Локальді есептеу желілері мен компьютерлік желілерді құру принциптері
Автор: eroma9292 • Февраль 26, 2018 • Доклад • 1,616 Слов (7 Страниц) • 3,033 Просмотры
Локальді есептеу желілері мен компьютерлік желілерді құру принциптері
Желі дегеніміз- мәліметтерді өңдейтін және тасымалдайтын қондырғылардан тұратын объектердің жиынтығын айтады. Халықаралық стандарттау ұйымы есептеу желілерін бір-бірімен тәуелсіз қондырғылардың мәліметтерді тасымалдау қатынастары деген тұжырымға келген.
Желіні әрбір тұтынушы пайдаланатын болғандықтан да және белгілі бір аймақты қамтитындықтан олар бірнеше топтарға бөлінеді.
Локальді есептеу желілері (ЛЕЖ), не болмаса, Local Area Network (LAN) деп аталынады. Бұл желі бір-біріне жақын орналасқан ғимараттарда орнатылады. Сонымен қатар ЛЕЖ кішігірім өндіріс орындарында, корпорацияларда жиі қолданатын болғандықтан оларды корпоративті желілер деп те атайды.
Әртүрлі ғимараттарда, қалалар мен мемлекеттерде орналасқан үлестірілген компьютерлік желілер, жаhандық Wide Area Network (WAN) аймақтақ, аралас жаhандық желілер болып бөлінеді. Осыған байланысты жаhандық желілер төрт топқа бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және ұлтаралық.
Үлестірілген желілеріне, мысалы ретінде: Internet, EUNET, Relcom, FIDO келтіруге болады.
Желінің құрамына төмендегі элементтер кіреді:
- желілік компьютерлер (желілік адаптерімен);
- байланыс каналдары (кабельдік, спутниктік, телефондық, сандық, оптикалы талшықтық, радиоканалдар т.б);
- түрлі сигналдарды өзгерткіштер;
- желілік қондырғылар.
Желі туралы екі түсінік бар: коммуникациялық желі мен ақпаратық желі. Коммуникациялық желі болса, мәліметтерді тасымалдау мен оларды өзгертуге арналған. Коммуникациялық желі, физикалық деңгейде қосуға арналған қондырғылардың түрлерімен бөлінеді. Ақпараттық желі мәліметтерді сақтауға арналған және ол ақпараттық жүйеден тұрады. Коммуникациялық желінің негізінде ақпараттық желілер тобы ұйымдатырылады.
Ақпараттық жүйе дегеніміз ол мәліметтермен қамтамасыз ететін және сол ақпараттарды пайдаланатын жүйе.
Компьютерлік желі ақпараттық жүйеден және байланыс каналдарынан тұрады.
Ақпараттық жүйенің құрамына кіретіндер: компьютерлер, программалар, тұтынушылар және мәліметтерді өңдейтін, әрі тасымалдайтын құралдар. Тұтынушының талабын орындайтын ақпараттық жүйені –жұмысшы стансасы (client) деп атаған жөн болар. Жұмысшы стансасының кәдімгі компьютерден айырмашылығы желілік картасының (желілік адаптер) болғандығында.
Желіде мәліметтер арнайы тасымалдау ережесіне сүйене отырып, топ-тобымен тасымалданады. Арнайы ереже дегеніміз мәліметтерді тасымалдауға қажетті хаттамалар тобын айтады.
Хаттама дегеніміз –ол екі, не болмаса, бірнеше қондырғылардың арасындағы мәліметтерді тасымалдау форматтарын қарастыратын ережелер тобы.
Желіні жүктеудің негізгі параметріне трафик (traffic) жатады. Бұл дегеніміз желідегі мәліметтер ағыны.
Желідегі компьютерлер бір бірімен арнайы каналдар арқылы қосылады. Ондай қосу каналдарын топология деп аталатындығы туралы жоғарыда қарастырылған.
Желіні пайдаланудың артықшылығы
Қазіргі кезде жастардан бастап қарттарға дейін компьютердің қажеттігін жақсы біледі.
Сонымен қатар компьютерлік желінің ақпараттар мен мәліметтерді тез арада оқып білуге, қажетті жағдайда олардың көшірмесін алуға болатындығын жақсы меңгерген.
Компьютерлерді бір-біріне қосып және қосымша сыртқы қондырғыларды ортақ етіп пайдаланудың пайдасының бар екендігі белгілі.
Жұмысшы компьютердің көмегімен келесі қондырғыларды ортақ етіп пайдалануға болады: принтерлер; плоттерлер; дискілі жадылар; CD-ROM, DWD-ROM; стримерлер; сканерлер; факс-модемдер.
...