While, Do-While, For цикл операторлары
Автор: aattt29 • Октябрь 30, 2023 • Курсовая работа • 1,926 Слов (8 Страниц) • 153 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «While, Do-While, For цикл операторлары»
6B06306 – «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
мамандығы бойынша
Орындаған: АҚЖ-15 тобының студенті Тлеуғабыл А.А. | ||
Қабылдаған: ф.-м.ғ.к, доцент м.а. Баегизова А.С. |
Астана, 2023
№ 27 нұсқа
Тапсырма: Үш түрлі (While, Do-While, For) цикл операторларын қолданып функцияның мәнін табыңыз:
27. | [pic 1] | 0<x<=0,5 0,5<x<1 x>=1 | x∈[0;8]; Δx=0,1 | y=11,2 |
- Жасалатын проектіні сақтау үшін, жаңа бума құрамыз. Мысалы: Жұмыс столында (Рабочий стол) Zerthanalyq jumys 3 деген бума құрамыз.
- Visual Studio 2017 ортасына кіреміз:
- Проектіні компоненттер арқылы жасау үшін, келесі амалдарды орындаймыз: Файл –> Создать –> Проект.
- Экранның сол жағында Visual C++ белгілеулі болады. Экранның оң жағында CppCLR_WinformsProjekt таңдаймыз. Терезенің астында Имя жолында Проектінің атын жазамыз, мысалы: Lab3. Обзор батырмасын басып, өз бумамызды ашамыз. Мысалы: Жұмыс столында (Рабочий стол) Zerthanalyq jumys 3 деген буманы. Выбор папки деген батырманы басып, содан кейін Ок батырмасын басамыз.
- Форманы ашу үшін, келесі амалдарды жасаймыз: Экранның оң жағында Обозреватель решений терезесі шығады. Егер Обозреватель решений терезесі шықпаса, онда Меню жолында Вид-қа кіріп Обозреватель решений жолын таңдаймыз. Обозреватель решений терезесінде Headerdateien жолының сол жағын шертеміз, содан сон төменгі жағында Form1.h жолын екі рет шертеміз.
- Экранда Form1 терезесі шығады:
- Формаға компоненттерді қою үшін Вид –> Панель элементов таңдаймыз (кейбір уақытта ол экран бетінде тұрады)
- Формаға TabControl компонентін қоямыз. Ол үшін Панель элементов терезесінде TabControl жолында екі рет тышқан батырмасын шертеміз. Формада шыққан TabControl1 компонентін үлкейту үшін, төменгі оң жағынан тартамыз.
- TabControl компоненті Формада бірнеше парақ жасауға арналған. Қойылған TabControl1 компонентінде екі парақ бар: tabPage1 және tabPage2. TabePage3 парағын қосу үшін: tabPage1-ді белгілеп Свойства терезесіндегі TabPages (Коллекция) жолдың оң жағында ... батырмасын басамыз
- Редактор коллекции TabPage терезесі шығады, онда tabePage3 парағын қосу үшін Добавить және Ок батырмаларын басамыз.
*Егер экран бетінде Свойства терезесі жоқ болса, онда келесі амалды жасаймыз: Вид –> Окно свойств.
- TabPage1 парақтын атын өзгерту үшін: tabPage1-ді белгілеп, Свойства терезесіндегі TabPages (Коллекция) жолдың оң жағында ... батырмасын басамыз.
Оң жағындағы Text жолында tabPage1 орнына While деп жазамыз және Enter батырмасын басамыз.
- TabPage2 парақтын атын өзгерту үшін: tabPage2-ні белгілеп, Свойства терезесіндегі TabPages (Коллекция) жолдың оң жағында ... батырмасын басамыз.
Оң жағындағы Text жолында tabPage2 орнына Do_While деп жазамыз және Enter батырмасын басамыз.
- TabPage3 парақтын атын өзгерту үшін: tabPage3-ті белгілеп, Свойства терезесіндегі TabPages (Коллекция) жолдың оң жағында ... батырмасын басамыз.
Оң жағындағы Text жолында tabPage3 орнына For деп жазамыз және Enter батырмасын басамыз.
...