Бейорганикалык химия есеби
Автор: inzhu-2017 • Апрель 11, 2018 • Задача • 251 Слов (2 Страниц) • 967 Просмотры
№58 есеп
Мыс пен темір ұнтақтарынан тұратын қоспаны сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде 8.96 л (қ.ж) газ бөлінді. Осы қоспаны концентрлі азот қышқылымен әрекеттестіргенде тұз түзілді. Түзілген тұзды қыздырғанда 11.2 л (қ.ж) газ бөлінсе, қоспадағы мыстың массалық үлесін есептеңіз.
Шешуі:
Металдардың кернеу қатарында сутектен кейін орналасқандықтан мыс сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттеспейді. Ендеше , оның темірмен реакция теңдеуін жазамыз.
Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2↑
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз :
m(Fe) --------------------------- 8.96 л
56 г ----------------------------- 22.4 л
m(Fe) = 22.4 г
Енді осы қоспаны концентрлі азот қышқылымен де әрекеттестірген. Концентрлі азот қышқылының темірмен әрекеттеспейтінін ескере отырып, мыспен реакция теңдеуін жазамыз.
Cu +4HNO3 конц. = Cu(NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O
Мыстың массасын есептеу үшін алдымен мыс (ІІ) нитратының термиялық ыдырау теңдеуін жазамыз.
2Cu(NO3)2 2 CuO +4NO2↑ + O2 ↑[pic 1]
Есептің шарты бойынша қалыпты жағдайда 11.2 л газ бөлінген. Бұл жерде екі түрлі газ бөлініп тұр. Реакция теңдеуі бойынша 4 моль азот (ІV) оксиді мен 1 моль оттек бөлінген. Осы жерден оттектің көлемін табу үшін :
V(O2) = [pic 2]
Реакция теңдеуі бойынша оттектің зат мөлшері 2 еселенген мыс (ІІ) нитратының зат мөлшеріне тең:
ν(O2) =2 ν(Cu(NO3)2 ) = 0,1моль ∙ 2 = 0,2 моль
Мыстың массасын есептесек:
m(Сu) = 0.2 моль ∙ 64 г/моль = 12.8 г
Енді қоспаның массасын есептейміз:
m(қоспа) = m(Сu) + m(Fe) = 12.8г + 22.4г = 35.2 г
ω(Сu)= [pic 3]
Жауабы: ω(Сu)=[pic 4]
...