 г тұз қосылды. Алынған ерітіндідегі MgCl2-нің массалық үлесі
A) 20%
B) 12%
C) 10%
D) 28%
E) 15%
№ 16
Магний хлоридінің 28% ерітіндісін алу үшін оның 240 г 10% ерітіндісіне қосылатын тұздың массасы
- 20 г
- 40 г
- 50 г
- 60 г
- 80 г
№ 17
44,8 л хлорсутекті (қ.ж) 200 мл сумен араластырғанда алынған ерітіндідегі НCl- дың массалық үлесі:
A) 26,7%
B) 24%
...