Карьерлерді желдету. Желдету тәсілдері
Автор: Динара Басканбаева • Январь 28, 2022 • Реферат • 1,923 Слов (8 Страниц) • 447 Просмотры
13 дәрістің тақырыбы. Карьерлерді желдету. Желдету тәсілдері. Желдеткіш қондырғылары. Қолдану аймағы. Сұлбалары. Конструкциялық бөліктері.
Карьерлерді желдету.
Карьерлерді желдетудің міндеті қозғап ауыстыруға шамалы қысым керек болатын үлкен мөлшерде ауа беру. Бұл жағдайларда ең пәрмендісі еркін ағыстармен желдету болып табылады.
Еркін ағыс деп қатаң қабырғалармен шектелмеген және физикалық қасиеттері ағыс затымен бірдей затпен толтырылған кеңістікте таралатын ағысты айтады. Еркін ағыстың өзіне тән ерекшелігі ағыс ұзындығы бойында қозғалыс мөлшерінің сақталуы
[pic 1]
Нақты газдарда бұл теңдік қозғалмалы бөлшектердің үйкелісі болуына байланысты сақталады. Желдеткішпен жасалатын еркін ағыспен желдетудің мәні ағыс осі бойында жылдамдықтың төмендеуі қозғалып келе жатқан ауаның массасының артуымен түсіндірілетінін осы формуланы талдаудың нәтижесі көрсетіп берді. Еркін ауа ағысы желдеткіш өнімділігінен асып түсетін үлкен қашықтықта ауа массасын қозғалысқа түсіре алады, ал бұл нәтижесінде ауа ағымының соңғы кішкене жылдамдығы кезінде зиянды қоспаларды тез сұйылтуға болатынымен түсіндіріледі. Еркін ағыспен желдету кезінде желдеткіштер құбырсыз жұмыс істейді, тек оларда қысқа цилиндрлі немесе конусты жіңішкеретін қысқа құбырлар болады.
Демек карьер кеңістігі құбырлармен ыбырсытылмайды, құрылыс құны азайып, қызмет көрсету жеңілденеді.
Еркін ағыстармен желдету сормалы және айдамалы болуы мүмкін. Сорма желдетуді желдеткіш ластанған атмосферада орнатылған кезде жүргізу ұтымды болады (13.1-сурет).
[pic 2]
13.1-сурет. Ластанған атмосферада орнатылған желдеткіші бар сормалы желдету тәсілі
Бұл кезде Х қашықтықта желдеткіштен шығатын ағысқа ластанған ауа келіп қосылады.
Сорушы желдетудің төменде келтірілген сұлба бойынша (13.2-сурет) пәрменділігі аз болады, себебі шектес 0-0 жазықтық желдеткіштің сорушы тесіктеріне өте жақын орналасқан, бұл депрессиялық шұңқыр жасап жартылай таза ауаны да соруы мүмкін. Қосылатын масса да таза ауа есебінен пайда болуы мүмкін. Карьерлер аз тереңдіктерде зиянды қоспалармен шаңданған кезде сормалы желдеткіштер жұмысының жоғары пәрменділігін сақтау үшін желдеткіш сұғындырмаларына ( насадкаларына) көлбеулік бағыт беру қажет (13.3-сурет).
[pic 3]
13.2-сурет. Аз ластанған кездегі сормалы желдету
[pic 4]
13.3-сурет. Көлбеуленген сұғындырмасы бар желдеткішпен желдету
Айдама желдету 13.4, 13.5 –суреттерде көрсетілген сұлбалар бойынша жүргізілуі мүмкін. Желдеткіштер желдетілетін аймақтан барынша үлкен қашықтыққа (100-150м) алыстатылған кезде пәрменді жұмыс жасайды, себебі зиянды қоспалар таза ауа аймағының газдалған немесе шаңдалған аймақпен жанасу орнында өте қарқынды сұйылады, онда желдету процесі кезінде соңғысы желдеткіштен алыстап отырады .
Желдеткіш жұмысының жоғары пәрменділігін сақтау үшін оны газдалған аймақ соңынан жылжытып отыру керек. Карьерлік желдеткіштер аралықтан басқарылатын өздігінен жүретін болу керек.
[pic 5]
13.4- сурет. Желдеткіш жоғарыда орналасқан кездегі айдама желдету тәсілі
[pic 6]
13.5-сурет. Желдеткіші төменде орнатылатын айдама желдету тәсілі
Жіктелуі. Осьтік желдеткіштер жұмысшы сатылар саны (жұмысшы доңғалақтар саны) бойынша бір сатылы және көп сатылы болып жіктеледі. Біріншілері жергілікті желдету үшін, ал екіншілері басты желдету үшін пайдаланылады. Өнімділігі бір сатылы желдеткішпен бірдей көп сатылы желдеткіштердің жасайтын қысымы үлкен болады. Қазіргі уақыттағы бас желдетудің осьтік желдеткіштерінің сатылар саны екіге тең етіп қабылданады.
...