Отчет по практике в «Сараптау және сертификаттау әмбебап талдау орталығы»
Автор: gerim.14 • Март 31, 2018 • Отчет по практике • 2,121 Слов (9 Страниц) • 1,859 Просмотры
Мазмұны:
- Кіріспе....................................................................................................................3
- I Бөлім. Өндірістік практика кезіндегі негізге міндеттер мен шарттар. Өндірісте практика өту.........................................................................................4
- 1.2 Студенттің өндірістік практика кезіндегі міндеттері..................................5
- II Бөлім. «Сараптау және сертификаттау әмбебап талдау орталығы» ЖШС.......................................................................................................................-
- III Бөлім. Тәжірибелік бөлім..............................................................................11
- Қорытынды .........................................................................................................15
- Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................................................18
Кіріспе
Мен Шакенова Айгерім Қайыпқызы, өндірістік практикамды «Сараптау және сертификаттау әмбебап талдау орталығы» ЖШС-де өттім. Тәжірибенің өту аралығы 29.05.2017 – 19.07.2017. Өндірістік практикадан өту мақсатым, тәжірибеден өтетін өндірістің құрылысымен, өл өндіріс бөлімдерімен, атқаратын қызметімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен, химиялық құрылғылармен, әр түрлі химиялық техникалық құралдарымен, әр түрлі сараптаулармен танысу. Өндірісте мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік практика барысында өндірістің өзіне тән программалармен, сараптамалармен, әмбебап талдауларымен жұмыс істеу.
Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль енгізген. Талдау сапалық және сандық деп екіге бөлінеді. Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі.
Өндірістік практика өткен жері: «Сараптау және сертификаттау әмбебап талдау орталығы» ЖШС.
Өткізілген уақыты: 29.05.2017 – 19.07.2017
Мақсаты: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер практика кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған тәжірибелер, талдаулар мен сараптауларды жүргізу және олардың нәтижелерін анықтау.
I Бөлім. Өндірістік практика кезіндегі негізге міндеттер мен шарттар. Өндірісте практика өту.
- Өндірісте әрбір студентке арналған өндірістен жетекші беріледі, сол жетекші студенттерді өндіріс жұмыстарымен таныстырады. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырады. Студент жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады.
- Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырады, күнтізбенің тәртібін бақылайды, студент жұмысының орны бойынша ауыстырылуы, студенттердің ішкі ережелерінің орындалу тізбегі, күнделікте сақталуы, қажетті есептемені қолдануға мүмкіндік берілуі, техникалық және басқа да құжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады.
- Жетекшінің қолтаңбасы бар мөр басылған студенттің зертхана күнделігі және есептеме шығарылатын зертханада, өндірістік және жалпы жұмысқа арналған мінездемесі.
- Жетекшінің практика кезінде құқығы бар:
- жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және университет тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады;
- практика жетекшілері ретінде профессорлар, доценттар мен тәжірибелі және мамандық ерекшіліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады;
- Студенттер практика өтетін кәсіпорынды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді;
- ұйымға және студенттік өндірістік тәжірибеден өтуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды;
- керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады.
1.2 Студенттің өндірістік практика кезіндегі міндеттері:
- Студенттердің практикадан өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс.
- Практика өту кезінде әрбір студент күнделік жүргізеді және күнделікте олармен істелген күндер белгіленеді.
- Практика өту аралығында студент міндетті:
- Ұжым бөлімдерінің жұмыстарымен танысу;
- Техникалық-қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу;
- Практика орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарына қатысу;
- Практика күнделігін жүйелі құружәне өту туралы уақытында есеп жасау;
- Студент ұйымның әрбір бөлім қызметінің бағыты бойынша бөлімдермен танысуға міндетті;
- Студент практика орнына университеттің бұйрығымен келеді, практика жетекшілігіне сай ұйымда жұмыс істейді. Күн сайын ол орындаған жұмыс көлемін күнделікке жазып отыруы тиіс.
II Бөлім. «Сараптау және сертификаттау әмбебап талдау орталығы» ЖШС.
UACEC орталығы 2014 жылы 14 сәуірде құрылды. Аккредиттеу аттестаты 2015 жылдың 3 ақпанында берілді (№KZ.И.10.1570). Орталықтың тәуелсіз зертханалары ең үздік заманауи өлшеу құралдарымен және әлемдік сала көшбасшыларын қамтамасыз ететін жаңа бағдарламалық-ақпаратты сынақ жабдықтарымен, сынау нәтижелерін толықтығын, дұрыстығын және нақтылығын қамтамасыз ету үшін жабдықталған.
...