Шығарылатын өнімнің сипаттамасы
Автор: sammi_ok • Февраль 15, 2018 • Курсовая работа • 4,056 Слов (17 Страниц) • 943 Просмотры
1 Технологиялық бөлім
1.1 Шығарылатын өнімнің сипаттамасы
Шунгизитті малтатас (МемСТ 9757- 03) – құрамындағы жыныстардың айналмалы пеште күйдіру кезінде шунгит түйіршіктерінің ісінуі арқылы алынатын дөңгелек пішінді материал.
Шунгизиттің негізгі мәліметтері:
- керамзитті малтатасқа қолданылатын «байыту» термині түйіршіктерінің тығыздығы бойынша олардың класстарға бөлінуі болып табылады. Түйіршіктері жақсы ісінгенмен байытылған әлдеқайда жеңіл болады, ал әлдеқайда ауыр – азырақ ісінгенмен байытылған, бірақ түйіршіктері әлдеқайда берік. Шунгизитті малтатастың үйілмелі тығыздығы бойынша маркасы – М500;
- шунгизитті малтатастың беркітік бойынша маркасы оның көлемдік үйілмелі тығыздығы бойынша маркасына тәуелді болады да, келтірілген 1-ші кесте бойынша сай болу тиіс.
1 кесте – Шунгизиттің беріктік бойынша маркасы
Көлемдік үйілмелі масса бойынша марка | Беріктік бойынша марка |
300 400 500 | Б25 Б35 Б50 |
Жасанды кеуекті толтырғыштардың аязға төзімділік қасиеттері стандарттар талаптарына сай. Пайдалданудың ауыр шарттарына тағайындалған жеңіл бетондардың толтырғыштары аязға төзімділік бойынша талаптарын кейде қанағаттандырбайды, сондықтан да оны ұқыпты түрде зерттейді.
Шунгизитті малтатас аязға төзімді болу керек және сынау кезінде кем дегенде 15 циклден өту керек. Сол кезде сынама массасында жоғалтулар 8%-дан артық емес болу керек;
- Шунгизитті малтатастың құрамында қайнау кезінде массадағы 4% жоғалтуларды тудыратын әктас және басқа зиянды қосылыстар болмау керек;
- Толтырғыштың сусіңіргіштігі құрғақ материалдың массасынан пайыздық мөлшерде білдіріледі. Кеуекті толтырғыштардың кейбір түрлеріне бұл көрсеткіш тұрақтандырылады. Бірақ та толтырғыштың құрылымдық ерекшеліктері туралы көрнекі көзқарас көлемдік сусіңіргіштік көрсеткішін береді. Көбінде түйіршіктердің сусіңіргіштік пен беріктік арасында тығыз корреляционды байланыс бар. Кеуекті толтырғыштардың сусіңіргіштігі әлдеқайда жоғары болса, беріктігі соғұрлым төмен. Бұл жағдайда материал құрылымының ақаулары байқалады. Шунгизитті малтатастың сусіңіргіштігі (масса бойынша) 1г ішінде жоғары болмау тиіс: 15% - малтатастың 500 ден 700 ге дейін маркалар үшін;
- шингизитті малтатастың ылғалдылығы масса бойынша 2% астам емес әкелу керек;
- шикізаттің ісіну коэффициенті 5-ке дейін [1].
1.2 Шикізат материалдарының сипаттамасы
Тығыз табиғи тас тау жыныстары – толтырғыштарды өндіруге негізгі шикізат базасы болып саналады.
Шунгизитті өндіру үшін шикізат ретінде шунгитті жыныстар қолданылады. Силикатты минералдың негізінде шунгитті жыныстар құрамында шунгиттің аз көміртікті (5% С дейін) орташа көміртекті (5-25% С) және жоғары көміртекті (25-80% С) болып бөлінеді.
Шунгиттер – пайда болуының құрамы мен құрылымы бойынша ерекше тағайындалған құрамында көміртекті тұратын жыныстар. Олар құрылымы жағынан бір түрлі табиғи композит ретінде кездеседі. Аморфты көміртекті матрицада бірқалыпты орналасқан жоғары дисперсті және кристалды силикат бөлшектерден тұрады. Силикатты бөлшектердің орташа өлшемі – 1 ден 10 мкм дейін [2].
Шунгитті құрылымды кристалды емес, метатұрақты, графиттелмеген, глобулярлы және фуллеренді түрде анықтайды. Бұл құрылымның бас элементі ретінде 10-30 нанометр өлшемді глобула боып саналады.
Глобула баданалы құрылым болып келеді де, қабат арасындағы қашықтық пен фуллеренді түрдегі қатарлығын өзгерте алады. Бұл «құрылымның метатұрақтылық» анықтамасында өзінің көрінісін табады.
Шунгиті көміртегінен басқа кристалды көміртегінің (графит пен алмаз) типтеріне фазалық ауысқанында глобуланың өзіндік құрылымы төзімді. Шунгиттің түсі жартылай металды қара жылтырлаған түсті; 3-3 минералогиялық шкала бойынша қаттылығы 5, экструзивті және сапрлы-битумды құйылған жыныс тобына жатады. Жыныстың отқа төзімділік бойынша (1280°С) жеңіл балқитын тобына жатқызады. Ісінудің тиімді температурасы – шамамен 1250°С. Ісінудің коэффициенті –2,5 тен 10 дейін. Сланцтердің ерекшелігі – бұл ісінудің азырақ интервалы (30°С жуық) [3]. Физикалық – механикалық қасиеттері 2-ші кестеде келтірілген.
...