Лекции по "Электротехнике"
Автор: Alimento Play • Сентябрь 8, 2022 • Курс лекций • 1,557 Слов (7 Страниц) • 204 Просмотры
ТАҚЫРЫП - 1. ТҰРАҚТЫ ТОКТАҒЫ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ
ТАПСЫРМА 1
1. Практикалық сабақ-1
Тақырып бойынша төменде келтірілген есептердің шығару мысалдарын талдап, игеріп, берілген тақырып бойынша есептерді шығару қажет: 2.5, 2.6, 2.7
1. Практикалық сабақ
Электрлік және магниттік тізбектерді сипаттайтын шамалардың арасында келесідей формалды ұқсастық бар:
Электрлік тізбектер | Магниттік тізбектер |
Ток I, А | Ағын Ф, Вб |
ЭҚК Е, В | МҚК F=I⋅W, А |
Кедергі r, Ом | Магниттік кедергі RM, 1/Гн |
Кернеу U, В | Магниттік кернеу UM=H⋅l, А |
Бұндай формальдік түрде аналогиялық теңдеулерге де, тізбектердің күйін сипаттайтын теңдеулерге де қолданылады:
- Кирхгофтың бірінші заңы: Σ I = 0, Σ Ф = 0;
- Кирхгофтың екінші заңы: Σ Ur = Σ Е, Σ UМ = Σ F;
- Ом заңы: Ur = I⋅r, UМ = Ф⋅RM ;
сонымен қатар, соңғы өрнектерде электрлік элементтердің (r) және магниттік элементтердің (RM) статикалық кедергісі қолданылады.
Сызықтық емес элементтердің қасиеттері олардың сипаттамасы арқылы анықталады: электрлік – вольт-амперлік U = f(I), магниттік – вебер-амперлік Ф = f(UM).
Тізбектердің күйін сипаттайтын теңдеулер жүйесі Кирхгоф заңдарының көмегімен құрастырылады. Математика тұрғысынан, бұл – сызықты емес алгебралық теңдеулер болып табылады, оларды шешу үшін әртүрлі жуықтайтын әдістер қолданылады және электрлік тізбектер теориясында олар сызықты емес тізбектерді есептеу әдістері деп атайды.
Ең жиі қолданылатындар:
- Графикалық әдіс;
- Графикалық-аналитикалық әдіс;
- Сандық әдіс.
2.1. СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕР
Сызықтық емес элементтердің қасиеттері олардың вольт-амперлік сипаттамасы арқылы анықталады және электр тізбектерінің анализінде қарастырылған есептерінде берілген деп есептеледі: вольтметрлер мен амперметрлердің көмегімен эксперименттік түрде түсірілген деп есептеледі, немесе каталогтар деректерінің және өндіруші зауыттардың паспорттық деректері арқылы анықталады.
ЕСЕП 2.1. Сурет 2.1,а вольфрам жіптері бар қыздыру лампасының вольт-амперлік сипаттамасы келтірілген, 2.1,б суретте – стабилитронның, ал 2.1,в суретінде – туннельік диодтың вольт-амперлік сипаттамасы келтірілген. Графиктерде көрсетілген нүктелер үшін (құрылғының жұмыс атқарушы нүктелері, тепе-теңдік нүктелері) элементтердің статикалық және дифференциалды кедергілерін анықтаңыз.
Шешілуі
Көрсетілген нүктелер арқылы координаттардың бастапқы нүктесінен қоылысушы (қиыл) және жанама (жанама) сызықтар сызамыз. 2.1,а суреті үшін келесі өрнектер аламыз:
[pic 1]
rстА =[pic 2]=[pic 3]= 30 Ом, rдА =[pic 4]= lim[pic 5]=[pic 6]= 45,5 Ом;
rстВ =[pic 7]=[pic 8]= 83,3 Ом, rдВ =[pic 9]=[pic 10]= 250 Ом;
rстС =[pic 11]=[pic 12]= 156,3 Ом, rдС =[pic 13]=[pic 14]= 385 Ом.
2.1,б суреті үшін келесі өрнектер шығады:
rстА =[pic 15]= 6,25 Ом, rдА =[pic 16]= 0,25 Ом;
...