Нyкте кинематикасы
Автор: Serik2024 • Февраль 20, 2024 • Доклад • 496 Слов (2 Страниц) • 86 Просмотры
НҮКТЕ КИНЕМАТИКАСЫ
КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНАН КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР
Кинематика – материалдық денелердің қозғалысын олардың массасы мен оларға əрекет ететін күштерді есепке алмай зерттейтін теориялық механиканың бөлігі.
Механикада дененің қозғалысы туралы айтқанда, кеңістікте басқа денелерге қатысты оның жағдайының уақыт ағымымен өзгеруін білдіреді. Әдетте, қозғалысты зерттеуге қатысты денемен санау жүйесі деп аталатын бірге таңдалған уақытты өлшеу тəсілімен қандай да бір координат жүйесін байланыстырады. Егер санау жүйесінде таңдалған дененің барлық нүктелерінің координаттары барлық уақытта өзгеріссіз қалса, онда дене тыныштықта болады. Егер дене қозғалысы шартты түрдегі қозғалыссыз санау жүйесіне қатысты қарастырылса, онда қозғалыс абсолютті деп атайды; қозғалыстағы санау жүйесіне қатысты дене қозғалысын салыстырмалы деп атайды. Әлемде бəрі үздіксіз қозғалыста, сондықтан барлық қозғалыстар салыстырмалы, бірақ шартты түрде абсолютті қозғалысты, мысалы, Жерге қатысты қозғалысты елестетуге болады.
Сонымен, денелердің қозғалысы кеңістікте уақыттың өтуімен жүреді. Диалектикалық материализм іліміне сəйкес қозғалыс сияқты кеңістік пен уақыт – материяның бар болу формасының мəні. Классикалық механика кеңістік пен уақыттың бір-бірінен тəуелсіз, абсолютті жəне олардың қасиеттері материяның бөлінуі мен қозғалысына байланысты емес деп санайды.
ХХ ғасырдың басына қарай материя қасиеттері туралы адамдардың танымы едəуір кеңейді, оның нəтижесінде материяның пайда болу нысандары туралы жаңа идеялар туды, ал 1905-1916 жылдары, А. Эйнштейн (1879 - 1955) салыстырмалылық теориясын жасады.
Салыстырмалылық теориясы – кеңістік пен уақыттың заманауи физикалық теориясы; онымен қозғалыс, масса, энергия жəне басқа да ұғымдар байланысты. Салыстырмалылық теориясының негізі вакуумдағы жарық жылдамдығының тұрақты жəне жарық көзінің жылдамдығына байланысты болмауына сəйкес жарық жылдамдығының тұрақтылығы принципі болып табылады. Қазіргі уақытта салыстырмалылық теориясы практикада қолданылатын тəжірибелі фактілердің орасан санымен расталған, кеңістік пен уақыт өзара материяның абсолюттік сипаты бар, санау жүйесіне тəуелді емес бірыңғай кеңістік-уақыттық формасында бекітілген; кеңістік пен уақыт жекелей алғанда санау жүйесіне тəуелді, мысалы, оның қозғалысының жылдамдығына байланысты, салыстырмалы ұғымдар болып табылады.
...