Спектрофотометрия
Автор: Aidanakhas • Октябрь 28, 2020 • Лабораторная работа • 796 Слов (4 Страниц) • 465 Просмотры
Лабораториялық жұмыс No15 Спектрофотометрия
Жұмыстың мақсаты: Аминқышқылдардың және белоктың жұту спектрлерін зерттеу. Қалыпты және денатурацияға ұшыраған жұмыртқа белогының жұту спектрін анықтау. Аминқышқылдардың жұту спектрін өлшеу.
Тапсырмалар:
1. Аминқышқылдардың жұту спектрін анықтау. 2. Тауық белогының жұту спектрін анықтау.
3. Өлшеудің нәтижелерін кестеде толтыру
4. Зерттелетін заттардың графиктерін тұрғызу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: СФ-26 спектрофотометр, 1, 5, 10 мл пипеткалар, 5 мл мөлшерленген түтіктер, дистелленген су, филльтрлер, тирозин, фенилаланин ерітінділері, жұмыртқа белогы, парланған баня.
Әсер ету принципі
СФ-26 спектрофотометрі 186-дан 110-ға дейін нм спектр аймағында сұйық және қатты заттардың өткізу коэффициентін өлшеуге арналған. Зерттейтін үлгінің өткізу коэффициенті Т өлшенетін үлгіден өткен сәуле ағыны қарқындылығының I өлшенетін үлгіге түскен немесе бақылау үлгісінен өткен сәуле ағынының қарқындылығына I0 (оның өткізу коэффициенті бірге теңестірілген) қатынасына тең және формуламен өрнектеледі:
Т=I I0
Өлшеу жұмысы электрлік автокомпенсация әдісі бойынша жүргізіледі. Сәуленің монохроматты ағынына бақылау және өлшенетін үлгілерді кезегімен қояды. Бақылау үлгісі қойылғанда өлшегіш прибордың көрсеткіш сызығын “100” бөлігіне теңестіреді, оны саңылау енін реттегіш тұтқасымен орындайды және осы мәнге теңестірілген кездегі жарық ағынын 100% өткізуі деп қабылдайды. Зерттелетін үлгіден жарық ағынын өткізгенде өлшегіш прибордың көрсеткіш сызығы ағынның өзгеруіне пропорционалды ауытқиды, ал өткізу коэффициентінің шамасын өткізу пайызын көрсететін шкалада есептейді.
Спектрдің кеңейтілген диапазонында спектрофотометрдің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін екі фотоэлемент және тұтас спектрдің екі сәуле көзі пайдаланылады. 186-650 нм аралығындағы спектр аймағын өлшеуге кварц шынысынан тұратын айнасы бар сурьма-цезий фотоэлементін, 600-1100 нм аралығындағы спектр аймағында өлшеуге оттегі-цезий фотоэлементін қолданады. Бір фотоэлементте өлшеуді екінші фотоэлементте өлшеуге өткізілетін толқын ұзындықтары спектрофотометрдің құжатында көрсетілген. Дейтерлік шам 186-350 нм аралығындағы спектр аймағында жұмыс жасауға, қыздырылатын шам – 340-1100 нм аралығындағы спектр аймағында жұмыс жасауға арналған. Градуирленгенін тексеруге сынап-гелий шамы қолданылады.
Спектрофотометрдің құрылысы
Спектрофотометр (сур. 5.15.1) өлшегіш приборы 2 бар монохроматордан 1, кювет бөлімінен 3, фотоқабылдағыш және күшейіткіші бар камерадан 4, жарық көзінен тұратын жарықтандырғыштан 5 және стабилизатордан тұрады.
Спектрофотометрде тұтас спектрдегі екі жарық көзі қолданылады: 186- 350 нм аралығындағы спектр аймағында жұмыс жасауға арналған дейтерлік шам және 340-1100 нм аралығындағы спектр аймағында жұмыс жасауға арналған қыздырылатын шам. 340-тан 350 ге дейінгі нм диапазонына жарық көздерін ауыстырып қосу үшін өшіріліп тұрған прибордың ауыстырғыш тұтқасымен 6 орындалады.
Спектрофотометрді қосу.
1. Өлшеуге арналған спектралды диапазонға сәйкестендіріп
фотоэлемент пен жарық көзін жұмыс күйіне келтіріңдер.
2. Фотоэлементті жауып қойыңдар, перденің 7 тұтқасын ЗАКР күйіне
келтіріңдер.
3. СЕТЬ тумблерін қосыңдар, сонда СЕТЬ ескерту шамы және таңдап
алынған жарықтың Д немесе Н ескерту шамы жанады.
4. Қосылғаннан кейін 1 сағаттан соң спектрофотометрдің тұрақты
жұмыс жасауы қамтамасыз етіледі.
5. Спектрофотометрді СЕТЬ тумблері арқылы өшіреді.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Кюветтік бөлімі жақсы жабылғанда ғана өткізу коэффициентін өлшеу жұмысы орындалады.
...