Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жергілікті және бірлескен ақпараттық жүйелер

Автор:   •  Октябрь 20, 2022  •  Лекция  •  1,208 Слов (5 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 5

Жергілікті және бірлескен ақпараттық жүйелер

Ақпараттық басқару жүйесін (АБЖ), өзара әрекеттесетін элементтердің кешендік жиынын және шешімдер қабылдау және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін ақпараттар жинау, өңдеу, сақтау және ұсынуға арналған олардың байланысының кешенді жүйесін қолданатын, үдерістер жүйесі ретінде сипаттауға болады.   Қазір енді осы және басқа дәрежеде автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қолданылмайтын кәсіпорынды табу мүмкін емес. Ақпараттық жүйе ұйымның бір бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, бар ұйымның жұмысының тиімділігі, көбінесе оның АБЖ тиімді атқарылуына тікелей байланысты болады.

Жергілікті ақпараттық басқару жүйесі — кәсіпорынды басқарудың жекелеген қызметтерін (бухгалтерлік есеп, өткізу,  жабдықтау, дайын өнім есебі, қойма шаруашылығы, автокөлікті басқару, кадрлар есебі, маркетинг және т.б.) жүзеге асыратын қарапайм ақпараттық жүйелер.

Қазіргі уақытта жекелеген қызметтерді автоматтандыру, мысалы, бухгалтерлік есеп немесе дайын өнімді өткізу, көптеген кәсіпорындар үшін өтілген кезең болып есептеледі. Өз қызметін басқаруды автоматтандыру кезінде тек жергілікті ақпарттық жүйелермен ғана шектелетін кәсіпорындар, заманауи жағдайларда бәсекеге қабілетті бола алмайды. Тәжірибе, толық атқарымдық ақпараттық жүйенің міндетті түрде біріктірілген немесе бірлескен болуы қажет екендігін көрсетеді.

Біріктірілген ақпараттық жүйелер, экономикалық нысанмен (фирмамен, кәсіпорынмен, ұйыммен) барлық басқару қызметтерін автоматтандыру үшін арналған. Сонымен бірге фирма немесе корпорация филиалдар, бөлімшелер, кеңселер және т.б. арасындағы аймақтық шашыраңқылықта болуы мүмкін. Корпорация деп иерархиялық құрылымы бар және құрамына  әртүрлі ауқымдағы және қызмет бейініндегі кәсіпорындар кіретін күрделі шаруашылық субъектті атайды.

Біріктірілген ақпараттық жүйелер — салыстырмалы түрде жаңа жүйелер санаты, сондықтан да осы салада қолданылатын технология әлі жеткілікті дамығанн жоқ. Мысалы, кейбір авторлармен «біріктіру» және «корпоративті» терминдерін синонимдер ретінде, басқалары бірлескен ақпараттық жүйелерді, (корпарацияларды) аймақтық ынтымақсыз кәсіпорындарға арналған жүйе ретінде қолданады.

Біріктірілген корпоративтік ақпараттық жүйе (БКАЖ) — кәсіпорынның барлық қызметтерін автоматтандыру үшін қолданылатын және қызметтерді жоспарлаудан бастап өнімдерді өткізуге дейінгі барлық жұмыс кезеңерін қамтитын жүйе. Олар барлық деңгейлерде үдерістерді автоматтандыруға бағытталған және корпоративтік басқаруды қолдау құралдарын иеленген. БКАЖ бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін және кәсіпорын қызметінің сәйкес бағыттарын қолдау қызметтерін орындайтын (жоспарлау, талдау және қаржылық есеп, өндіріс, маркетинг, адами ресурстар және т.б.) бір қатар үлгілерді (қосалқы жүйелер) кіреді. Ақпараттық жүйелердің заманауи нарық жағдайын талдау, дәл осы шаруашылық қызметті басқарудың біріктірілген жүйесіне сұраныстың тұрақты өсу беталысын көрсетеді.

Біріктірілген корпоративтік жүйелерге үлкен ауқымды жүйелерді жатқызуға болады - бір қала бойынша болатын, цех, қойма, дүкендері мен сол немесе басқа дербестілік дәрежесіндегі өзге бөлімшелері бар орташа кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерінен, көрсетілімдік корпорациялардың ақпараттық жүйелеріне дейінгі.

Орташа БКАЖ, корпорацияның бірлескен дерекқорын жүргізу және кез келген шаруашалық қызмет түрлері бойынша шоғырландырылған есепті алу мүмкіндігі сияқты корпоративтік қолдау құралдары бар.

Ірі БКАЖ, атап көрсетілген қралдардан басқа, көп атқарымдық  кәсіпорын топтарын басқару үдерістерін анағұрлым терең қолдау мүмкіндіктерін иеленген. Бірінші кезекте, бұл жерде деректерді интерактивтік аналитикалық өңдеу технологиясы (OLAP — On-line Analytical Processing) қолданылатын, корпоративтік талдау құралдарын атап өткен жөн.

...

Скачать:   txt (18.6 Kb)   pdf (357.2 Kb)   docx (172.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club