Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Электротехнике"

Автор:   •  Ноябрь 7, 2019  •  Курс лекций  •  12,253 Слов (50 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 50

№1 Дәріс. Кіріспе

Электромагниттік құбылыстарды зерттеу және оларды өмірде қолдану. «Электротехника» техникалық құрылғыларда жүретін электр және магниттік құбылыстарды зерттеу және қолданумен шұғылданатын ғылым мен техниканың аса маңызды салаларының біріне жатады. Жұмыс істеу принципі жағынан алғанда, электромагниттік құбылыстарды пайдалануға негізделген, техникалық құрылғылар электротехникалық құрылғылар деп аталады. Электротехникалық құрылғылар электр өндіру (генерация), оны қашыктыққа беру және электромагниттік энергияны түрлендіру жүйелерінде қолданылады. Міне, осының бәрі электротехниканың зерттеу объектісі болып табылады.

Электротехникалық құрылғылар тұрмыста (жарықтандыру құралдары, тоңазытқыштар, электр қыздырғыш кұрылғылар), өндірісте (электрленген станоктар, конвейрлер), медицинада (диагностикалық-рентген, томограф және т.б. аппараттарда, медициналық құралдар-лазерлер, тіс дәрігерлерінің бормашиналарында), эскери істе (байланыс тораптарында, командалық пункттерде, аэродромдарда, зымырандардың ұшырылу ғимараттарында; ұшақтардың, кемелердің, сүңгуір қайықтарды электрмен жабдықтауда), көлікте (трамвай, троллейбус, метро, жылжымалы теміржол құраамдарында, автомобильдердің электр жабдықтарында) және байланыста (телефон, телеграф, радиобайланыс) қолданылады.

«Электротехника» пәні техникальщ құрылғылардағы электромагниттік құбылыстарды, электротехникалық құрылғылардың құрылымдарын және оларды өндірісте пайдалану, электромагниттік энергияны қашықтыққа беру және оны қолдану процестерін зерттейді.

Бұл пәннің негізгі міндеті: техникалық құрылғылардағы электромагниттік құбылыстар облысындағы теориялық заңдардың негізін үйрену; әр түрлі бағытта қолданылатын электротехникалық құрылғылармен, олардың сипаттамалармен, энергетикалық көрсеткіштерімен танысу; энергияны өндірістік жолымен алу, электромагниттік энергияны қашықтыққа беру және пайдалану жөнінен қажетті білім алуға мүмкіндік тудырады.

Электротехника пәнінің ең басты қажеттілігінің және маңызды болуының себебі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне қарағанда артықшылығы болып саналады.

Электр энергиясын, іс жүзінде, кез-келген қашықтыққа беруге болады;

электр энергиясын, кез-келген бөлікке, бөлшектеуге де болады (электр қабылдағыштардың қуаты ваттың үлестерінен бастап мыңдаған киловаттқа дейін);

электр энергиясын шығарып алуды, қашыктыққа беруді, таратуды, түлынуды автоматтандыру оңай;

электр энергиясын пайдалануды басқару процесі өте қарапайым (басқару тетігін, ажыратқышты басу және т.б.);

электр энергиясы пайдалану еңбек ету саласында және тұрмыс қызметінде адамдарға толық жағдай жасалатындай мүмкіндік туғызады.

Ресейде ең алғаш электр энергаясын қашықтыққа жеткізу 1874 жылдан басталды. Алғашқыда 200 метр қашықтыққа жеткі-зілген қуат 6 а.к. (ат күші) болса, кейіннен ол қашыктық 1 км-ге жетті.

Электроэнергетиканың одан әрі дамуын электр энергиясын өндірудің динамикасына қарап бағалауға болады (К.І-кестесі).

Баршамызға белгілі энергия жүйелері бірігіп жұмыс істеу үшін электростанциялар біріктірілуі керек.

Кеңес Одағының барлық электр станциялары 95 энергиялық жүйеге біріктіріліп, 11 біріккен энергиялық жүйені (БЭЖ) құрды. Орта Азия мен Шығыстың БЭЖ-і жекеленіп жұмыс жасады, ал БЭЖ-мен параллель жұмыс жасаған 79 энергиялық жүйе КСРО-ның Бірыңғай энергиялық жүйесінің (БЭЖ) құрамына кірді. 1991 ж. басталған КСРО-ның ыдырауы БЭЖ-не Орта Азия мен Шығыстың біріккен энергиялық жүйесін қосу жұмысын жүргі-зуге мүмкіндік бермеді. Канск-Ачинский отын энергетикалық ке-шенінен елдің Европалық бөлігіне жоғары кернеулі (1150 кВ ай-нымалы токпен жэне 1500 кВ түрақты токпен) қуатты электр же-лілерін салу жөніндегі құрлыс жұмыстары да тоқтатылды.[pic 1]

...

Скачать:   txt (137.2 Kb)   pdf (2.2 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 49 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club