Логикалық есептерді шығару және қолдану жолдары
Автор: arunaden • Октябрь 22, 2019 • Реферат • 12,611 Слов (51 Страниц) • 2,967 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласы, №Іле ауданы
№31 орта мектеп
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Логикалық есептерді шығару және қолдану жолдары
Бағыты: Жаратылыстану
Секциясы: Математика
Дайындаған: Аденбаева Аружан
Ғылыми жетекші:Р.Б.Қыдырбаева
Алматы- 2019ж
Мазмұны:
І. Кіріспе - -- - - - - -- - - - - -- - -- - -- - -- - - - - -- - -- -- -- -- -- -- - --- -- -- -- 3
ІІ. Негізгі бөлім -- - - - - -- - - -- - -- - - - - -- - -- - -- - - -- - -- - -- -- - - - -- - - 5
1) Логикалық есептерді шешу
2) Логикалық есептерді теңдеу құрып шығару
3)Ұлттық мазмұнды логикалық есептер
4)Қарапайым логикалық есептер
5) Олимпиададағы логикалық есептер
6) Геометриялық логикалық есептерді шешу
7)Қозғалысқа байланысты логикалық есептер
8) Құюға есептер
9) Схема мен кестелер көмегімен шығарылатын есептер
10)Салыстыруға есептер
11) Ықтималдық теориясы
ІІІ. Қорытынды - - - - - - - - - - - - - -- - -- - -- -- - -- - --- -- -- - -- - - - - - - -36
IV.Қолданылған әдебиеттер- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - -- - - - 37
Кіріспе
Логика ескі ғылым. Оның негізін қалаушы біздің эрамызға дейінгі 322 жылдары өмір сүрген ежелгі грек ойшылы Аристотель болып табылады. Логикалық есептердің түрлері өте көп. Соның ішінде ең қарапайымы-жұмбақ. Логикалық есептердің қатары күн санап өсіп келеді. Ол ойды ғана дамытып қоймай, қиын жағдайлардан дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Аристотельдің логикасы тек тұжырымдаудың дұрыс жауабын табуға бағытталса, философ және математик Рене Декорт (1596-1650) логиканы математикалық принциптерге сүйене отырып, дұрыс шешім табуға бағытталады. Ал, неміс ұлы математигі және философы Вильгельм Лейбниц математикалық логиканың негізін қалаушы болып табылады. Ол XVII ғасырда алғаш рет арифметикалық және әріптік-алгебралық есептеулер енгізді. Лейбрниц идеаларын XIX ғасырдың ортасында ұлы математик Джордж Бул жетілдірді. Ол логикалық алгебра жасады. Оның алгебрадан айырмашылығы символдар орнына сан емес сөздер қолданады.
Қазіргі таңда ойдың дамуымен қоғамның дамуы тікелей байланысты. Логика белгілі бір дәрежеде әрбір адамға үнемі қажет. Қоғам негұрлым дамыған сайын логикалық ойлауды соғырлым дамытып отырамыз: Логикалық ойлауы жоғары адам дұрыс шешім қабылдауға, тығырықтан жол табуға бейім болады.
Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байлыныстылығында дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.
Әдебиетпен байланысы көз алдымызда логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіреді. Егер ол шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған жылын, дүниеден өткен жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды логикалық түрде ұштастыра алады.
Мұндай логикалық ойлауды логикалық және математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Логика дегеніміз - спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.[№2, 2016 ж, Алгорифм журналы]
...