Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Диенді көмірсутектер

Автор:   •  Сентябрь 16, 2020  •  Лабораторная работа  •  423 Слов (2 Страниц)  •  409 Просмотры

Страница 1 из 2

№5 лабораториялық жұмыс.

Тақырыбы: Диенді көмірсутектер.  

Мақсаты: Алкадиендердің химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын зерттеу.

Жұмысқа қажетті химиялық ыдыстар мен реактивтер: полиэтилен  түйірлері  немесе қиындылары,  концентрациялы күкірт қышқылы, 2% KMnO4 ерітіндісі,  10% Na2CO3 ерітіндісі,  бром  суы,  Вьюрц  колбасы,  пробиркалар,  түтікшелер,  колба, қыздырғыш, фарфор табақша, резина қиындылары, Pb(NO3)2 ерітіндісі, каучук түйірлері, сүзгі қағаз.

Жұмыстың жүргізілу барысы: 

1 тәжірибе – Полиэтиленнен этилен алу.

Вьюрц  колбасына  полиэтилен  түйірлерін  немесе  қиындыларын  салып, концентрациялы күкірт қышқылын құяды. Қышқылдың деңгейі полиэтилен қабатынан аздап жоғары болу керек. Алдын-ала бірінші пробиркаға 2 мл 2% KMnO4 ерітіндісін және 0,5  мл  10% Na2CO3 ерітіндісін,  екінші пробиркаға  2  мл  2% KMnO4 ерітіндісін және 1-2 тамшы концентрациялы Na2CO3 ерітіндісін, үшінші пробиркаға 2 мл бром суын құяды.

Вьюрц  колбасын  жалында  немесе  колба  қыздырғышта  қыздырады.

Түзілген  этиленді  бірінші, екінші және үшінші пробиркалар  арқылы  өткізеді.

Пробиркаларда  қандай  өзгерістер  байқалады?  Жүретін  реакция  теңдеуін жазындар.

2 тәжірибе – Каучуктың қанықпағандық сипаты (Тартпа шкафта!). 

а)  Каучуктың  броммен  реакциясы.   Пробиркаға  2  мл  каучуктың бензолдағы  ерітіндісін  құяды,  үстіне  тамшылатып  бромның  хлороформдағы ерітіндісін  қосады.  Пробирканы  үнемі  шайқап  тұрады.  Бромның  түссізденуі каучуктың қанықпаған қосылыс екендігін көрсетеді.

ә)  Каучуктың  калий  перманганатымен  реакциясы.  Пробиркаға  1  мл каучук  ерітіндісін  және  1  мл  KMnO4 ерітіндісін  құйып,  шайқайды.  KMnO4 күлгін түсі жойылып, қоңыр тұнба түзіледі.

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (74.2 Kb)   docx (548.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club