Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лисп тілінде енгізу және шығару операцияларымен жұмыс істейтін программа құру

Автор:   •  Апрель 2, 2018  •  Реферат  •  1,791 Слов (8 Страниц)  •  449 Просмотры

Страница 1 из 8

 

Реферат

Тақырыбы: Лисп тілінде енгізу және шығару операцияларымен жұмыс істейтін программа құру.

Кіріспе

Жасанды интеллект – бұл мақсатты программист емес, қолданушыға ЭЕМ-ді шектеулі түрде қолдана отырып, өз есептерін қоюға және шешуге мүмкіндік беретін аппаратты – программалық құралдарды құру болып табылатын информатиканың бір бағыты. Білімді беру және білімге негізделген жүйелерді құру. Бұл жасанды интеллектің негізгі бағыты. Ол білімді берудің модельдерін құрумен, сарапшы жүйелердің ядросын құрайтын білімдер қорын құрумен байланысты. Ойындар мен шығармашылық. Дәстүрлі түрде жасанды интеллект шашки, шахмат сияқты ойындық интеллектуалды есептерден тұрады. Оның негізінде лабиринттік модель және эвристика жатыр. Жаратылысты тілдер интерфейсін құру және машиналық аудару. Жасанды интеллект зерттеудің танымал тақырыптарының бірі машиналық аудару облысы болды. Бұл облыстағы алғашқы программа – ағылшын тілінен орысшаға аударушы программа.

Лисп тілінің ерекшелігі - жаңа ұғымдар құрудағы тиімділігі. Жаңадан пайда болған программаның объектісі есебінде басқа программалар болуы мүмкін, сырт көзге бұл программалар мәліметтерде ешқандай  ерекшелігі жоқтай көрінеді. Бұл басқа тілдерде жоқ мүмкіндіктерді ашып береді, яғни бұл тілдің көмегімен, сыртқы әсердің  арқасында өзгеріп отыратын программа жасау мүмкіндігі туады. Лисп тілінде машина жады былайша пайдаланылады: егер жаңа ұғымды жадқа орналастыру жағдайы қажет болғанда, машина зердесінен осы ұғымға қанша орын керек болса, сонша беріледі. Мұнда Паскаль тіліндегідей қанша орын қажеттігі алдын - ала дайындалмайды. Керісінше, ұғымды өшірген жағдайда, оның алып тұрған орны бірден босатылады. Лисп тілінің тағы бір ерекшелігі - программаларды машина жадында ұстау тәртібі. Мұнда олар бірінің ішіне  бірі кірген түрінде сақталады. Бұл іздеуге өте оңай және аз орын алады.


Лисп тілі

Лисп тілін ең алғаш рет Джон Маккарти (John McCarty) 1950 жылдың аяғында ұсынған. Ең алғашында бұл тіл  рекурсивттік функциялар теориясына негізделген есептеу үлгісі ретінде қарастырылды.  Өзінің ең бірінші еңбегінде Маккарти  алдына қойған мақсатын былайша бейнелейді: рекурсивттік функциялар теориясына негізделген есептеу үлгісін іске асыратын тіл құру керек. Бұл тіл сандық есептеулер емес, таңбалармен жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар тілдің анық түрде сипатталған синтаксисі мен семантикасы және тіл есептеу үлгісінің толық түрде шығатынын бейнелеп көрсете білуі қажет.  Лисп тілі  Фортран және Кобол тілдері сияқты көне тілдер қатарына жатқанымен ол үнемі өз дамуында программалау тілдерінің алдында келеді Функционалдық және логикалық принциптерін қолдана отырып программалаудың бұл үлгісінің негіздерін басқа тілдер (мыс. SCHEME, ML и FP) пайдаланып отыр.

Лисп тілінің, басқа программалау  тілдерінен негізгі айырмашылығы қатарына мыналар жатады:

  1. Деректерді сипаттайтын негізгі құрылым ретінде тізім  қолданылады;
  2. Бұл тілдегі программалар құрылымы да тізімдік түрде болады;
  3. Тілдегі негізгі орындалатын операциялар, тізімге арналған операциялар.

Лисп тіліндегі деректерді сипаттайтын негізгі блок ретінде таңбалық өрнектер қарастырылады. Қарапайым түрдегі таңбалық өрнектер, әріптен басталатын, құрылымда әріптер мен цифрлар бар Жолдак - атомдардан тұрады. Тілдің ішкі құрылымында атом жады ұяшығымен беріледі. Т-таңбасы жеке атом түрінде беріліп, ол “True”(шын)-константасымен анықталады. Басқа арнайы атом NIL, бір жағынан “FALSE” (өтірік) константасын анықтаса, ал екінші жағынан, бос тізімді анықтайды. Құрамды өрнектер бұтақталған құрылымдарда беріледі. Деректерді сипаттайтын құрылым ретінде тізімдердің жақсы жағына мыналарды жатқызамыз: олар әртүрлі типтегі элементтерді біріктіреді, кез-келген өлшемде (ұзындығы, көлемі) бола алады. Мысалы, Лисп -де мынандай тізім болуы мүмкін:  (“а”(9) ( ) N (? (WOMBAT )) `(А.В) NIL 0.9). Бұл тізімдегі элементтер құрамы әртүрлі: жолдар, әртүрлі форматтағы сандар, атомдар бульдық мәндер, т.б.

...

Скачать:   txt (17.9 Kb)   pdf (336.7 Kb)   docx (54.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club