Web-жобалау. HTML, CSS каскадты кестелер стилі
Автор: Мира Омарова • Май 4, 2022 • Лабораторная работа • 1,355 Слов (6 Страниц) • 988 Просмотры
«МЕНЕДЖМЕНТ БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЛІМ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
«ИНФОРМАТИКА» пәні бойынша сабақтың дәйектемесі
Оқытушы: Омарова М.Т.
Сабақтың тақырыбы: Web-жобалау. HTML, CSS каскадты кестелер стилі.
Бөлім: Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру.
- ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:
Мамандық: 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
Сабақ өтетін топ: ПОб-11
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы, бұрынғы алған білімдерін жалпылау
және бекіту сабағы.
- САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Сабақтың мақсаты: HTML, CSS каскадты кестелер стилі туралы мағлұматтар бере отырып,
HTML тегтерін және CSS каскадты кестелер стилін қолдана білуге үйрету.
Сабақтың мақсаттары
БАРЛЫҒЫ: HTML тілінің және CSS каскадты стильдер кестесінің негізгі ұғымдарын
біледі;
КӨПШІЛІГІ: Web-құжаттың сыртқы бейнесін басқару тегтарын, мәтінді пішімдеуге
арналған тегтарды, CSS селекторларының құрылымын біледі.
КЕЙБІРЕУЛЕРІ: CSS каскадты стильдер кестесін HTML құжатына қосу тәсілдерін біледі.
Тілдік мақсаттар: Пәндік лексика және терминология.
- Сабақ барысында студенттер меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі
Алдыңғы білімдері: 3D жобалау, 3D панорама, виртуалды тур.
ИТК қолдану машықтары HTML құжаттарымен жұмыс жасау.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі
- САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҒЫ:
- Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
- Исабаева Д. Н. Информатика 10 – Алматы: Атамұра, 2019. – 304б.
- Будилов В.А. Практические занятия по HTML. Краткий курс Наука и техника, 2001.
- Техникалық құрал-жабдықтар, материалдар
Дербес компьютер, проектор, үй тапсырмасын тексеруге арналған Delphi ортасында дайындалған жоба, презентация «Сиқырлы шаршы», үлестірме материалдары, «WEB технологиясы» пәнінен электронды оқулық, слайдтар.
- САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, үй тапсырмасын тексеру, сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
Жаңа материалды жеткізу.
Вeб-сайт – бұл әлемнің кішкентай моделі. Web-сайт жасаумен кәсіби тұрғыдан веб-бағдарламалаушылар, веб-дизайнер, IT-мамандар айналысады. Бүгінгі таңда кез келген компьютер пайдаланушы қарапайым сайт жасуға арналған дайын шаблондар көмегімен интернетте өз сайтын жасай алады. Web-сайтты жобалау кезінде сайттың көлемі, функционалдығы және т.б.с.с. жоспарлай білу керек.
Жобалауда сайттың мағынасын, мақсаттарын, оның көмегімен шешуге болатын тапсырмаларды , ол арналған аудиторияны ойластырып алу керек. Дұрыс, нақты қойылған мақсат сіздің сайтыңызды эффективті құралға айналдырады.
Сонымен, Web –беттерді қандай бағдарламалар көмегімен жасауға болады?
Жауап: WordPress, Mobirise, Dreamweaver, HTML- Adobe редакторы, FrontPage, Notepad++, Brackets, WebSite X5, Komodo Edit, Muse бағдарламалары қолданылады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Web-жобалау. HTML, CSS каскадты кестелер стилі». Дәптерлерімізді ашып бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз. Сабағымыз келесідей жоспар бойынша өтеді (слайд-1):
[pic 1]
1. HTML тілінің негізімен таныстыру.
HTML және CSS - веб-сайтты құрудың екі негізгі блогы.
HTML дегеніміз - ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді. Осы тіл арқылы сайттың беттері жазылады.
Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған. HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған. Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум - құрылым ашқан. Ол W3C(World Wide Web Consortium) деп аталады.
...