Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұнfыда аfымды және кyрделi жөндеу кезiнде техника кауiпсiздiгi

Автор:   •  Февраль 22, 2023  •  Лекция  •  1,090 Слов (5 Страниц)  •  238 Просмотры

Страница 1 из 5

№15 дәріс. ҰҢҒЫДА АҒЫМДЫ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ.

Өндірісте еңбекті қорғау - біздің елімізде еңбекті ұйымдастырудың қажетті принциптерінің бірі. Әдетте еңбекті қорғаудың үш түрін бөледі:

  1. Құқықтық (Қазақстан және басқа біріккен мемелекеттердің конституциясымен қарастырылған);
  2. Санитарлық (өндірістіңк санитария және гигиена);
  3. Техникалық.

Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің заты болып, өндіру үрдісі кезінде техникалық себептермен пайда болатын қауіптер және кедергілермен куресу болып табылады.

Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар келесіге қатысты болады:

  • Жабдық және технологгиялық үрдіс;
  • Еңбекті және өндірісті ұйымдастыру;
  • Өндірістің жағдайда жұмыскерлердің тәрбиесі.

Өндірістік кездейсоқ өндірістік үрдістер жүргізу кезінде жұмыскерлермен кенеттен алған үлкен немесе кіші дәрежелі жарақат түрін айтамыз.

Өндірістік жарақаттанумен курестің негізгі жолдары болып, технологиялық үрдістерді жетілдіру және рационализациялау, жабдықтарды және механизмдерді модернизациялау, өндірістік үрдістерді автоматтандыру және ауыр жұмыстарды кешенді механизациялау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің ережелерін және талаптарын дұрыс, қатаң түрде орындау, өндірістік инструктажды жүогізу.

Күрделі жөндеу кезінде жарақаттану себептерін негізінен бес категорияға бөледі:

  1. Жұмысты дұрыс емес қабылдау;
  2. Қанағаттандырылмайтын техникалық бақылау;
  3. Жұмыс орнын даярламау;
  4. Жабдықтың және аспаптың ақаулығы;
  5. Жабдық және аспап конструкциясының жетілмеуі.

Кездейсоқ (апат) жағдайларын талдаудың негізгі көрсеткіштері - ол жиілік коэффициенті Кж  және ауырлық коэффициенті Ка болып табылады, олар келесі формулалар бойынша анықталады:

Кч =[pic 1]*1000;             Кт=[pic 2][pic 3]

мұнда, Н – кездейсоқ жағдайлар саны; Р – тізім бойынша жұмыскерлер саны; D – белгілі бір кезеңге кездейсоқ жағдайлардан жұмысқа жарамсыз күндер саны; Н3 – кездейсоқ жағдайлар саны.

Кездейсоқ жағдайларды зерттеу әдістері статикалық және техникалық болып бөлінеді. Бірінші әдісті материалдар жеткілікті және сапалы болған кезде қолданады (кездейсоқ жағдайлар туралы актардың болуы). Ол күрделі қийындыққа ұшыраған аймақтарды анықтауға және қауіпті жағдайларға алып келетін себептерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші әдіс арқылы болған оқиға мен өндіріс техникасы арасындағы байланысты анықтауға болады. Осы әдісті кәсіпшілікте көп қолданады. Әдістің түрлері келесілер: болған орында зерттеу (жеке жағдай), монографиялық, топтық, топографиялық, салыстырмалы талдау және т.б.

Мұнай газ өндіру кәсіпшілігі мұнай және мұнайлы газ құрамынан әртүрлі компоненттердің бөлінуімен сипатталып, адамдардың улану қауіптілігін, ал белгілі бір жағдайларда жарылу қауіптілігін туғызады.

Осы заттардан басқа өндірісте улы заттарды қолданады, яғни ағза жасушасымен химиялық қосылыста болатын химиялық элементтер. Ароматты көмірсутектері аз болатын мұнай көздің сулы қабыршағын және дем алу жолдарын нашарлатады. Мұндай мұнай адам терісіне жағылса тері аурулары пайда болады.

Мұнайлы газ көмірсутектерден тұрады, негізінен метаннан (90% көлемі бойынша), қалғандары: 2-5% этан, пропан, бутан, гектан және басқа ауыр көмірсутектер.

Кейбір газдарда күкіртсутектер бар (0,02-6%).

Метан және этан улы емес, бірақ ауада оттегі аз болса дем алу қиындайды. Метан ауа құрамында 25-30% жеткенде, бірінші белгілері пайда болады.

Көмірсутектер концентрациясы 40мг/л-дан жоғары болғанда, бірден өлімге әкеледі. Кесте 3-де әртүрлі заттардың шекті мүмкін концентрациялары келтірілген.

Табиғи және ілеспе газдардың компоненттерінен күкіртсутек өте улы болып келеді.оның концентрациясы 1мг/л жоғары болғанда адам улануы болады.

Кесте 3. Әртүрлі заттардың шекті мүмкін концентрациялары

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (138 Kb)   docx (219.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club