Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Желдету турлерi

Автор:   •  Октябрь 10, 2018  •  Лекция  •  865 Слов (4 Страниц)  •  985 Просмотры

Страница 1 из 4

ЖЕЛДЕТУ ТҮРЛЕРІ

Желдету жобалау нормасы және құрылғысы «Жылыту, жөлдету және ауаны баптау» ҚНжЕ 4.02-42-2006 бойынша регламенттеленеді.

Желдету – бұл ғимараттағы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауалық, ортаны қамтамасыз ететін табиғи немесе жасанды ретеленетін ауа алмасу.

Ауаны баптау – жабдық ғимараттарда микроклиматтың адамның күн – жайына, технологиялық процестерді жүргізуге жағымды, бағалы заттарды сақтауға қолайлы параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында ауаның барлық немесе жекелей параметрлерін автоматты түрде ұстап отыру.

Бардық өндірістік ғимараттарда зиянды газдармен, булармен, шаңдармен ластанған ауаны ғимараттан жойылуын жүзеге асыратын, сондай – ақ цехтардағы метрологиялық жағдайларды жақсартатын желдету пайдаланады. Өндірістік шаң ғимараттар шаң мөлшерін азайту үшін соратын желдеткішпен жабдықталады. Ғимараттағы шаңның көп мөлшері жарылыс ықтималдығын тудырады. Зауытытың негізгі өндірістік ғимараты соратын жеделткішпен жабдықталады. Ортасы таза, тағайындалуы ортақ ғимараттар, ауаның тазалығы бойынша санитарлық норманы қамтамасыз ету мақсатында ағызып – соратын желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

Ауа баптағыштар ауаны толығымен немесе жартылай баптағыштар болуы мүмкін. Ауаны толығымен баптағышты орнату температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың тұрақтылығын, ауаның қозғалысы мен тазалығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, иондану, озонмен тазарту, иісті жою және басқалары жүзеге асуы мүмкін. Ауаны жартылай баптағыш қондырғысы келтірілген параметрлердің белгілі бір бөлігін ғана ұстап тұрады.

Ғимаратқа таза ауаны беру және ластанған ауаны жою тәсілдері бойынша желдету жүйесі табиғи, жасанды және аралас болып бөлінеді.        

Табиғи ауа алмасудың бір түрі табиғи ұйымдасқан бағытталған желдету түріндегі аэрация болып табылады. Мұндай желдетудің физикалық негізгі жылулық (суық ауаға қарағанда барынша жеңіл жылы ауа жоғары көтеріліп, сыртқа шығарылады, нәтижесінде төменгі жағында төменгі қысым туындайды және сырттағы ауа ішке ұмтылады), сондай – ақ желдік қысым. Аэрацияны, ереже бойынша, егер жұмыстық аймақта ағатын ауадағы шаңдар мен зиянды газдардың концентрациясы рұқсат етілетн шегінің 30%-ынан аспайтын болса, көп мөлшерде жылу бөлінетін цехтарда пайдарланылады.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.

ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖЕЛДЕТУ

Ғимараттар мен құрылымдардағы сыпырынды тастайтын жерлерде жобада қарастырылған клапандар болуы керек. Клапандар үнемі жабық, ақаусыз күйінде және жабылғанда нығыздауы болуы керек.

Қоқыс жинағыштардың камераларының есіктері үнемі құлыппен жабылуы қажет.

Ғимараттар мен жер үстіндегі құрылымдардағы лифтілер мен көтергіштер (өрт сөндіру лифтілерін қоспағанда) өрт шыққан кезде бірінші қабатқа автоматты түрде түсірілуге, ал жерасты имараттарында - жоғарғы қабатқа көтеріліп тоқсыздануға тиіс.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (78.1 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club