Ғимараттар мен имараттардың түрлері
Автор: Zhanerke Smail • Сентябрь 15, 2023 • Лекция • 1,158 Слов (5 Страниц) • 328 Просмотры
1 - дәріс
1 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Азаматтық ғимараттар мен имараттардың түрлері
Ғимарат деп ішкі кеңістігі бар, адам қоғамының талаптарын қанағат етуге арналған жер үстіндегі үйлерді атайды (мәселен тұрғын үйлер , мектептер, театрлар, ауруханалар, зауыт корпустары және с.с.). Ішкі кеңістігі болмайтын жер үстіндегі құрылыстар, және де жер астындағы мен су астындағы құрылыстар инженерлік имараттар деп атлады. Оларға көпірлер, радиомачталар, резервуарлар, метростанциялары жатады. Сәулеттік құралымдар атты пәнде тек ғимараттар ғана қаралады. Инженерлік имараттар арнайы курстарда түсіндіріледі.
Өзінің тағайындалуы бойынша ғимараттар азаматтық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтарға бөлінеді.
Азаматтық ғимараттар адам тұратын үйлерге (тұрғын үйлер, қонақүйлері, жатақханалар) және қоғамдыққа (мектептер, дүкендер, театрлар, спорт кешендері тағы с.с.) бөлінеді. Орналасқан жеріне байланысты азаматтық ғимараттар қалалық немесе ауылдық – селолық типті болуы мүмкін.
Өнеркәсіптік ғимараттар ішінде орындалатын өндірістік үрдісінің сипаттамасы бойынша химиялыққа, металлургиялыққа, машина жасайтындарға, қоймалықтарға бөлінеді.
Ауылшаруашылық ғимараттары ауылшаруашылық өндірісінің әртүрлі саласында қызмет көрсетуге тағайындалады (малшаруашылық фермалары, жылыжайлары, құс фермалары).
Ғимараттың ішкі кеңістігі жеке бөлмелерден (помещениелерден) тұрады. Бөлме дегеніміз ол ғимараттың ішіндегі жан жағынан қоршалған бір тұтас кеңістік. Едендері бір деңгейдегі бөлмелер қабатты (этажды) құрайды. Қабаты бойынша ғимараттар бір қабатты, аз қабатты (1 – 2 қабат), көп қабатты (4 – 9 қабат), көтеріңкі қабатты (повышенной этажности) (10 – 20 қабат) және биіктікті (высотные) (20 қабаттан жоғары) болады. Қабаттың орналасуына байланысты қабаттар жертөлелі (подвальный), цокольді, жерүстіңгі (надземные) және мансардты болуы мүмкін. Егер тереңделуі бөлме биіктігінің жартысынан кем болса, онда қабат цокольді деп аталады, ал егер асатын болса - жертөлелі болады. Жер үсті қабаттарының еден деңгейі ғимараттың жан - жағындағы жердің деңгейінен жоғары орналасады. Мансардты қабат шатр (чердак) аралығында орын алады. Ғимараттың қабаттылығын анықтаған кезде тек жерүсті қабаты ғана есепке алынады. Тереңдетілген қабаттарын есепке алу үшін бірінші қабат еденінің деңгейі жер деңгейінен ең кемі 2 м-ден жоғары болуы керек.
Барлық ғимараттар маңыздығы бойынша төрт класқа бөлінеді. Ғимараттың классы «Құрылыс нормалары мен ережелері»-нің арнайы нұсқаумен белгіленеді. Бірінші класс ғимараттарына ірі қоғамдық ғимараттар, көтеріңкі қабатты (повышенной этажности) тұрғын үйлер, бірегей (уникальный) өнеркәсіптік ғимараттар, 2-ші класқа - көпқабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп мекемесінің негізгі корпустары, жиі салынатын қоғамдық ғимараттар, 3- ші класқа - 5 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер, сиымдылығы шамалы қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіп мекемесінің қосалқы ғимараттары және 4 –ші класқа – уақытша ғимараттар жатады. 1-ші класс ғимараттарының ұзақмерзімділігіне, отқа төзімділігіне, комфорттылығына жоғары талаптар қойылады, ал 4-ші класс ғимараттарына – ең минималды талаптар жүктеледі. Ғимараттарды класқа бөлуі жоспарлық және конструктивтік орынды шешімдерін анықтау үшін қажет.
Негізгі құралымдардың материалдары бойынша ғимараттар ағашты, металды, темірбетонды, тасты болып бөлінеді. Ғимараттар конструктивтік сұлбасы бойынша да жіктеледі.
Бақылау сұрақтары
- Ғимарат деп нені атайды?
- Инженерлік имараттар нені атайды?
- Өзінің тағайындалуы бойынша ғимараттар қалай бөлінеді
- Азаматтық ғимараттар қалай бөлінеді бөлінеді?
- Қабаты бойынша ғимараттар қалай аталады?
1.1 Ғимараттарға қойылатын талаптар
Функционалды мақсатқа сәйкестігі (функциональная целесообразность), беріктігі, сәулеттік айқындылығы (архитектурная выразительность), үнемділігі ғимаратқа қойылатын негізгі талаптары болып табылады.
Функционалды мақсатқа өзінің тағайындалуына толығымен сәйкес келуі жатады. Оған көлемдік- жоспарлық шешімдер (бөлмелердің құрамы мен өлшемдері, олардың өзара байланысы) және конструктивтік шешімдері (ғимараттың конструктивтік сұлбасы, негізгі құралымдардың материалдары, әрлеу материалдары) байланысты. Функционалдық тағайындалуына сәйкес ғимараттың әр бөлмесіне қажетті жарықтандыруын қамтамасыз ету, ішкі ауаның температурасы мен ылғалдылығы, бөлмелердің дыбыс оқшаулауы бойынша және басқа талаптар белгіленеді.Бұл талаптар құрылыс физикасында қаралады. Ғимараттарды желдету, жылулықпен, сумен, газбен жабдықтау және басқа инженерлік жабдықтармен, және бөлмелерді әрлеу талаптары ғимаратты көріктендіру (благоустройство) бойынша талаптарына жатады.
...