С++ программалау тіліне кіріспе. С++ программалау тілінің құрылымы: тілдің құрамы, алфавиті
Автор: maksatarman1010 • Сентябрь 23, 2021 • Лекция • 2,041 Слов (9 Страниц) • 1,133 Просмотры
1-2-Дәріс. С++ программалау тіліне кіріспе. С++ программалау тілінің құрылымы: тілдің құрамы, алфавиті. С++ тіліндегі бүтін, нақты, символдық айнымалылар.
https://sway.office.com/GcGMGCf09x5DCowC?ref=Link
C тілі 1970-жылдары АҚШ-тың маманы Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды. С тілінің негізінде 1983-жылы С++ тілі жасалып шықты, сол кезден бері тілдің бірнеше нұсқалары пайда болып, ол қазіргі ең көп тараған тілдердің біріне айналды. Бірнеше фирмалар осы тілге арнап компиляторлар жазды, мысалы, Borland International фирмасы 1989 ж. жасаған біріктірілген программалау ортасы TurboC++ жүйесін дүниеге келтірді. Ол DOS ортасында жақсы жұмыс істеді. Ал 1992 ж. жасалған Borland C++ жүйесі Windows ортасында да жұмыс істейтін жақсы компилятор болып табылады.
1. С++ тілінде жазылған программаның құрылымы
Кезкелген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кезкелген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Келесі суретте С программасының жалпы құрылымы көрсетілген.
[pic 1]
Сонымен, С программасы бірнеше функциялардан (main, f1, f2…) құралады және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы қажет.Қарапайым программа функциялардан тұрады.Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.
Енді бір программа мысалын келтірейік:
/* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу */
#include <iostream>
#include <stdio.h> /* енгізу/шығару директивасы */
#include <math.h>/* математикалық функциялар директивасы */
using namespace std;
int main()
{ int a,b,c; /* бүтін айнымалыларды сипаттау */
float p, s; /* нақты айнымалыларды сипаттау */
cout<<"үшбұрыш қабырғаларын енгіз :"<<endl;
cin>>a,b,c;
p=(a+b+c)/2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
cout<<"s="<<s;
return 0;
}
Программада түсініктемелер беру үшін /* және */ таңбалары қолданылады, олардың ішіне қазақ, орыс, ағылшын сөзтіркестерін жазуға болады.
Препроцессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады, stdio.h тіркесі енгізу/шығару операциялары орындалатынын білдіреді. Ал math.hс өзтіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді (3.2-сурет).
[pic 2]
Басты функция main() аргументсіз жазылған, сол себепті жақша ішінде ешнәрсе көрсетілмеген. Ал функция тұлғасы операторлардан (немесе басқа функциялардан) тұруы тиіс. Int түйінді сөзі a,b,c айнымалыларының бүтін мән қабылдайтынын, float түйінді сөзі p, s айнымалыларының нақты мән қабылдайтынын сипаттап тұр.
Келесі жол үшбұрыш қабырғаларын енгізуді талап ететін сөз тіркестерін экранға шығарады, мұндағы \n таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Cin сөзінен басталатын жол a,b,c мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр есептеліп, аудан мәні анықталады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады.
2. Тілдің құрамы
Кез келген табиғи тілдің мәтініндегі төрт негізгі элементті көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Осындай элементтер алгоритмдік тілдерде де болады, мұнда бірақ сөздер – лексемдер (қарапайым конструкциялар) деп, сөз тіркестері – өрнектер деп, ал сөйлемдер – операторлар деп аталады. Лексемдер симолдардан тұрады, өрнектер – лексемдер мен символдардан, ал операторлар – символдардан, өрнектерден және лексемдерден тұрады (3.3 сурет):
- Тілдің алфавиті немесе оның символдары – бұл бөлінбейтін негізгі белгілер, солардан тілдің барлық мәтіндері құрастырылады.[pic 3]
- Лексем – қарапайым конструкция, ол өзіндік мағынасы бар тілдің ең кіші бірлігі.
- Өрнектер белгілі бір мәнді есептеу ережесін береді.
- Оператор белгілі бір әрекеттің аяқталған сипаттамасынан тұрады.
3- сурет. Алгоритмдік тілдің құрамы
...