3d max бағдарламасына кіріспе
Автор: Macsat • Июнь 5, 2023 • Контрольная работа • 453 Слов (2 Страниц) • 146 Просмотры
Дәріс №1
Тақырыбы: 3d max бағдарламасына кіріспе
Жоспар:
- 3d max программасының мүмкіндіктері
- Мах программасының негізгі қолдану облысы
- 3D Max программасының шығу тарихы
Кілттік сөздер: 3d max, қолдану облысы, үшөлшемді дене.
3d max программасының мүмкіндіктері
3d max программасы – қазіргі таңда күн санап дамып келе жатқан ең үздік программалардың бірі. Бұл программаның атқаратын қызметтері аса зор, ал мүмкіндіктері өте ауқымды деп айтуға болады. 3d max үш өлшемді компьютерлік графика программаларының тобына кіреді, немесе оны 3d – графика (3 dimensional – үш өлшемді) деп те атайды. Сонымен қатар, осы программаның көмегімен жекелеген суреттерді синтездеуге және нақты немесе ойдан шығарылған өмірдегі суреттік қойылымдарды ықшамдап көрсетіп, осындай суреттік кадрлар тізбегін анимация деп аталатын объекттің қозғалысы түрінде байқауға болады.
3d max сияқты аса күрделі программамен танысуды, оның жекеленген кескіндер мен анимацияны жасауға арналған мүмкіндіктерінен бастайық. Олар мыналар:
- Сфера, цилиндр және тікбұрышты параллелипипед сияқты ең қарапайым геометриялық фигуралардан бастап, жануарлардың денесі, ағаштар сияқты күрделі денелерге дейін кезкелген үш өлшемді объекттің пішінін модельдеуге болады.
- Жылтырату, мөлдірету, жарқылдату, шушылдату немесе көпдәрежелі шағылысу құбылысы мен жарық сәулесінің құйылуы, түтін немесе тұман тәрізді ауалық құбылыстар және қар, жаңбыр, от тәрізді табиғи құбылыстар сияқты, объект материалының физикалық қасиеттерін ұқсатып жасауға болады.
- Үшөлшемді көріністің жарықтануын кезкелген жағдайда өзгертуге болады. Осыған қоса моделденген объекттің көлеңкесін нақты фотографиялық фонға түсіп тұрғанын көрсетуге болады.
- Объекттің кез–келген параметрін анимациялауға болады: олардың пішінін, өлшемдерін, кеңістіктегі жағдайын, түсін, материалдың қасиетін және тағы басқалары.
- Қозғалыстың кезкелген түрін өзгертудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін орын ауыстыруды басқарудың әртүрлі әдістерін жүзеге асыруға болады немесе объекттің анимациалану процессінде қасиетін өзгертуге болады.
- Объекттердің иерархиялық байланысқан тізбегін жасауға және оларды бір объекттің қозғалысы сәйкесінше тізбектің қалған объекттерінің орын ауыстыруына алып келетіндей тура және кері анимациялауға болады.
- Біртіндеп, пішіні мен сыртқы келбеті ерекшеленіп тұратын бір объекттің басқа объектке айналуын моделдеу (морфинг).
- Қозғалыстағы объекттің динамикалық қасиеттерін моделдеу, яғни, тартылыс күші, кері итерілу, тығыздық немесе желді есепке ала отырып моделдеу.
- Фото немесе видеокамера объекттерінің айқындылық тереңділігі немесе линзаның шағылысуы сияқты қасиеттерін ықшамдау арқылы синтезделген кескіндерге әртүрлі сүзгілерді қолдануға болады.
Мах программасының негізгі қолдану облысы болып төмендегі салалар табылады:
- Жобалау архитектурасы және ғылыми интерьерлерді конструкциялау;
- Теледидарға арналған жарнамалық және ғылыми роликтерді дайындау;
- Компьютерлік мультипликация және фантастикалық сюжеті бар фильмдерді түсіру;
- Компьютерлік ойындарды өңдеу;
- Кітап және журналдарға арналған илюстрацияларды дайындау;
- Компьютерлік графика көркемдігі және Web – дизайн;
- Соттық – медициналық сараптама.
Әдебиеттер:
1. Аббасов, И.Б. Двухмерное и трехмерное моделирование в 3ds MAX / И.Б. Аббасов. - М.: ДМК, 2012. - 176 c.
2. Пекарев, Л. Архитектурное моделирование в 3ds Max / Л. Пекарев. - СПб.: BHV, 2007. - 256 c.
3. Тозик, В.Т. 3ds Max Трехмерное моделирование и анимация на примерах / В.Т. Тозик. - СПб.: BHV, 2008. - 880 c.
...