Массивтермен жұмыс.Векторлар мен матрицаларды құру.Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
Автор: gauhar_n98 • Апрель 16, 2018 • Реферат • 3,758 Слов (16 Страниц) • 1,885 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ИНЖЕНЕРЛІК» ФАКУЛЬТЕТІ
«АВТОМАТТАНДЫРУ, ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы:
Массивтермен жұмыс.Векторлар мен матрицаларды құру.Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
Тексерген: қауым профессор Тенгаева А.
Орындаған: Барбосынов Бекмырза АиУ219К
Алматы 2018ж
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Массивтермен жұмыс
2.2.Векторлар мен матрицаларды құру
2.3 Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі біздің жаңа ғасырларымызда адам әрекетіңің көптеген обылыстары компьютерді қолданумен байланысты.Бұл машиналар біздің өмірімізге тұтастай енді.Олар зор мүмкіндіктерге ие.Сол арқылы адамзат миын ең қажетті және жауапты мүмкіндіктерден босатты.Компьютерлер өте үлкен мөлшерде ақпаратты өңдеп және сақтай алады.Менің өзіндік жұмысым Matlab жүйесінде жұмыс жасау болғандықтан Matlab жүйесіне көшейік.
Matlab жүйесіне бірінші пікір Нью-Мексико мен Станфорл университетінде 70-жылдардың аяағында жазылған болатын және сызықтық алгебра мен сандық анализды тағайындап үйрету де осыған кірді.
Matlab- ол инженерлік жоғарғы эффекті және ғылыми,математикалық есептеуді жинаған.Ол ғылыми графикалық көрнекілеу мен операциялық айналуды оңай түсінуге арналған.Мұндағы бағдарламалық тапсырмалар мен олардың жауабы нотация түрінде берілуі мүмкін.
Matlab-интерактивті жүйе.Негізгі обьект массив болып табылады.Оған өлшемді көрсетудің қажеті жоқ.Бүл көптеген есептеулік тапсырмаларды шешуге рұқсат береді,ол векторлы-матрицалық тұжырымдармен байланысты және де ол уақытты қысқартады,бағдарламалау және скалярлық тіл тип үшін керек болады.
Matlab – бұл жоғары деңгейлі программалау тілі. Оның құрамында оңай игеруге болатын бірнеше базалық конструкциялар және принциптер бар. Бұл жүйедегі қолданбалы интерфейс өз қатарына көптеген операцияларды және функцияларды, командаларды, батырмаларды қосып алады. Мұнда тағы да екі өлшемді және үш өлшемді графиканың галереясы, яғни олардың функциялары, қасиеттері, құрылымдары туралы айтылады. Барлық функциялары қамтылған, сонымен қатар қосымша қасиеттері қарастырылған. Matlab мүмкіндігі өте кең және жүйенің орындау жылдамдығы өзінің конкуреттерінен салыстыруға келмейді. Бұл жүйенің кез келген білім аумағында қолданылады, атап айтсақ, механикалық бөлшектерді моделдеуде және динамикада, гидродинамикада, аэродинамикада, акустикада, энергетикада қолданылады және т.б. Matlab жүйесінде арнайы электротехникада және радиотехникада, суреттерді өңдеу, нейрондық сетьтердің реализациясында, жаңа білім және техника саласында қолданылады. Мен Matlab ортасында жұмыс істеудің қыр-сырымен танысып, теориялық білімімді практикада қолдана білуге зор мүмкіндік алдым.
Негізгі бөлім
2.1 Массивтермен жұмыс
MATLAB-та барлық деректер жиым түрінде қолданылады. негізінен, əрбір айнымалы жиым түріндегі шама ретінде алынады, мысалы, R=45 жазуы бір элементтен тұратын сан, мəні 45-ке тең R-векторы екендігін білдіреді. Мысалы, 1.2-суреттен Workspace Browser терезесінде берілген а жəне d айнымалыларының 1х1 өлшемімен көрсетілгендігін байқауға болады.
MATLAB-та бір өлшемді (вектор-баған немесе вектор-жол), екі өлшемді (матрица) жəне көпөлшемді жиымдармен де жұмыс істеуге болады. жиымда элементтерді нөмірлеу 1-ден басталады. Жиым өлшемі – бұл əр өлшем бойындағы элементтер саны.
Нөлдік массивтерді құру
Синтаксис:
Y=zeros(n)
Y=zeros(m,n)
Y=zeros(d1,d2,d3…)
Y=zeros(size(A))
Сипатталуы:
Y=zeros(n) – nxn өлшемді нөлдік массивін құру
Y=zeros(m,n) – mxn өлшемді нөлдік массивін құру
Y=zeros(d1,d2,d3…) – d1xd2xd3… өлшемді нөлдік матрица қайтарады
Y=zeros(size(A)) – А өлшемді нөлдік массивті қайтарады
Бірлік массивтерді құру
Синтаксис:
Y=ones(n)
Y=ones(m,n)
Y=ones(d1,d2,d3…)
Y=ones(size(A))
Сипатталуы:
Y=ones(n) – nxn өлшемді бірлік матрицасын құру
Y=ones(m,n) – mxn өлшемді бірлік матрицасын құру
...