Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лабораторная работа по "Химии"

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Лабораторная работа  •  2,004 Слов (9 Страниц)  •  710 Просмотры

Страница 1 из 9

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ

ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ

[pic 1]

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ имени К.И. САТПАЕВА ИНСТИТУТ ХИМИЧЕСКИХ И БИОЛОГИЧЕСКИХ ТЕХНОЛОГИЙ

050013, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22 үй,

тел.: +7(727)2921084, ішкі: 74-00

e-mail: chem.engg@bk.ru 

[pic 2]

050013, Republic of Kazakhstan,

Almaty city, Satpaev street,  22,

phone: +7(727)2921084, 74-00

e-mail: chem.engg@bk.ru 

Химиялық және биологиялық технологиялар институты

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы

№__ зертханалық жұмыс бойынша

ЕСЕП

________________________________________________тақырыбы бойынша

Жұмыстың орындалу сапасы

Бағалау диапазоны

Алынған

(балл)

%

балл

1

Сабақты себепсіз қалдыру. Жұмысты орындамау.

0%

2

Жұмысты орындау

0-5%

3

Теориялық бөлім

0-5%

4

Эксперименттік мағлұматтар, бақылау нәтижелері және есептеулер

0-5%

5

Нәтижелерді талқылау

0-5%

6

Қорытынды

0-5%

7

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

0-5%

8

Зертханалық жұмысты қорғау

0-70%

Қорытынды

0-100%

Білім алушының Т.А.Ә.

____________________

Мамандық шифрі

____________________

Оқытушының Т.А.Ә.

____________________

Алматы 2018


Мазмұны:

  1. Зертханалық жұмыс атауы
  2. Жұмыстың мақсаты
  3. Теориялық негіздері
  4. Қолданылатын қондырғылар және реагенттер
  5. Жұмыс барысы
  6. Эксперименттік мағлұматтар, бақылау нәтижелері және есептеулер
  7. Нәтижелерді талқылау
  8. Қорытынды
  9. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

№ 3 Зертханалық жұмыс

III-топтың элементтері

Жұмыстың мақсаты:III-топ элементтері және олардың химиялық,физикалық қасиеттерін,алынуы,қолданылуы,қосылыстары туралы мәліметтер меңгеру.

Теориялық негіз: ІІІ-ші топ элементтеріне бор В, алюминий АІ, галлий Ga, скандий,иттрий,лантан,актиний,индий In және таллий Т1 жатады. Тұрақты изотоптарының саны өте аз. Негізгі күйіндегі электрондық конфигурациясы ns2np1 бір жұптаспаған электронмен сипатталады. III-ші топ элементтеріне +3 тотығу дәрежесі тән. B-AI-Ga-In-TI қатарында мұндай тотығу дәрежелі қосылыстардың тұрақтылығы төмендейді, қарама-қарсы +1 тотығу дәрежелі қосылыстардың тұрақтылығы артады. Галогенидтердегі М-Х байланысының энергиясы ауыр элементтерге ауысқанда төмендейді, оксидтер мен гидроксидтердің амфотерлік қасиеттері негіздік қасиеттерге қарай ығысады, аквакатиондардың гидролизі нашарлайды.ІІІА топша элементтерінің металдық қаситеттерінің бір қалыпта өзгерісі байқалмайды. В-дан Al-ге өткенде металдық қасиет күрт күшейеді, Ga-де аздап әлсірейді де, қайтадан Tl өткенде біртіндеп өсе бастайды. Мұның себебі: Ga, In және Tl атомдарында (В және Al атомдарынан ерекшелігі) сырттан санағанда екінші деңгейде 18 электроннан болады.Бор-басқа элементтерден қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Ол - жалғыз бейметалл,химиялық инертті және В-Ғ, B-N, В-С, т.б. сияқты коваленттік байланыстар түзеді.Бордың химиясы кремнийдің химиясына ұқсас, бұл жағдайда диагональ ұқсастық байқалады.                                                                                      Алюминийде және оның ауыр аналогтарында бос d-орбитальдар пайда болады, сол себепті атомның радиусы жоғарылап, координациялық сан жоғарылайды.Жер қыртысындағы алюминийдің массалық үлесі 8,13%. KAl(SO4)2×2Al(OH)3 – алунит; Na3AlF6 – криолит; Mg[Al2O4] – шпинель; α-Al2O– корунд; Al2O– лейкосапфир – түссіз, сапфир – көгілдір, рубин – қызыл, топаз – сары. Al2O3∙nH2O – боксит(қоспа Si, Fe, Ti) ~50% таза Al2O3. Al2O– глинозем, корунд. Жер қыртысындағы (масс. үлес,%): бор – 3∙10-4; галлий – 1,5∙10-3; индий – 1,0∙10-5; таллий – 3∙10-4.                                                                                    Галлий, индий және таллий элементтер жүйесінде d-блоктың элементтерінен кейін орналасқан, сондықтан оларды ауыспалыдан кейінгі элементтер деп атайды. d-қысылудың нәтижесінде алюминий мен галлийдін иондық радиустары жақын, ал галлийдің атомдық радиусы алюминийден тіпті кіші. Индийдің,әсіресе галлийдің химиясы алюминийге өте ұқсас. Бұл металдардың төмен тотығу дәрежелі қосылыстары сулы ерітінділерде диспропорцияланады:3InCl=InCl+2In                                                        Таллий үшін, 6s электрондық жұбының инерттілігіне байланысты, +1 тотыгу дәрежесіне сәйкес келетін күй тұрақты болып есептеледі. 

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (188.2 Kb)   docx (594.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club