Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс
Автор: Madina_1010 • Октябрь 5, 2020 • Лекция • 353 Слов (2 Страниц) • 2,758 Просмотры
«ФИЗИКА» пәні бойынша тірек конспект
Пәні: Физика | Сынып: 11 (ҚГБ) | I тоқсан | Сабақ № 7 |
Тақырып | Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс | ||
Бөлім | Айнымалы ток | ||
Ресурстар | Оқулық: ........ | ||
Қосымша материалдар (бейнежазбаларғы сілтеме): | |||
Сабақтың мақсаты: |
| ||
Тірек ұғымдар |
| ||
Қысқаша тезисті конспект | Тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі сыртқы периодты мәжбүр етуші күштің жиілігімен дәл келгенде еріксіз тербелістердің амплитудасының күрт өсу құбылысы резонанс деп аталады. Резонанс механикалық тербелістерге де, электромагниттік тербелістерге де тән құбылыс. Айнымалы ток еріксіз электромагниттік тербелістерге жатады, сондықтан белгілі бір шарттар орындалған кездеактивті және реактивті кедергілері бар айнымалы ток тізбегінде резонанс байқалады. Өзара тізбектей жалғанған айнымалы кернеу көзінен, активті кедергіден, индуктивті және сыйымдылық кедергілерден тұратын айнымалы ток тізбегіндегі резонанс тізбектелген немесе кернеулер резонансы деп аталады. Кернеулер резонансының өзіндік ерекшелігі – сыйымдылық пен индуктивтіліктегі кернеулердің айнымалы ток тізбегінің қысқыштарына түсірілген кернеуден анағұрлым артық болатыны. Демек, кернеулер резонансы реактивті жүктемелердегі кернеулердің еселеп артуына әкеліп соғады. Бұл кезде резонанстық ток қорек көзінің ішкі кедергісі мен активті кедергіден өтумен шектеледі. Сонымен, резонанстық жиілікте тізбектелген контурдың толық кедергісі минимал мәнге ие болады. Резонанс құбылысы қандай да бір нақты жиіліктегі кернеу тербелістерін күшейту үшін қолданылады. Кернеудің резонанстық күшейтілуі резонанстық жиілік маңында өте жіңішке интервалда жүзеге асырылады. Бұл, мысалы радиоқабылдағыштарда көптеген сигналдардың ішінен нақты бір жиіліктегі тербелістерді бөліп алып, керекті радиотолқынды ұстауға мүмкіндік береді. Кез келген радиоқабылдағыштың кіру тізбегі меншікті жиілігін өзгертуге болатын тербелмелі контурдан тұрады. [pic 1] 1 – сурет. Радиоқабылдағыш Кернеулер резонансы электр фильтрлерінде кеңінен қолданылады. Егер берілетін сигналдың құрамынан қандайда бір жиіліктегі ұүраушыны шағарып тастау керек болса, қабылдағышқа параллель өзара тізбектей жалғанған конденсатор мен индуктивтік катушканы қосады. Онда резонанстық ток осы LC – тізбекпен тұйықталып, қабылдағыш арқылы өтпейді. Ал сигналдың жиілігі резонанстық жиілікке сәйкес келмейтін бөлігі қабылдағыш арқылы өтеді (2-сурет). [pic 2] 2 – сурет. Электрлік фильтр Жалпы электротехникада резонанс құбылысының зиянды әсерлері де көп. Резонанстың себебінен кйде құрылғыларға түсетін кернеу қажетті мөлшерден асып кетеді де, олардың істен шығуына әкеліп соғады. | ||
Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсыр-мадан артық емес) | 1) Оқулық, 35-37 беттерді оқу 2) Сұрақтарға жауап береміз:
| ||
Кері байланыс | Құрметті оқушылар, барлық орындалған тапсырмаларды WhatsApp арқылы жібересіздер. |
...