Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қаржылық талдауда қолданылатын статистикалық және математикалық әдістері

Автор:   •  Март 13, 2023  •  Реферат  •  1,079 Слов (5 Страниц)  •  197 Просмотры

Страница 1 из 5

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]   

1-тақырып. Қаржылық талдауда қолданылатын статистикалық және математикалық әдістері

Орындаған : Сырымова А.С.

Алматы 2022

        Қаржылық талдау - бұл кейбір басым көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу процесі.

Қаржылық талдау-бұл кәсіпорынның нарықтық құнын арттыру резервтерін анықтау және одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық жағдайын және қаржылық қызметінің негізгі нәтижелерін зерттеу процесі.

Қаржылық талдау менеджерлер мен талдаушылар үшін қызығушылық тудырады, өйткені бұл ұйымның нарықтық құнын арттырудың резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық маңызды басқару шешімдері қаржылық талдау нәтижелерін ескере отырып қабылданады. Кәсіпорынның одан әрі даму стратегиясын әзірлеу оның ағымдағы қаржылық жағдайы туралы ақпаратсыз мүмкін емес. Кәсіпорынның қаржылық талдау ұғымын , кейбір авторлар « өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі , жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы » деп түсіндіреді .

Енді бір ғалымдар « өз қаражаттары есебінен активтерге жіберілген қаражаттарды жабатын , сондай ақ өтелмеген дебиторлык және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндет темелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады » деп жазады .

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша « Қаржылық талдаудың тұрақты болуы бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы » .

В. М. Радионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды былай деп түсіндіреді: « Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы – қаржылық тұрақтылық . Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып , оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу үдерісінің үздіксіздігін қамта масыз ететін , сондай - ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы лық, ресурстық жағдайын сипаттайды  » ..

 В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендер бұл ұғымды былай түсіндіреді : « Қаржылық талдау - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы . Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды .»

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдауына көптеген факторлар әсер етеді , оларды В. М. Радионова және М. А. Федо това келесідей түрлерге жіктейді :

1 ) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы ;

2 ) нәтиженің маңыздылығына байланысты - негізгі және негiзгi емес ;

3 ) құрылымы бойынша - қарапайым және күрделі ;

4 ) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша .

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорын дардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаттары келесілер болуы тиiс деп есептейміз :

1 ) қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзiміндегі өзгерісі ;

2 ) активтер мен олардын калыптасу көздері арасындағы сәйкестігі , оларды пайдаланудағы тиімділікті зерттеу ;

3 ) айналым капиталының көлемін , оның өсуін ( кемуін ) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау ;

4 ) қаржылық - есептік және несие шарттарын сақтау ;

5 ) кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу ;

6 ) ағымдағы активтердің айналымдылық есебі , оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі ;

7 ) баланстың өтімділігін , кәсіпорынның қаржылық тұрақты лығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстыр малы көрсеткіштерін анықтау ;

8 ) кәсіпорын табыстылығын бағалау ;

 9 ) кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін , сон дай - ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару ; 10 ) кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау ;

...

Скачать:   txt (16.1 Kb)   pdf (90.9 Kb)   docx (25.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club