Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терминдер иен анықтамалар. Уранның химиялық және физикалық қасиеттері

Автор:   •  Февраль 18, 2019  •  Лекция  •  1,058 Слов (5 Страниц)  •  1,006 Просмотры

Страница 1 из 5

1-Дәріс. Терминдер иен анықтамалар. Уранның химиялық және физикалық қасиеттері

1.1 Терминдер мен анықтамалар

Қазіргі кезде пайдалы қазбаларды өндірудің геотехнологиялық әдістері уранды жер асты сілтілеу тәсілімен өндіруде ғана емес, басқа да пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алуда кең қолданыс тапқан. Осының салдарынан бірқатар жаңа терминдер мен анықтамалар пайда болды. Төменде уранды жер асты сілтілеу тәсілімен өндіретін жұмыскерлердің кеңінен қолданатын терминдер мен анықтамалардың мазмұны ашылады.

  1. Өнімді сулы деңгейжиек – құрамында тау-кен жыныстары бар сулы горизонт.
  2. Өнімді сулы деңгейжиек қуаты – құрамында тау-кен жыныстары бар сулы горизонт қуаты.
  3. Сілтілеу ауданы – технологиялық ерітіндінің іс-әрекеті олрын алып жатқан өнімді сулы деңгейжиек ауданы.
  4. Технологиялық ерітінді – арнайы дайын өнімдер мен реагенттердің сулы ерітіндісі. Уранды жер асты сілтілеу тәсілінде технологиялық ерітінділер бірнеше түрге бөлінеді: жұмыс, өнімді, маточный, қайтымды және қалдық ерітінділері.
  1. Жұмыс ерітіндісі – құрамында пайдалы компоненттерді бөліп шығаруға арналған реагенттері бар және құю ұңғымаларына берілетін ерітінді.
  2. Өнімді ерітінді – жер қойнауындағы кенде пайда болған, жұмыс ерітіндісі мен сілтіленетін тау жынысының физико-химиялық іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан ерітінді.
  3. Аналық (маточный) ерітінді – құрамынан пайдалы компонент бөлініп алынған өнімді ерітінді.
  4. Қайтымды ерітінді – құрамында пайдалы компонеттер минималды өндірістік деңгейден аз кедей өнімді ерітінді, бірақ сілтілеу реагенттерін қосу нәтижесінде жер қойнауына жұмыс ерітіндісі ретінде қайта қолдануға жарамды ерітінді.
  5. Қалдық ерітінді – жұмыс ерітіндісін жасауға жарамсыз болып қалған аналық (маточный) немесе бейөндірістік (кедей) өнімді ерітінді.
  1. Жерасты сілтілеу ұңғымалары – жер қойнауындағы кен жынысы мен өнімді ерітіндіні өндіру ұңғымалары. Атқаратын қызметіне байланысты ұңғымалар технологиялық (құю және сору), барлау, бақылау және арнайы болып бөлінеді.

а) Құю ұңғымалары – кен жынысына жұмыс ерітіндісі берілетін ұңғымалар

б) Сору ұңғымалары – өнімді деңгейжиектен өнімді ерітіндіні жер бетіне жеткізу ұңғымалары.

в) Барлау ұңғымалары – үздіксіз немесе белгілі бір уақыт аралығында жер асты сілтілеу үрдістерін байқауға арналған ұңғымалар.

г) Бақылау ұңғымалары – белгіленген жерді бұрғылап, кен құрамын және одан алынатын пайдалы компонент сапасын анықтау үшін қолданылатын ұңғымалар.

  1. Кеуектілік дегеніміз – тау жынысындағы қатты компонентпен толтырылмаған бос (ауа аралық) кеңістіктер. Кеуектілікті кеуектілік коэффициентімен mn  анықтайды – жыныстың (үлгінің)  кеуектілік көлемін VH   үлгінің жалпы көлеміне  V  қатынасы (бірлік немесе пайызбен).

mn = VH/V.                                                                                            (1.1)

Өнімді пласттардың кеуектілігі 5-40% аралығында болады.

  1. Өтімділік дегеніміз – тау жынысының өзінен газ, сұйықтық немесе қоспаны қысым әсерінен өткізу қасиеті. Өтімділік К өтімділік коэффициенті Дарсидің сызықты фильтрация заңдылығымен анықталады.

K = Q×m×L/Dp×F,                                                                            (1.2)

Мұндағы, Q – уақыт бірдігіндегі сұйықтықтың көлемдік шығыны;

        m – сұйықтық тұтқырлығының динамикалық коэффициенті;

        L – кеуектілік ортасының ұзындығы;

        Dр – қысымның ауытқуы;

        F– фильтрациялау аумағы.

Өткізгіштігінің коэффициентінің өлшемі K-M2. Белгілі болғандай, өткізгіштігінің жоғарылауы тау жыныстарының кеуектілігінің жоғарылауына тікелей байланысты. Кеуекті ортаны өткізгіштігі, ең алдымен, тесік кеңістігін қалыптастыратын тесік арналарының өлшеміне байланысты.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (115.4 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club