Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық қауіпсіздік саласында жетістікке

Автор:   •  Октябрь 2, 2024  •  Доклад  •  298 Слов (2 Страниц)  •  37 Просмотры

Страница 1 из 2

[pic 1]Әр адамның өмірінде жетістіктер мен сәтсіздіктер қатар жүреді. Сәттілікке жету үшін ең алдымен, нақты мақсаттар қою және оларға жету жолында еңбек ету керек. Мотивация — бұл жетістікке жетудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Менің өмірлік жоспарым да осы мотивацияны негізге ала отырып құрылды.

Сәттілікке жету мотивациясы, ең алдымен, сенің өзіңе деген сенімділігің мен үлкен жетістіктерге жету ниетіңмен байланысты. Бұл мотивация сені белгілі бір мақсатқа жету үшін күш береді, белсенді жұмыс істеуге итермелейді. Өз өмірінің жоспарын құра отырып,  болашақтағы табыстарың мен армандарыңа қол жеткізуге бір қадамға жақындайсың. Әр жетістік пен қадам өмірлік жоспардың жүзеге асуының бір бөлігі болып саналады, және әрбір сәттілікке жету әрекеті сенің өзін-өзі дамытуыңа ықпал етеді.

Менің ең басты мақсатым — ақпараттық қауіпсіздік саласында жетістікке жету. Ол үшін мен алдымен білімімді арттырып, жаңа дағдырларды меңгеруді жоспарлап отырмын. Университетте алған білімімді практикалық тәжірибемен күшейтіп, біліміммен дағдырымның дамуымды тоқтатпау үшін түрлі курстар мен семинарларға қатысамын. Бұл мені бәсекеге қабілетті маман етіп қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, менің өмірлік жоспарымда жеке дамуым да маңызды орын алады. Себебі тек бір іспен айналыса берсең ол саған жалығып кетуі мүмкін. Сол үшін өзімді жан-жақты дамыту үшін спортпен шұғылданып, ағылшын тілін оқуға уақыт бөлу жоспарымда бар. Және де арасында демалыс күндері далаға шығып былай айтқанда активный отдых пен разгрузка жасау қажет.

Себебі көп жұмыс жасап арасында демалып тұрмасаң депрессияға түсіп бәрінен жалығып ештеңе істегің келмей қалуың мүмкін, қалай болсада біз робот емес адамбыз және біздің де психикамызға демалыс қажет. Осылайша, менің өмірімнің барлық аспектілерінде тепе-теңдік орнатуға тырысамын.

Сәтсіздіктерден қорықпау, олардан сабақ алу — менің философиям. Әр сәтсіздік мені күшейтеді, тәжірибе береді. Сәтсіздік — бұл тек уақытша кедергі, ал менің мақсаттарыма жетуге деген ұмтылысым ешқащан өшпейді.

Қорытындылай келе, менің өмірлік жоспарым — еңбек ету мен, үздіксіз дамудың және сәтсіздіктерден сабақ алудың нәтижесі. Менің жетістікке жету жолымда мотивациямды жоғалтпай, барлық мүмкіндіктерімді тиімді пайдалану

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (1.9 Mb)   docx (2 Mb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club