Операциялық жүйемен жұмыс жасау негіздері
Автор: aruzhan_1511 • Июнь 13, 2022 • Лабораторная работа • 1,354 Слов (6 Страниц) • 236 Просмотры
3-апта тапсырмасы
Операциялық жүйемен жұмыс жасау негіздері
ОЖ басқарудың негізгі объектілері мен әдістері. WINDOWSтың жұмыс үстелі. WINDOWSты басқару, объектілердің белгішелері мен жарлықтары. WINDOWSтың файлдары мен дестелері. WINDOWSтың дестелерін қарау, десте терезесі, терезенің құрылымы. Файлдық құрылымға қолданылатын амалдар. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезелер жүйесі, Жолсерік (Проводник) программасы, оның терезелері мен функциялары. Файлдық құрылыммен жұмыс істеудегі тиімділікті арттыру әдістері.
Бас мәзірді пайдалану. WINDOWSтың қосымшаларын орнату және жою. Қосымша жабдықтар орнату. Жабдықтарды программалық орнату құралдары, жабдықтарды орнату реті (тәртібі).
ФАЙЛ ЖӘНЕ КАТАЛОГ
Көбінде қатты дискте мəліметтерді ұзақ мерзімді сақтау – компьютер міндетінің бірі болып табылады. Олардың сақталуы қалай жүзеге асырылғанын білу маңызды.
Мәліметтер (деректер) дегеніміз – бұл кез келген ақпарат. Мəлімет ретінде мəтінді,-суретті, кестені, видео жəне дыбысты атауға болады. Дискте белгілі бір мəліметтерді сақтау олар əйтеуір бір уақытта қайта қажет болып қалады деген оймен жүзеге асырылады. Бұл мəліметтерді іздеу үшін олардың сақталғандағы атауы жəне орнын білу қажет. Нақты бір мəліметтер сақталған мекенжай жəне диск аумағы атауын сақтау үшін файл ұғымы енгізілген.
Файл дегеніміз — белгілі бір типтегі мəліметтерді сақтауға арналған дисктегі атаулы (деректі) орын.
Файлдардың саны көп болуы жəне олар қатты дисктің əртүрлі жерлерінде болуы мүмкін. Файлдарды реттеу жəне жүйелендіру үшін файлдың ерекше типі – каталог бар. Ол мəліметтері бар файлдар немесе өзге каталогтарға сілтемелер тізімін қамтиды. Егер операциялық жүйеде (ОЖ) каталог ашса, онда сақталған файлдар мен өзге каталогтарды көруге болады. Шындығына келгенде бұл салынған файлдар қатты дисктің əр жерінде болуы мүмкін, бірақ ОЖ оларды бірге көрсетеді.
Сондай-ақ, каталогтарды директория немесе бума деп те жиі атайды.
Сонымен, каталог дегеніміз — бір жағынан бірқатар түсініктерге негізделе пайдаланушы біріктірген файлдар тобы (мысалы, мұрағаттаушы бағдарламалары бар файлдар немесе бір бағдарлама пакетін құрайтын файлдар), ал екінші жағынан файлдар тобы жəне оның құрамдастары туралы жүйелік ақпаратты қамтитын файл.
Каталогта оның құрамына кіретін файлдардың тізімі көрсетіледі жəне файлдар мен олардың сипаттамаларының (ерекшелігі) арасындағы сəйкестігі анықталады.
[pic 1]
1.1-сурет. Файл атрибуты терезесі
[pic 2]
Әртүрлі файл жүйелерінде файлдың атрибуты ретінде əртүрлі сипаттамалар пайдаланылуы мүмкін (1.1-сурет), мысалы, файлды құрушы, файлдың белгісі, файлдың көлемі.
Әрбір файл ОЖ-да каталогта орналасуы керек, ал əрбір каталог (тек бір бірыңғай жағдайды қоспағанда) өзге каталогта болуы керек. Бірыңғай жағдай болып иерархия басталатын түбірлік каталог табылады. Сонымен қатар, бір каталог екіншісіне, ал екіншісі - біріншіге сілтеген жағдайдың болуы мүмкін емес.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕРДЕ АҚПАРАТТАРДЫ САҚТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
[pic 3]
Қажетті файлды табу үшін оның атауы мен оның қайда сақталғанын білу керек (файл бағыты).
Барлық дерлік ОЖ-да файл атауы нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады. Мысалы, task1.doc немесе 1-тапсырма.doc.
Нүктенің сол жағына файлдың атауы жазылады. Нүктеден кейінгі орналасқан файл атауының бөлігі файл кеңейтілімі деп аталады. Әдетте файл атауында латын əріптері мен сандары қолданылады. ОЖ-дың көпшілігінде кеңейтілімнің максималды ұзындығы – үш символ.
...