Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биологиялық материалдағы ферменттерді анықтау (уреаза,альдегидоксидаза, тиронизиназа,пероксидаза және т.б.)

Автор:   •  Октябрь 31, 2022  •  Лабораторная работа  •  866 Слов (4 Страниц)  •  418 Просмотры

Страница 1 из 4

№5 дәріске лабораториялық сабақтың тақырыбы

5.1.Биологиялық материалдағы ферменттерді анықтау (уреаза,альдегидоксидаза, тиронизиназа,пероксидаза және т.б.)

Биологиялық материалдағы ферменттерді ашу

     Фермент препаратын алу.Қазіргі кезде 140- қа жуық ферменттер кристалл күйінде  алынады. Ферменттерді, негізінен, әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер ұлпалары,ашытқылар мен микроорганизмдер бөліп шығарады.Бір зең саңырауқұлағынан 80-ге жуық әртүрлі ферменттер препараты алынып, ауылшаруашылық қажеттілігіне қолданылып жүр. Фермент препаратын алудың бірнеше жолдары бар. Таза фермент препаратын алу үшін қазіргі электрофорезбен ион алмасухроматографиясы кең түрде қолданылады.

1.Қытайбұршақ (соя) ұнындағы уреазаны ашу

Жұмыс мақсаты. Әртүрлі көздерден алынған ферменттер әсерін анықтау реакцияларын жүргізу әдістемесін меңгеру. Мектеп практикасында пайдалануға болатын тәжірибелерді таңдап алу.

       Қажетті құрал -жабдықтар:термостат, екі 2 мл-лік бір сызықты пипетка, қытайбұршақ ұны, мочевина (1 %-дық), фенолфталеин (1 %-дық спирттік ерітінді). Тәжірибе үшін қытайбұршақтан алынған ұнтақтан уреаза ерітіндісі алдын-ала дайындалады.

        Жұмыс барысы:Мочевина ерітіндісінің (1 %-дық) 2 мл-не 2 тамшы фенолфталеин және 2 мл уреаза ерітіндісі (1:10) қосылады. Қоспаны мұқият араластырады және 30 минутқа 38 0С температуралы термостатқа қояды. Осыған параллель тәжірибені уреазаның қайнатылған ерітіндісімен қояды. Бірінші пробирканың ішіндегісі түзілген аммиак есебінен ерітіндінің рН мәні сілтілік облысқа ығысатындықтан малина-қызыл түске түске боялады.

         Жұмыс нәтижелерін талдау. Қытайбұршақ (соя) ұнындағы ферменттерді қалай анықтауға болады?Алынған нәтижелерден қорытынды жасау, дәптерге жазу.

 2.Шикі сүттегі альдегидоксидазаны ашу

         Жұмыс мақсаты. Шикі сүттегі альдегидоксидазаны ашу жолдарын меңгеру.

 Қажетті құрал -жабдықтар: су моншасы, лабораториялық термометр, бір сызықты 1 мл-лік және 5 мл-лік пипеткалар; сиыр сүті, вазелин майы, формальдегид (0,4 %-дық), метилен көгі (0,01 %-дық).

        Жұмыс барысы:Үш пробиркаға 5 мл-ден саумал сиыр сүтін құяды. Бір сынаманы 2-3 минут қайнатып, салқындатады. Қайнатылған сынамаға және қайнатылмаған сынамалардың біріне 1 мл-ден 0,4 %-дық формальдегид ерітіндісін, ал басқа қайнатылмаған сынамаға 1 мл су қосады. Содан кейін үш пробиркаға да 1 мл-ден 0,01 %-дық метилен көгі ерітіндісін құяды. Пробирка ішіндегілерін мұқият араластырып, әрқайсысына сұйықтық ауадағы оттегімен жанаспау үшін 3-4 тамшыдан вазелин майын құяды. Барлық сынамаларды 40 0С-қа дейін қыздырылған су моншасына қояды. Белгілі бір уақыттан кейін субстрат (формальдегид) бар қайнатылмаған сынамадағы сұйықтық метилен көгінің тотықсызданған формасы түзілуі есебінен түссізденеді:

[pic 1]

Егер метилен көгінің түссіз ерітіндісін ауада сілкісе, онда ерітінді қайтадан көк түске боялады:  МК·Н2 + О2 →  МК + Н2О2

Бірінші қайнатылған сынамада активті фермент және қайнатылмаған сынамалардың бірінде субстрат болмағандықтан оларда метилен көгі түссізденбейді.

    Жұмыс нәтижелерін талдау. Шикі сүттегі ферменттерді қалай анықтауға болады?Тәжірибелердің қайсыларын мектеп курсында пайдалануға болады? Неге сынамадағы сұйықтықтың біреуі түссізденеді, ал біреуі түссізденбейтіндігін түсіндіріңіз. Алынған нәтижелерден қорытынды жасау, дәптерге жазу.

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (117.9 Kb)   docx (41.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club