Python программалау тілінің негіздері
Автор: isko.isko.3 • Октябрь 18, 2018 • Реферат • 8,592 Слов (35 Страниц) • 13,652 Просмотры
Информатика кафедрасы
«Python программалау тілінің негіздері» пәнінен практикалық және зертханалықжұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Алғы сөз
Курс мақсаты - Python тілінде қосымшалар құрудың әдістерін және программалау әдістерін меңгеру, құрылымы мен моделдерін оқыту, логикалық ойларын дамыту. .
Пәнді оқыту міндеттері:
Python программалау тілінің құрылымымен таныстыру;
- Python тілінде программалау түсініктерін қалыптастыру.
- Кәсіптік қызметінде құрылымдық және ОБП программалаудың принциптерін қолдануды меңгеру;
- Python тілінде қосымшалар құру технологияларын меңгерту.
Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент :
Білу. Python бағдарламалау тілінің алфавит, синтаксис және семантикасы; Python бағдарламалау тілінің инструментальды құралдарымен жұмыс істеу; мәліметтер құрылымын берудің негізгі принциптері мен әдістері; құрылымдық программалау тілі мен объекті бағдарланған программалау тілдерінің негізгі ұғымдарын білу; алгоритмдеу тәсілдері және программаны компьютерде орындаудың негізгі кезеңдері. .
Үйрену. Қойылған есеп мақсатын анықтау; программалау тілінде бағдарламаны құру, тестілеу және интегралды ортада өңдеу.
Меңгеру. Нақты есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құра білу дағдысы; құрылымдық программалау тілі мен объекті бағдарланған программалау әдістерін қолдану.
Негізгі әдебиеттер
1. Языки программирования [Электронный ресурс]– Москва: Интернет университет информационных технологий: Новый диск, 2006.
2. Сузи Р. А. Язык программирования Python: учеб. Пособие/ Р. А. Сузи. – Москва: БИНОМ. Лаборатория знаний: Интернет-Университет Информационных Технологий, 2006. 326 с.
3.Прохоренок Н. А. Python 3 и PyQt. Разработка приложений Спб: BHV, 2012 г. 704 стр.[pic 1]
Қосымша әдебиеттер
- Д.М.Бизли, Г. ванРоссум. Язык программирования Python.Справочник. (пер. с англ.) Киев: «ДиаСофт», 2000.
- . М.Лутц. Программирование на Python. (пер. с англ.) СПб.: «Символ- Плюс», 2002.
- М. Саммерфилд. Программирование на Python . Подробное руководствопер. с англ.) СПб.: «Символ-Плюс», 2009.
Зертханалық жұмыс №1
IDLE ортасы. Программа құрылымы және орындау
Мақсаты: IDLE интегралды ортасы , негізгі командалары, программа құрылымы және Math класымен танысу .
Негізгі ұғымдар. IDLE ортасы, негізгі командалар, жаңа программа құру, сақтау, орындау , программа құрылымы.
Программаны іске қосу үшін \\Негізгі меню\\Программалар \\Python 3.4\IDLE (Python GUI) командаларын орындаймыз. IDLE ортасының интерфейсі 1 суретте көрсетілген.
[pic 2]
- сурет. IDLE ортасы
Жаңа программа құру үшін \File\New fileкомандаларын орындаймыз. Программа мәтіні ашылған терезеде теріледі. Программаны ашу үшін \\File\\Open командалары орындалады. Программаны сақтау үшін \\File\\Save командаларын орындаймыз. Қосымша орындалу үшін \\Run\Run Module командаларын немесе F5 клавишін таңдаймыз
Бекіту мысалы. Үшбұрыштың әр қабырғаларының ұзындықтары берілген.Үшбұрыштың периметрін және Герон формуласы бойынша ауданын есептеңіз.
Бер.: a,b,c:N;
Табу керек: P- ? S-?
Программа коды:
# -*- coding: utf-8 -*-
import math
# Їшбўрыш ќабырєаларын енгізіѕіз--
a=int(input( ))
b=int(input( ))
c=int(input( ))
p=int(a+b+c)
pr=float((a+b+c)/2)
print('Їшбўрыш периметрі p=',p)
s=math.sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c))
print('Їшбўрыш ауданы s=',s)
Программаның орындалу интерфейсі 2 суретте көрсетілген.
[pic 3]
2 сурет. Есептеу нәтижесі
Бақылау сұрақтары
- IDLE интегралды ортасының негізгі командаларын атаңыз.
- Math класында анықталатын негізгі математикалық функциялардың жазылу ережесі қандай?
- Мәліметтерді енгізуге және шығаруға қандай операторлар қолданылады?
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- Нақты x,yсандары берілген.Функцияның мәнін есептейтін программа құр, мұндағы fn=x2 +|x+y|;
- Зат салмағы граммен берілген. Салмақты тоннамен, килограммен анықтаңыз.
- Информация көлемі байтпен берілген. Өлшемді килобайтқа, мегабайтқа аударыңыз.
- Нақты x,yсандары берілген.Функцияның мәнін есептейтін программа құр, мұндағы Z=1/(XY) , X және Y 0-ге тең емес.
- x және y айнымалыларының кез келген мәндері үшін келесі функцияның мәнін есептеу программасын құрыңыз: z=x3-2,5xy+1,78x2-2,5y+1.
- ax+b=0 (a[pic 4]0) сызықтық теңдеуінің шешу программасын құрыңыз.
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген.Периметрін табыңыз.
- Екі бүтін сан берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз.
- Екі сан берілген. Олардың модульдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табыңыз.
- Төртбұрыштың қабырғалары берілген. Оның периметрін және диагональ ұзындығын табыңыз.
- Жазықтықтағы екі нүктенің координаттары белгілі. Олардың ара қашықтығын табу программасын құрыңыз.
- Үшбұрыштың төбелерінің координаттары берілген. Үшбұрыштың периметрін және ауданың табыңыз.
- а нақты саны берілген. Тек көбейту амалын қолданып а6мәнін үш операцияда алу керек.
- а нақты саны берілген. Тек көбейту амалын қолданып а3 жәнеа10 мәндерін төрт операцияда алу керек.
- Екі орынды сан берілген. Оның ондықтарының санын табыңыз.
Зертханалық жұмыс №2
Мәліметтер типі. Айнымалылар. Бүтін, нақты сандар, жолдар
...