Цифрлық технологияларға көшу жаһандық бәсекеге қабілеттілік
Автор: ruslan041188 • Октябрь 5, 2018 • Доклад • 1,627 Слов (7 Страниц) • 923 Просмотры
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА КӨШУ –
ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
ІТ саласы мен цифрлы технологияларды дамытуға Қазақ елі зор күш салатынын Елбасы өзінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жолдауында баяндаған болатын.
2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,- деп нақты болашаққа айқын бағдар берді.
Цифрлық қоғам - адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін цивилизация дамуының заманауи кезеңі.
Жекеменшік және мемлекеттік секторлардың жұмысында ақпарат технологиялардың рөлін кеңейту цифрлық мемлекетке көшудің негізі болып табылады.
Цифрландырудың негізгі катализаторлары болашақтың технологиясы болып табылады. 3D- баспа технологиясы әртүрлі индустрияда: сәулет және құрылыс сияқты дәстүрлі салалардан бастап, әртүрлі тұтыну тауарларын кеңінен қолданылып жатыр. Заттар интернеті электрондық құрылғыларды, мысалы, тұрмыстық құралдарды және үй қауіпсіздігі жүйелерін алыстан басқаруға көмектеседі.
Цифрлық технологияларға көшу экономиканың жаңа салаларының, робот жасау, 3D-принтинг, үлкен мәліметтер және т.с.с. дамуына мүмкіндік береді.
«Бейнеу политехникалық колледжі» Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдар аралығындағы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұтынушылардың сұраныстарын ескере отырып, интерактивті оқыту құрылғыларын жасауды жүзеге асырады.
2013 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласын жетілдіру және дамыту мақсатында колледж басшылығымен, әртүрлі мамандық мамандарынан «BeyneuSoftware» шығармашылық тобы құрылды. Осы шығармашылық топ Қазақстандық стандарт талаптарына сәйкес қондырғылар құрастырып, оның бағдарламасын жасап, қолданысқа енгізді.
Пикассоның «жақсы суретшілер көшіреді» деген сөзін қазіргі заманның IT саласындағы ұлы тұлғалары Стив Джобс пен Билл Гейтс пайдаланған. Бұл әдісті Қытай елі де жақсы пайдаланады: яғни әлемдік брендтерді көшіріп, арзанға сатады. Сондықтан интерактивті оқыту құралдарын жасауда да осы бағытты таңдау тиімдірек. Өйткені қазір девальвацияның кесірінен компьютерлік техникалардың бағасы өсіп кетті. Қарапайым i5 процессорлы ноутбугі доллар арзан кезінде 80-100 мың теңге шамасында бағаланса, қазіргі жағдайда 200 мың теңгеге бір-ақ шықты. Бұл жаңа технологияны меңгеремін деген адамға үлкен тежеу болады [3]. Алысқа бармай-ақ, көршілес Ресей мемлекетінде жасалған жұмыс жағдайындағы макеттердің бағасы 3 миллион тенгеден жоғары.
Ал шығармашылық топтың құрастырған құрылғылары аса көп қаржыны талап етпейді. Сонымен қатар интерактивті оқыту құрылғылары практикалық жұмыстардың басым көпшілігін оқу орнында оқытушылардың бақылауымен орындап шығуға және толық меңгеріп кеткенше бірнеше рет қайталай алуына мүмкіндік береді. Қорытындысында оқу орны мен өндіріс арасы интеграцияланады. Бұл қондырғылар өзіміздің колледжімізде қолданылып, оң нәтижесін беруде. Бұл интерактивті құрылғылардың артықшылығы мемлекеттік тілде жасалғандығы және жұмыстық жағдайда болуында.
...